ЖОЛДАУ – ҚОЛДАУҒА ЛАЙЫҚ

ЖОЛДАУ – ҚОЛДАУҒА ЛАЙЫҚ

Президентіміз  Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауы – қолдауға толық лайық. Себебі елді елеңдеткен әлеуметтік мәселелер алдыңғы орынға шығыпты. Бұл әлемді жаулаған экономикалық құлдырау кезеңінде дәтке қуат, көңілге жұбаныш ұялатады. Ел Президенті Қ.Тоқаев кезекті Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы — күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар. Атап айтсақ, бұл — макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру. 

Сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан, тың тәсілдер қажет екені сөзсіз. Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні — сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру. Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар деп айқындап берді:

1. жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік  капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;

2. бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;

3. сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.

Алғашқы Білім күнімен тұстас келген бұл жолдауды  халық  қалт жібермей кеткені рас. «Көрпеңе қарай көсілу керек» дей отырып, ел экономикасындағы қиыншылықтар мен одан шығудың жолдарын ұсына отырып, салық төңірегінде, инвестиция, кәсіп бастау, мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйелері, мемлекеттік қаржының талан-таражға салынбауы, т.б.келелі мәселеге нақты тапсырмалар берілді. Балабақша, тәрбиешілердің жалақысын көбейту, ұстаздар мәртебесін арттырудағы тапсырмалардың жалғасын табуы да айтылды. Ең басты елге жағымды жаңалықтардың бірі 18 жасқа дейінгі балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан келер жылдан бастап ақша түсуі, сонымен бірге әйелдердің зейнет жасының 61 жас болатындығы (2028 жылға дейін). Бәрекелді дейміз.  «Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ, ұлт мүддесі үшін біріге отырып, әділетті қоғам құруда бірлесе жұмыс жүргізу керек», деген президентті әрине қолдаймыз! Ел басқару ісінде алда бізді тағы да біршама өзгерістер күтуде. 

Анықтап айтсам, Президенттің бастамасымен балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.  Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады. Бұл дегеніңіз жастарды қолдауға, демографияны жаңғыртуға таптырмайтын мүмкіндік. 

Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі бойынша пікірталастар болып жатқаны Президенттің де құлағына жеткен тәрізді. Елдің ынтымағы мен бірлігін басты назарда ұстайтын Президент ол туралы да нақтылап берді. «Нақты айтайын: біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет. Себебі бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек. Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауға тиіс».

Президент Тоқаевтың халыққа жолдауында көші-қон мәселесіне көңіл бөлуі жақсылық нышаны. Өйткені бұл салада түйткілді жайттар жетіп артылады. «Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ, жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды. Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек.  Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады» деуі көп жайттан хабардар екенін аңғартады.

Көпшілік жұрттың көңілінен шығып, жарыса жазып жатқан дүниелерге де назар аударғым келеді. Олар: 

1. Қанды қаңтарға қатысқандарға бір реттік  амнистия жариялады;

2. 2025 жылға дейін 650 ауыл-аймақта медициналық пункттер ашылады;

3. 2025 жылға дейін 1000 мектеп салынады және  үш ауысымдағы мектептер мәселесі шешіледі;

4.  Осы күзде  президент сайлауы өтеді;

5. 2023 жылы, бірінші жарты жылында Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтеді;

6. Жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына  2,5% несиелер беріледі;

7. Ең төменгі жалақы 70 мың теңге;

8.  32 аудандық ауруханалар модернизациядан өтіп, көппрофильді аурухана форматында жұмыс істейді;

9. 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 95% жөндеуден өтеді;

10.  Келер жылдан жас босанған келіндерге 1,5 жасқа дейін жөргек пұл төленеді.

Білім мен ғылым саласы қызметкерлері – біздің де жағдайымыз жылдан-жылға жақсарып келеді. Сондықтан өзіміздің негізгі міндетіміз – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісін әрі қарай жетілдіріп, экономиканың сапалы дамуына ықпал жасауымыз керек. Демек, жолдау бізге жаңа жауапкершіліктер жүктейді.

Негізі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекетіміздің, оның экономикасының даму қарқынын арттыруға арналған жобалардың жүзеге асырылуына үлкен үлес қосып келеді. Экономика және бизнес жоғары мектебі, Экономика  кафедрасы жанынан Кәсіпкерлік және инновациялар орталығы «Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім мен корпоративтік сектордың интеграциясын жетілдіру» жобасы құрылған. Орталықтың негізгі мақсаты – студенттерге, университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамына және бизнес құрылымдарға кәсіпкерлік білім берудің жаңа экожүйесін қалыптастыруда қолдау көрсету, студенттердің инновациялық белсенділігін арттыру және жоғары оқу орындары мен корпоративтік сектор арасындағы ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін пайдалану арқылы олардың барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

Мұның бәрі бізге жолдау жүктемелерін жүзеге асыруға үлкен ықпал етпек. Ендеше факультетіміздің болашақта Қазақстан үздік мамандары үшін жаттығу алаңына айналатынына сеніміміз мол.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика кафедрасының э.ғ.к,, доцент м.а. Тураров Д.Р.
03.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 362
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9036
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8432
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11660
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9415
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10641