ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ТИІМДІ ЖОБА

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ТИІМДІ ЖОБА

Жергілікті өзін-өзі басқару – өте сәтті жобалардың бірі. Себебі жоғарыға жалтақтау, ол жақтан бұйрық, тапсырма күту көптеген істерге кедергісін келтірері анық. Әр аудан, әр ауыл басшысы елдің ортасында жүріп, ашық сайлауда жеңіске жетіп, халықтың ықыласына ие болса, ол үлкен мәртебе! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 1 қыркүйектегі Жолдауында орталық мекемелерді оңтайландыру арқылы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін айтарлықтай кеңейту керек екенін айтқан еді. Себебі бұл тәсіл қордаланған мәселелерді өңірлерде, ел ішінде шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару мәселесін көтерген. Мұндай ұйым Астанада былтыр ғана құрылды. Оның құрамында кіл елге танымал тұлғалар топтасқан. Астана қаласының қоғамдық кеңесі өз қызметін 2022 жылғы 11 сәуірде бастады. Кеңестің барынша нақты және мақсатты қызметін орындау үшін 5 комиссия құрылды. Олардың әрқайсысының өз жауапкершілік саласы бар. Қазақстандағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты қоғамның жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту қажеттілігіне байланысты өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді. Азаматтық қоғамды кезең-кезеңімен жандандыру елдің жергілікті қоғамдастығының Конституциялық құқықтардың іске асырылуын дербес бақылау мүмкіндіктеріне ұмтылысын көрсетеді. Бұл өз кезегінде жергілікті өзін-өзі басқаруға Мемлекеттік басқару институттарының ұстанымдары мен халықтың мүдделерін жақындастыруға қамқорлық жасау үшін ресми өкілеттіктер алуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын қараудың өзектілігі мен уақытылығына күмән келтірмейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ұлттық экономика министрлігі Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірлегені белгілі. Онда қамтылған мәселелердің бәрі де демократиялық даму жолына түскен қоғамымыз үшін маңызды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының елді мекендердің тіршілігін сапалы қызметтермен қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстары бекітілген өкілеттіктері мен құралдары болады. Өз кірістерінен түскен қаражат тек ауылдық округті дамытуға және жергілікті қоғамдастық жиынымен келісу бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетімен жұмыс істеудің ерекше тәртібі енгізіледі. Ол бизнес-үдерістерді едәуір оңтайландыруға, бюджеттік бағдарламаларды ірілендіруге мүмкіндік береді, бұл – уақыт пен қаражатты үнемдеудің бір жолы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауында: «Саяси жаңғыру аясында мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуға тиіс. Бүгінде олар жергілікті мемлекеттік басқару әрі жергілікті өзін-өзі басқару институты ретінде гибридті сипатқа ие болып отыр. Сондықтан мәслихаттардың өкілеттігін нақты белгілеу қажет», – деп көрсетті. Бұл, әрине, жүзеге асуы тиіс міндет. Сонда ғана елімізде әділетті қоғам, жаңару мен жаңғыру белең алмақ.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 114
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 167
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 37
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 117
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 113
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 167
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 216
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 221
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 207
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 217
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 222
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11323
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10258
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13503
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12457
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17465