ЖЕТІСАЙДАҒЫ ЖҰРТТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ЖҮЙЕЛЕНДІ

ЖЕТІСАЙДАҒЫ ЖҰРТТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ЖҮЙЕЛЕНДІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жұмыс сапарымен барып, мақталы өңірді дамыту бойынша мәжіліс өткізді. Мақталы аймақтың экономикасын көтеру жолдары сараланды. Өңір басшысы аудан әкімі мен орынбасарларына, басқарма басшыларына өз салалары бойынша жұмысты жүйелеуді тапсырды. Ең бірінші кезекте ел мүддесі орындалуы тиіс екенін жеткізді.
– 10 айдың қорытындысы бойынша орындалмаған жұмыстар бар. Назарға алыңыздар. Өнеркәсіп саласында – жаңа кәсіпорындар, жұмыс орындар ашу көзделу керек. Ауыл шаруашылығында – егін шаруашылығын дамыту, оның ішінде, жылыжай салу, тамшылатып суғару әдісін енгізу, ағын суды тиімді пайдаланған жөн. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру жұмыстарын ширатыңыздар. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көрсеткіштері кеміген. Жетісай – Өзбекстанмен шекаралас аудан. Сауда-саттықты, өнеркәсіпті дамытуға толық мүмкіндік бар. Серік Үсенұлы, жалпы инвестиция тарту, өнеркәсіп көлемі бойынша осы жылға бекітілген жоспарларға қол жеткізу үшін тиісті басқармалармен бірлесе отырып, қажетті шараларды қабылдаңыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте аудан әкімі Серік Мамытов барлық сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жетісайдың әлеуетін көтеру бағытында жоспарлар жасалып, жобалар қолға алынғанын мәлімдеді.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов өз баяндамасында Жетісай ауданына жасалған зерделеу жұмыстары нәтижесін жариялады. Көңіл көншітпейтін тұстарын ашып айтып, әрбір сала бойынша көрсеткіштерді жеке-жеке сараптады.
Жиында аудан әкіміне инфрақұрылымды жақсарту, жер саласындағы түйткілдерді шешу, санитарлық тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын жандандыру, кәсіпорындар, жұмыс орындарын ашу, ауданның өзіндік кірісін көбейту жөнінде тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 193
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 186
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 696
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 818
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 732

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8888
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8283
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11511
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9267
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10495