132 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

132 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру табылады.

Осы орайда, Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының жүзеге асырылуына талдау жүргізілді.

Атап айтқанда, мемлекеттік орган жойылған (таратылған), қайта ұйымдастырылған, басқару құрылысы өзгерген кезде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына жүргізілген талдаудың нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың тарапынан 7 мемлекеттік қызметшіге қатысты жәрдемақыларды төлеу барысында заңнама талаптары бұзылғандығы анықталды.  

Департаментпен қабылданған ықпал ету шараларының нәтижесінде оларға тиісті өсімпұл сомалары төленіп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру, іссапар шығындарын төлеу және сыйақылар беру барысында заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау қорытындысымен қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 1 645 152 теңгені құрайтын іссапар шығындары төленіп, олардың құқықтары қорғалды.

Қазіргі таңда Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілерге еңбек заңнамасына сәйкес, тиісті өсімпұл сомаларын өтеу бағытында шаралар қабылдануда. 

Бұдан басқа, жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару және қашықтықтан «Е-қызмет» АЖ арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 83 мемлекеттік қызметшіге жалпы 164 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді.

Осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай тұрақты түрде жүргізіліп, заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
29.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 75
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 75
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 222
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 440
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 403

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9098
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8497
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11724
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9490
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10706