🔰 ЖЕТІТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «ЖУАЛЫМ – ҚҰТ МЕКЕНІМ!» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.

🔰 ЖЕТІТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «ЖУАЛЫМ – ҚҰТ МЕКЕНІМ!» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.

🔹 Жуалы ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай, Жетітөбе ауылдық округінде «Жуалым – құт мекенім!» фестивалі өтті.

 

🔹 Фестивальге аудан орталығынан аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова, аудандық мәслихаттың төрағасы З.Бүрлібаев, «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы С.Жұмашев, Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Қ.Ғалиұлы, халық қалаулысы депутат Қ.Наушабаев қатысты.

 

🔹 Дәстүр бойынша фестиваль көрмелер қатарын таныстырумен шымылдығын ашты. Шыңбұлақ ауылдық клубы «Аяла» би үйірмесінің, «Қуыршақ» театрының, «Алтын ине» қолөнері үйірмесінің жұмыстарымен таныстырды. Қоңыртөбе ауылдық клубы «Шалқыма» би, «Сырлы моншақ» қолөнер үйірмелерімен таныстыруды жалғастырды.

 

🔹 Шыңбұлақ, Кәріқорған, Қоңыртөбе аулының кітапхана қызметкерлері «Жұлдызы жанған - Жуалы» кітап көрмесін жасақтаған. Тағылымы мол мазмұнды М.Ахметтің «Бәйтеректің бұтақтары», М.Құттыбаевтың «Ұлағатты үш ұрпақ» кітаптарының желісін әңгімелеп берді. Ауылдық округтің мақтанышына айналған Сатылғанов Диханбек Жанқоразұлының, Қойбақов Сейітжан Мелдебекұлының өмірдеректері көрмеге көрік қосты. Сонымен қатар, кітаптар инсталляциясын пайдаланып, «Жетітөбе» деген сөзді көрнекі етіп жазып қойған.

 

🔹 «Кимешек» ұлттық байқауынан бас жүлде алған әжелер қонақтарға бауырсақ, қымыздан дәм ұсынып, қонақжайлылық белгісін танытты. Ары қарай, қуыршақ театрының «Бауырсақ» қойылымы тамашаланды. Қойылымда өнер көрсететін қуыршақтар көрмеден орын тапқан. 

 

🔹 Шыңбұлақ аулының «Балдәурен» балабақшасы «Қазақы бұрыш» көрмесінің, Қоңыртөбе аулының Д.Пахомов атындағы орта мектебі қолөнер бұйымдары көрмесінің таныстырылымын жасады.  

 

🔹Ұлттық спорт түрлері де назардан тыс қалмаған. Ауыл балалары шахмат, тоғызқұмалақ, қазақы күрес ойындарымен шұғылдануда. Дене сергектігін, ой зеректігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыратын – спорт.

 

🔹 Жас суретшілер «Жуалы – 95 жыл» тақырыбында сурет салып, армандарын бейнелеуде. Бүлдіршін балақайлар ойын алаңшасында алаңсыз ойнауда. Фестиваль көркі балалар қуанышымен ажарлана түскендей!  

 

🔹 Фестивальге қатысқан қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, тарих қойнауынан сыр шертті. Бүгінгі күнге дейінгі атқарылған игі жұмыстарға алғыстарын білдірді. Ауылдық округтің гүлденіп, әл-ауқатының көтерілгені, тұрғындарға жағдай жасалғаны ерен еңбектің жемісі,- деп бағалады ауыл ақсақалы.

Жуалы ауданы
20.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 237
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 234
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 736
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 859
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 772

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8927
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8323
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11548
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9307
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10535