Жуалы тұрғындарының тұрмысы тіктелген

Жуалы тұрғындарының  тұрмысы тіктелген

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында Жуалы ауданының Ақтөбе ауылдық округінде де аз шаруа атқарылмады. Аталған жоба аясында округ аумағында нендей жұмыстар атқарылғанына бір көз жүгіртіп, саралап көрсек. 

Жалпы, аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаның 5 бағыты бойынша Ақтөбе ауылдық округінің 194 тұрғыны 579 599 мың теңгенің несиесіне қол жеткізіпті.

1-бағыт – үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағытына тоқталсақ, пилоттық ауылдық округте 68 гектар жері бар, сәйкесінше 444 аулаға жоспарға сәйкес дәнді-дақылдар, көкөніс түрлері егілген. Бұны 2019 жылмен салыстырсақ, 23 гектарға (142 аула) ұлғайған екен.

Кооператив үй іргесіндегі 220 аулаға жерін жырту қызметтері үшін аулалармен келісімшартын жасай отырып, 440 000 теңгеге техникамен қызмет көрсетті. 

Үй іргесінен жиналған өнім 1317 тоннаны құрапты. Жиналған өнімнің 395,1 тоннасы ішкі тұтынуға жұмсалса, 921,9 тоннасы сатылымға шығарылған. Жиналған өнімнің барлығын ауыл тұрғындары кооператив арқылы сатқан. 

2-бағыт – мал шаруашылығын дамыту және мал сатып алу бойынша – пилоттық округте 2347 мал басын сатып алуға 191 ауыл тұрғыны 559 139 мың теңгеге несиемен қаржыландырылып, 2347 бас мал сатып алынған. Бұл жоспар 100 пайызға орындалыпты. Барлық мал басы бірдейлендіру дерекқорында тіркелген.

Жалпы, 2020 жылдың қорытындысына сәйкес, пилоттық округте 363 тонна ет, 254,8 тонна сүт өндірілген.

2019 жылдың 1 желтоқсанына Ақтөбе ауылдық округінде барлығы 13718 мал басы тіркелінсе, 2020 жылы 16065 басқа (85 пайызға) ұлғайған.

Округ бойынша ет өндірісі 2020 жылыдың қорытындысы бойынша 909 тоннаны құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,5 пайызға өсіп отыр. Сүт өндірісі де көңілден шығып отыр, 254 тоннаға (86,6 пайызға) ұлғайды.

3-бағыт – тұрғындардың ауыл сыртындағы жерін тиімді пайдалануға келсек, мұнда да жақсы жаңалықтар баршылық. Айталық,  ауыл сыртындағы жерге егілген егіс көлемі жоспарға сәйкес 1423 гектар жер шаруа қожалықтарымен бірігу арқылы егілді. 

«Атамекен Бастау» АШК-і 1 шаруа қожалықтың 143 гектар жерін жыртуға 2073,5 мың теңгеге техникамен қызмет көрсетті. 

Ауыл сыртынан 1955 тонна өнім жиналды. Жиналған өнімнің барлығы кооператив мүшелеріне және ауыл тұрғындарына сатылуда. Сатылу бағасына келсек, арпаның келісі – 65, көпжылдық шөптің 1 түгі – 450, жүгері 1175 теңгеден өткерілуде. Бүгінгі күнге 1086 тоннасы сатылып, 67 590 мың теңгеге саудаланған.

4-бағыт – кооперативтерді жабдықтау және құру бағыты бойынша 19 дана ауылшаруашылығы техникалары лизинг жүйесімен сатып алуға жергілікті бюджеттен 93 860 мың теңгеге 5 пайызбен несиелендірілді. Алынған 19 дана техникаларға республикалық бюджеттен (25 пайыз) 19 845 мың теңге, жергілікті бюджеттен (25 пайыз) 19 845 мың теңге инвестициялық субсидия төленді. 

Кооперативте мүше болып 207 адам тіркелген. Кооператив мүшелерінің пай үлесіндегі жерлер шаруа қожалық атына тіркеліп, игерілуде. 

«Атамекен Бастау» АШК-і «Жаңаталап» шаруа қожалығымен екі жақты жасалған келісім-шартқа сәйкес, ауылшаруашылық техникалары, үй іргесінен және ауыл сыртынан жиналған өнімдері, шаруа қожалығының жеке меншік жерінде орналастырылған.

Қазіргі таңда құрылған «Атамекен Бастау» ауылшаруашылығы кооперативіне аудан әкімшілігі тарапынан 10 гектар жер көлемі беріліпті.

– Құрылған кооперативте штаттық кестеге сәйкес тұрақты 5 жұмысшымен еңбек шарты жасалынған. Штаттық кестеден тыс маусымдық 30 адам жұмыс істеуде. 2021 жылы жаңадан тұрақты 5 жұмыс орны ашылуы жоспарланып отыр, – дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Р.Құниязов.

