58 миллиард қаржы игерілмеген

58 миллиард қаржы игерілмеген

20 маусымда ҚР Парламент Палаталарының бірлескен отырысында 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есебі тыңдалды.

Бұған дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысының биыл да толық игерілмегенін айтқан болатын. Оның айтуынша, атқарылмаған қаржы 65 млрд теңгені құраған. Оның 7 миллиарды – үнемдеу, 58 миллиарды – игерілмеген қаржы. Ал республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Н. Годунова:

– 2015 жылдан бері Ұлттық қордағы қаражат белсенді пайдаланылып келе жатыр. 2019-2020 жыл туралы айтып отырған жоқпыз. Шынымен де, пандемиямен байланысты дағдарысқа қарсы шараларға қаржы қажет болды. Бірақ 2021 жылы жалпы ахуал айтарлықтай жақсарды. Мемлекет басшысының республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатына арқа сүйемеуі керектігі туралы тапсырмасына қарамастан, 2021 жылы 4,5 трлн теңге жұмсалды. Ал бұл кезеңде Ұлттық қорға 4,3 трлн теңге ғана кіріс түскен, – деді.

Ұлттық қорды басқарудың жаңа моделі енгізіле ме?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілетін «Ұлттық қордың активтерін басқару тұжырымдамасы» әзірленеді деп күтілуде. Естеріңізде болса, Ұлттық экономика министрлігі Үкімет Ұлттық қордан екі жолмен – «кепілдендірілген трансферт» және «нысаналы трансферттер» түрінде ақша алып келгенін, 2023 жылдан бастап осы екі арна біршама қысқаратынын мәлімдеген. Сонымен қатар 2024 жылдан бастап, кепілдендірілген трансферт көлемі 2 трлн теңгемен шектеліп, нысаналы трансферттер тек Президент тапсырмасы бойынша ғана бөлінетін болады деп түсіндірген еді.

Жиын барысында Мәжіліс депутаты С.Симонов салықты әкімшілендіру ісіндегі олқылықтар Ұлттық қорға кері әсер етіп жатқанына назар аударды. Оның айтуынша, салықтық әкімшілендірудің әлсіздігінен Ұлттық қорға тәуелділік артқан.

– Бұған дейінгі жылдар сияқты кірістердің үштен бір бөлігінен астамы Ұлттық қордан алынған. Кейінгі үш жылда бұл көрсеткіш жоғары болып тұр, – деді депутат.  

Ал «Ақ жол» демократиялық партия фракциясының депутаты Б.Дүйсенбинов:

– Әділетті Қазақстан туралы айтатын болсақ, салық салуды да әділ негізге қоятын кез келді. Өндіріске берілудің орнына несиенің 60%-ы тұтынуға кетеді (кәсіпорындар үшін 7,7 трлн, жеке тұлғалар үшін 10,7 трлн). Халық табысының бестен бір бөлігі тұтынушылық несиені өтеуге жұмсалады. Ұлттық қордың шығыстары кірістерден асып түсті. Ұлттық қордың 2021 жылға арналған инвестициялық кірісі 2,5 есеге азайып, Қорды басқару шығындары 19 миллиард теңгеге дейін өсті. 2021 жылы Қордан ең көп қаражат алынды: кепілдендірілген трансферт – 2,7 трлн теңге, нысаналы трансферт – 1,8 трлн, нақтылауды қосқанда, тағы 850 млрд теңге. Нәтижесінде бір жылда Қор активтері 9,4 %-ға, яғни 55,3 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды, – деді. 

Шынында да, Үкімет экономиканың құлдырауы кезеңдеріндегі дағдарысқа қарсы бағдарламаларды, ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды, стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін үнемі Ұлттық қордағы қаржыны пайдаланып келді. Тіпті, Ұлттық қор қаржысы банкроттық жағдайдағы банктерге жұмсалып, жетекші банктерге 1 триллион теңгеге жуық көмек қаржы да аударылды. Осының барлығы экономиканы дамытып, салық салынатын базаны қалыптастыратын өндіріс салаларын құрудың орнына, Ұлттық қор қаражатының «босқа желініп кеткенінің» айғағы.

Есеп комитеті бюджетті 3 жыл емес, 1 жылға жоспарлауды ұсынды  

ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджетті жоспарлаудың біржылдық жүйесіне қайта көшуді ұсынды.

– Үшжылдық бюджет деген формалды дүние ғана болып қалғаны баршаға аян. Үшжылдық бюджетті қалыптастырудың өзіне ғана өте көп уақыт кетіп жатыр. Ал нақтылау және түзету кезінде алғашқы бір жылы ғана ескеріледі. Қалған екі жылына мән де бермейміз. Келесі кезеңге бюджет жоспарлаған кезде өткен жолы қолдау тапқан шығыстардың бір бөлігі түсіп қалуы да мүмкін. Салдарынан аяқсыз қалған жобалар, құрылысы бітпей қалған нысандар пайда болады. Біздің ойымызша, біржылдық бюджет жоспарлау жүйесіне оралу мәселесін көтеретін кез келді, – деді комитет басшысы Наталья Годунова.

Бірақ депутаттар бұл мәселеге назар аудармады. Олар тіпті қазынадағы тапшылық пен Ұлттық қор қоржынының ортайғанына да алаңдаушылық танытпады. Былтырғы бюджеттің игерілуі бойынша есепті үш рет талқылап, қаншама сын-ескертпелер айтылса да, есепті бірауыздан мақұлдады. 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8442
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11669
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9432
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10650