Жырлайды Арал перзенті

Жырлайды Арал перзенті

XIX-XX ғасырларда Арал-Қазалы өңірінде дүниеге келіп, бүкіл Сыр бойын дүбірлетіп өткен атақты Нұртуған мектебінің негізін қалаған Бижан, Сары жырау (Жансүгір), Молла Дәулет, Жаңаберген, Жаппарберді, Дәріқұл, Жалғасбай, Үмбетәлі сынды дүлдүл жыраулардың баға жетпес мұраларын  өлтірмей, оның ән-мақамдарын тек нотаға, аудиотаспаға түсіріп қоймай, кітап та шығарды. Оларды орындаушылар көп емес. Солардың бірі ғана емес, бірегейі Мұрат Сыдықұлы Сыдықов ағамның кім екеніне аздап тоқталайық. Мұрат Сыдықов – күйші-композитор, ақын-жырау, актер, жыршы, сценарист, режиссер, табиғи биші, ұлағатты ұстаз, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Арал ауданының Құрметті азаматы. Жоғарыда айтқанымыздай, кешегі Ақтөбе, Арал, Қызылорда аймақтарын дүбірлетіп өткен, төкпе күйдің төресі Қазанғап Тілепбергенұлы мен жауһар жырдың бұлағы  –  Кенжеғұлұлы Нұртуған шайырдың ізбасары. Сегіз емес, сексен қырлы таңғажайып талант иесі.

Мұрат ағаны сыртынан білгенмен, өзімен жүзбе-жүз кездеспедім. Ағамен таныстығымыз ол кісі газетімізге өзінің ақсақал ретінде үндеу өлеңін жібергеннен басталды.  Ұйқасы нық, сөздері мірдің оғындай. «Газетіміздің бірінші бетіне бердік. Міне, содан бері ағамен араласып келемін. Өнері ғажап, кезінде отбасылық ансамбль құрып, Сыр бойын дүбірге бөлеген ерен жүйрік-тұлпар ағамен танысқан сайын шынында да таланты сан қырлы екендігіне көзім жетті. Жақында Мұрат аға өзі, өнері жайлы кеңінен жазған 600 беттік «Жырлайды Арал перзенті» және «Жыр мәйегі мақам» деген кітаптарын поштамен жіберді. Аралдың қасиетті топырағынан жаралып, ол өңірді бүкіл елге танытқан тарлан өнер иесі қазір сексеннің екісінде. Мұндай таланттар көбінесе астанаға ұмтылып, осында тамыр жаюға тырысады ғой. Бірақ Мұрат аға ол жолды таңдамай, елде, Аралда қалған. Аралы үшін, оның пұшайман жағдайына жаны ауырып, одан өнерін де, қаржысын да аямаған абзал азамат. Осындай айдынды өнер иесін құрметтеп, оның атынан Аралда өнер мектебі ашылуы тиіс еді. Әттең, бұл жүзеге аспаған, оны ешкім қолға алмаған! «Ештен кеш жақсы» дейді ғой, біздіңше, бұл көкейтесті мәселе жүзеге асуы тиіс. Аралдың әкім қаралары осы мәселені дереу қолға алса, Мұрат ағамыз көзі тірісінде ол мектепке бар қажыр-қайратын төгетінін бізбен әңгімесінде айтты. Кәнеки, осы мәселені ел болып қолға алып, шәкірттері қолдап жүзеге асырайықшы, ағайын!

 

Сазгер, күйші, ақын-жырау Мұрат Сыдықов туралы белгілі азаматтардың, өнер қайраткерлерінің ыстық лебіздері:

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Қызылорда облысының бұрынғы әкімі:

– Осындай дүлдүлдердің асыл қазыналарымен сусындап өскен, өнерін заманның талабына сай түрлендіріп, рухани әлемді байыта білген Мұрат Сыдықовтың өнердегі өресі биік дарынды тұлға екендігі даусыз. Оның «Аралмен мұңдасу» жыр-толғауы бүкіл адамзат баласын тебірентіп, ой салғаны баршамызға мәлім. Кейін «Сүйінші, Теңіз-анам келе жатыр!» деп жырлап, қалың жұртқа қуаныш сыйлап, бірлікке шақырған, келешекке деген көзқарасын ақиқат құндылығына айналдырған оптимист ақын. Сірә да теңізін туған анасына теңеп жырлаған, теңізбен тағдырлас өнерлі тұлғалар көп бола қоймас. 

