«Жол картасы» жүзеге асуда

«Жол картасы» жүзеге асуда

Соңғы үш айда «Amanat» партиясының Сайлауалды бағдарламасының «Жол картасы» аясында Жамбыл облысында бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Атап айтқанда, екі медициналық нысан басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындар үшін есігін айқара ашты. Оның әуелгісі, Тараз қаласындағы 200 орындық онкологиялық диспансер болса, екіншісі 250 орынға шақталған Байзақ аудандық емхана.

Сонымен қатар, Қордай және Меркі аудандарында 180 орындық мәдениет үйлері де ашылып, жұмысын бастады.

Бұдан өзге, облыс орталығына жақын орналасқан Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды.

Сайлауалды бағдарламада туризмді дамытуға баса көңіл бөлінген. Осы орайда, Жамбыл ауданында құны 720 миллион теңге болатын «Almaly resort» этнотуристік демалыс орталығы ашылды. Орталықтың ашылуы арқылы 45 адам тұрақты жұмысқа орналасқанын да айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, Тараз қаласында автобус паркіне қосымша 38 дана жаңа автобус сатып алынды. Бұл да партияның сайлаушылар алдында берген уәделерінің бірі болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін «Amanat» партиясы алдағы 5 жылға арналған cайлауалды бағдарламасының Жол картасын бекіткен болатын. Ол ел аймақтарының экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.

Нәтижесінде тұрғын үй және жол инфрақұрылымының өзекті мәселелері шешіліп, медициналық қызмет көрсету, білім беру және басқа да салалардың сапасы жақсарады.

Осылайша, Тәуелсіздіктің төл тартуы әрі туындысы ретінде көшбасшы партия Қазақстанмен бірге жаңғырып, елімізбен бірге қуаттануда. Ол осы жылдары жетекші күшке айналып қана қоймай, әрбір қазақстандықтың мүддесін білдіретін орган рөлін атқарып келеді. Партия елдіктің міндет-мұраттарын қоғамның қажеттіліктерімен қабыстырып, қатар ілгерілетеді.

 

«Aq jol»-Aqparat.
17.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9020
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8416
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11643
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9399
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10626