2023 жыл – Темірбек Жүргенов жылы

2023 жыл – Темірбек Жүргенов жылы

2023 жыл барлық түркі жұрты үшін айрықша өтпек. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығы әлемдік деңгейде тойланып, бірнеше бағыттағы жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Маңызды шешімдер ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында қабылданды. Халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің қатысуымен өткен жиында түркі әлемінің мәдени астанасының байрағы Түркияның Бурса қаласынан Әзербайжанның Шуша шаһарына ресми түрде табысталды.

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысы Сұлтан Раев: – Түркі әлеміне қатысты бірқатар маңызды шешімдер қабылдадық. Түрікменстанның Аннау шаһары 2024 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Сондай-ақ 2024 жылды Түркімен әдебиетінің классигі, ғұлама философ, ғалым Мақтымқұлы Фрағи жылы деп бекіттік. Бұдан бөлек, халықтарымыздың мәдени материалдық емес мұрасының дәстүрлерін сақтауға бағытталған бірқатар жұмыстарды қолға аламыз. 2023 жыл Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды. Қазақ мәдениетіне, әдебиеті және өнер саласына айтарлықтай үлес қосқан тұлғаның 125 жылдығы бауырлас түркі әлемінде кеңінен тойланатын болды. Сондай-ақ қазақстандық делегацияның өкілдері Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы аясында «KYMYZFEST» фестивалін өткізуді ұсынды. Еңбекті насихаттап, туыстық және достық байланыстарды нығайтуға бағытталған игі шараны тұрақты кеңесте бірауыздан қабылдады, – деді.

Ермек Сахариев
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 359
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6465
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8173
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6544
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6680