Сейілбек Шаухаманов, Мемлекет және қоғам  қайраткері:

–  Мұрат бес жасынан бастап қазақи қасиетіміздің қаймағы, қазақтың бақыты да, байлығы да, абыройы да, атағы да болған, бола беретін киелі өнер жолына түсіп, бұл салада Аралдан табаны талмай 50 жылдың үстінде тер төгіп, өнердің ыстығына күйіп, суығына тоңып, отымен кіріп, күлімен шығып, қызығын да, қиындығын да замандастарымен, әріптестерімен, тағдырластарымен бірге көріп келеді. Ол өнердің барлық саласына құлаш ұрды, тер төкті, барын салды, жанын салды, қазақ өнерінің барлық саласының өсіп-өркендеуіне өзінің лайықты үлесін қосты, қолтаңбасын қалдырды.

Ол Аралда «Шағала», «Толқын» ән-би ансамбльдерін, «Алау» эстрадалық ансамблін, «Алтыбақан» ойын-сауық отауын, ұлт-аспаптар оркестрін, «Сыдықовтар отбасылық ансамблін» құрды. 

Ол – дарынды күйші-композитор, жыршы, ақын, шебер орындаушы, сұңғыла сценарист, білікті режиссер, тамаша актер, табиғи биші, ұлағатты ұстаз. 

Баяғыда бір қыз айтқан екен: «Бұл емшек бұдан артық тас болсын ба?!» деп. Сондай-ақ, біздің замандасымыз Мұрат бұдан артық не істесін, кім болсын? Өнер жолында жүрген бір азаматың осындай-ақ болсын, ағайын!

Ғазиза Ахметқызы Жұбанова, сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор:

–  Мұрат Сыдықовқа консерватория дипломын табанда жазып берер едім. Тек заң, ереже көтермейді. Бұл кісі  –  үлкен өнер иесі.

Роза Бағланова, Халық қаһарманы, қазақтың күміс көмей әншісі:

–  Мұратқа барлық атақты беруге әбден лайық. Өкініштісі  –  осы уақытқа дейін бірде-бір атақ берілмеуі.

Асқар Тоқпанов, қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, Қазақстанның халық әртісі:

–  Мен қатты кісі едім. Алайда Мұрат «Махамбеттің толғауын» ойнап отырғанда, кешегі қайран Махамбет пен Исатайлар шын елестеп, көзімнен еріксіз жас шықты.

Фариза Оңғарсынова, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері:

–  Мұраттың «Теңізбен мұңдасу» атты үлкен шығармасы  –  Арал тағдырының гимні. Өте әсерлі, мәнді туынды.

Шара Жиенқұлова, қазақтың атақты бишісі, әртісі:

–  Ауылда осындай үлкен өнер иесі бар екен-ау... Мұрат, айналайын, талантыңа тәнтімін!

Мыңжасар Маңғытаев, композитор, Қазақстанның халық әртісі:

–  Мұраттың «Махамбеттің толғауы» –  шын мәнінде ерлік символы іспеттес симфониялық туынды.

Еркеғали Рахмадиев, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, кәсіби композитор:

–  Әр істің санынан гөрі сапасы қымбат. Аралдық Сыдықовтар отбасылық ансамблінің құрамы шағын болса да, бір шығармада он шақты музыкалық аспапты пайдаланып, шебер ойнайтын музыканттар екен. Шығармаларының мазмұны, орындау шеберліктері жоғары. Бір қуанарлығы, композиторы да, ақын да, әнші де, жыршы да өздерінде. Осы қасиеттерін ескере отырып, біз  – әділқазылар алқасы, бұл ансамбль I орынға лайық деп шештік. Келесі жылы Мәскеуде өтетін I  халықаралық фольклорлық фестивальға қатысуға жолдама бердік. 

Кеңес Дүйсекеев, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор:

–  Мұрат  – үлкен дәрежедегі композитор. Оның бір ғана «Батыр баба  –  Жанқожа» күйі  –  ұлы шығарма. Бұл күйді бүкіл әлем сахналарында орындауға болады.

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633