Жүрегі тоқтап қалған науқастың өмірін сақтап қалды

Жүрегі тоқтап қалған науқастың өмірін сақтап қалды

«Алғаш рет аймақтың кардиология тарихында облыстық балалар ауруханасы мен кардиология орталығының дәрігерлері балаға кардиостимулятор салды», – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қант диабетімен ауыратын 12 жасар қыз кенеттен есінен танып, балалар ауруханасына жеткізілген. Оған балалар кардиологы Тамилла Маратқызы холтерлік ЭКГ жасаған. Онда науқастың жүрегі 4 секундқа тоқтап қалғаны байқалып, жағдайы қиын деп танылған.

Орталықта науқасқа оң жақ қарыншаға (жүрек ішілік) белсенді фиксациясы бар тұрақты сыртқы кардиостимулятор имплантацияланды. Мамандар Ұлттық ғылыми кардиология орталығының аритмологтарымен шұғыл хабарласып, тұрақты шешім қабылдап әрі қарай санитарлық авиацияның көмегімен ҰҚКО-ға тасымалдаған.

Операцияны аритмолог дәрігер Қ.Ж.Испергенов, ассистент-рентгенохирург А.А.Максимов, реаниматолог Т.Лесулы, кардиолог Ж.М.Оралбекова, балалар кардиологы Т.Маратқызы жасады. Имплантация сәтті өтіп, кардиостимулятор ритмді қалыпқа келтірді. Қазіргі уақытта баланың өміріне қауіп жоқ.

 

Ертай Айғалиұлы
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5050
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5214
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20175
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18819
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22273