ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ДРЕНАЖДАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНІМ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ДРЕНАЖДАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНІМ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ
​Негізгі табысы агросектор саналатын Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде ағын су бағасын тұрақтандыру, жеңілдетілген жанар жағар май мен минералды тыңайтқыштардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, егістікке қажетті ағын су тапшылығын төмендету үшін каналдарды жөндеуден өткізу, ауыл шаруашылығы өнімі мен сапасын арттыру мақсатында тік дренаждарды іске қосу, елді мекендердегі жерасты суын төмендете отырып көгалдандыру, абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында.
Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында өңір басшысы Ынтымақ ауылдық округіндегі тік дренажды ұңғымаларды қазу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, сапасын көрді. Жалпы Жетісай ауданы бойынша қалпына келтірілетін 210 дренаждың құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қараша айында Мақталы, Қызылқұм, Абай, Ынтымақ, Ш.Ділдабеков және Ж.Ералиев ауылдық округітерінде басталған болатын. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстарды «Киикбай стройсервис» ЖШС мен «АРТ Құрылыс» ЖШС мекемелері жүргізеді.
- Жұмыстың сапасы мен барысын бақылау өзімнің жеке назарымда болады. Өйткені, тік дренаждардың дұрыс жұмыс істеуі – аудан шаруаларының мол өнім алып, табыстарын арттыруға, елді мекендерді көгалдандыруға тікелей әсер етеді. Сондықтан, жауапты істі сеніп тапсырған соң сапасын қатаң бақылауда ұстаған жөн,- деді облыс басшысы.
Айта кетейік, ауданда тік дренаждардың істен шығуының салдарынан жер асты суы өз деңгейінен жоғары көтеріліп, егістік алқаптарда өнімнің сапасы мен көлемі төмендеген. Жауын-шашында судың жерге сіңуі қиындап, тұрғындар үйіргелік жерлеріне бау-бақша егуден қалған.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» есебінен жүзеге асырылып жатқан тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру жобасы келер жылдың желтоқсан айында толықтай іске қосылып, нәтижесінде 37 мың гектардан астам суармалы жерлердің мелоративтік жағдайы жақсаратын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 145
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 143
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 657
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 777
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 690
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8839
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448