ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ БАҒДАР

 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ БАҒДАР
Биыл Түркістан облысында 120 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Оның 60 %-дан астамы тұрақты жұмыс орындары. Бұл жұмыстар «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында және Ұлттық жобалар мен Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде «Жаңа жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен қамту туралы» облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамасы тыңдалды.
Жұмыспен қамту – басты міндет екенін айтқан облыс әкімі осы жылға бекітілген индикаторлардың мерзімінде толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ Президент тапсырмасымен барлық аудан, қалада ашылатын «Отбасын қолдау орталығының» жұмысын жүйелеуді міндеттеді. Отбасында зардап шеккендер осы орталықпен байланысып, жаңадан ашылып жатқан орталықтардан психологиялық, құқықтық және консультациялық көмек алады.
– Аудан, қала әкімдері Мемлекет басшысының тапсырмасын мерзімінде және сапалы орындауы қажет. Сондықтан шұғыл түрде нақты шаралар қабылдап, орталықтың ашылуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Жұмыспен қамту – басты бағдар. Тұрақты жұмысқа орналастыру жұмыстарын күшейту керек. Қосымша инвестицияларды тарту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етуді, 2021 - 2025 жылдарға арналған Даму жоспарының орындалуы қамтамасыз етілсін, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Тұрғындарды лайықты жұмыспен қамту және әділ төлемақы төлеу – мемлекеттің басты саясатының бірі. Бұл бағытта елімізде бірнеше бағдарлама жүзеге асырылуда. Биыл білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларда жаңадан салынған нысандарға және субсидияланатын жұмыс орындарын аяқтағандарға тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
13.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ІСІНЕ АДАЛ ЖАНДАР...
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 14.01.2025 55
ЖЕТІСАЙДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 37
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 28
 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ БАҒДАР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 114
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 299
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 402
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 294
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 280
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1625
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 2125

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12879
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11757
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14999
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13935
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18960