Пилоттық жобаның 5-ші бағыты – округте жеке кәсібін ашуға ауыл тұрғыны Гүлбану Қанатбаева кондитерлік цехы 4 760 мың теңге несиемен қаржыландырылып, өндіріс іске қосылған. 

Р.Құниязовтың айтуынша, бүгінгі күнге цех 2300 келі кондитерлік өнім өндіріп, ауданның, ауылдық округтің сауда орындарына сатылуда. Өндірісте 4 адамға тұрақты жұмыс орын ашылды.

– 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік көмек алатын 87 отбасылардың 26-сы несие алған. Бағыты – мал шаруашылығы. Қазіргі таңда 7 отбасы АӘК алады.

Жоба аясында пилоттық ауылдық округтердегі 444 ауланың 68 гектар жерінен жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін өткеру есебінен 2020 жылы 1 отбасына шаққанда жылдық орташа табыс мөлшері 127 000 теңгені құрады. Сонымен қатар, 2 347 мал басын сатып алған 191 ауыл тұрғындарының жылдық орташа табыс мөлшері 420 000 теңге болды, – дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Р.Құниязов.

Кооператив құрылғалы бері, «Атамекен-Бастау» АШК-нің қабылданған жарлығына сәйкес, басқарушы мүшесі ретінде «Тараз» ӘКК» АҚ басқармасының қатысуымен 3 рет жиналыс және пилоттық ауылдық округтердің АШК-терін дамыту жоспары бойынша кеңес өтккен екен. Оған аудан әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, пилоттық ауылдық округтердің АШК Басқарма төрағалары мен басқарушы директорлары қатысты. Басқарушы мүшесі ретінде «Тараз» ӘКК» АҚ басқармасының қатысуымен техниканың қызмет көрсету тарифі және өндірілген жем-шөптің сату бағасы бекітілген.

2021 жылдың көктемгі мезгілінде картоп – 55, қызанақ – 4, қияр – 4, қырыққабат – 3, таңқурай дақылдары 2 гектарға егілуі жоспарланыпты.

Аталған пилоттық жобаға қосымша 2020 жылы 20 қазанда облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңес отырысының №184 хаттамасымен жеке қосалқы шаруашылықтардың үй іргесіндегі жерлерін жоғары рентабельдік дақылдармен игеру бойынша біраз жұмыс айқындалды. Яғни, «Атамекен-Бастау» АШК алдағы уақытта 20 дана суару жүйесін яғни, 20 аулаға суару жүйесін жүргізу және осыған байланысты аталған суару жүйесін енгізе отырып, әр пилоттық округтерде құлпынай (50 аула, 4 соттықтан кем емес), шие (50 аула, 10 көшеттен кем емес), алмұрт (50 аула, 10 көшеттен кем емес), шабдалы (50 аула, 10 көшеттен кем емес), жүзім (50 аула, 20 көшеттен кем емес) сынды сұранысы жоғары жеміс-жидектерді егу жоспарлануда.

– 2021 жылдың өнімі үшін 150 гектар жерге күздік бидай, 200 гектарға арпа, 328 гектар алқапқа көпжылдық шөп егіліп, 20 гектарға жүгері және 5 гектарға картоп көктем мезгілінде егілмек екен.

Көктемгі егістік дала жұмыстарына АШК-ның ауылшаруашылық техникалары (МТЗ 952, 892, LOVOL-904 тракторлары, соқа, культиватор, тұқым сепкіш, дәрі шашқыш, селитра шашқыш, арық тартқыш, тіркеме 2ПтС-6,5, Т-229 тиегіші) дайын тұр екен.

Тағы бір сөзінде бөлім басшысы алға қойған жоспарлары мен саланы ілгері жылжытуға қатысты ұсыныстарын да айтып қалды. Кеңірек тарқатсақ...

– Ауылшаруашылығы кооперативтеріне ауылшаруашылығы жерлерін басымдықпен беру және сол жерлерді салық төлемдерден 3 жылға дейін босатуды ұсынамыз.

Жаңадан құрылған кооперативтерге салық салу мөлшерін барынша жеңілдетіп немесе салық салудан 3 жылға босатуды (ҚҚС, жер, мүлік және көлік құралдарына арналған салықтан және бақылау-касса машиналарын уақытша қолданбаудан) ұсынамыз. 

Ұсынылып отырған ұсынымдар қала тұрғындарының тағам өнімдеріне деген шығыстарын азайтуға және сонымен бір мезгілде ауыл тұрғындарының кірістерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл әлеуметтік-экономикалық және саяси орнықтылықтың негізі болуы мүмкін, – дейді Жуалы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Р.Құниязов.

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 100
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 111
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 342
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 569
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 516

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9219
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8615
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11841
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9611
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10824