Астанада Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілетін қалалық ұйымдар қызметкерлері арасында спартакиада болып өтті. Аталмыш жарыс 17-18 мамыр күндері жалауын көтерді.
Іс-шараны қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Сарайшық ауданы әкімдігінің және Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінің қолдауымен Астана әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырды.
«Бүгін біз Жұмысшы мамандықтар жылына арналған арнайы спорттық іс-шараны бастаймыз. Онда достық және салауатты өмір салтын насихаттау идеялары бар. Бұл жай ғана жарыс емес, бұл еңбек адамдарының бірлігін, рухының күші мен мақсатын көрсететін нағыз мереке», – деп атап өтті Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов.
Спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, корпоративтік мәдениетті дамыту, сондай-ақ командалық рухты, адалдықты, ерік-жігерді, табандылық пен жеңіске деген ұмтылысты тәрбиелеу.
Жарысқа 9 команда, қаланың түрлі салалары мен мекемелерінен барлығы 300 қызметкер қатысты.
17 мамыр күні волейбол, армрестлинг және гір спорты бойынша жарыстар өтті. Армрестлинг және гір спорты ерлер арасында үш салмақ дәрежесінде ұйымдастырылды. Волейбол аралас форматта өткізілді, яғни ерлер де, әйелдер де қатысуға мүмкіндік алды.
Ал 18 мамыр күні асық атудан жарыстар, волейболдан финалдық ойындар, әйелдер арасында бес асық, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында бөлек арқан тарту сайыстары өтті. Олардың қорытындысы бойынша қорытынды командалық сынақ шығарылды.
«Мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды деп санаймын, өйткені бұл жыл жұмысшы мамандықтарына арналған. Бұл қызметкерлер күн сайын қаланың игілігі үшін жұмыс істейді, көбінесе назардан тыс қалады. Біз олардың еңбегі еленгенін қалаймыз, сондықтан олар назардан тыс қалмауы керек. Біз әркімнің еңбегін бағалаймыз», – деп атап өтті қала әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу Дирекциясының жоспарлау бөлімінің басшысы Жанбек Көлбай.