Абылай хан туралы ащы шындық

Абылай хан туралы ащы шындық

(Соңы. Басы өткен санда)

https://qazdauiri.kz/news/abylai-xan-turaly-ashhy-syndyq

 

Абылай Ресейден, Қытайдан қазақтарды бағындыру үшін әскер сұраған

Абылайды керемет мемлекет қайраткері, дипломат саясаткер ретінде қанша даурықпа ақпарат жазылды. Бәрін айтуға мақаланың көлемі көтермейді, сондықтан кейбір шектен шыққан жерлерін көрсетейік... 

«...Его сила была в предприимчивости, дальновидности, отваге. Поражает дипломатическое искусство, с которым он вел переговоры с изощренными дипломатами Китая, предвидение неизбежного дальнейшего сближения России и Казахстана. Вот весьма, на наш взгляд, характерный пример тактики Аблая во взаимоотношениях с царскими властями. Аблай добивается военной помощи от России и пишет письмо оренбургскому губернатору И.А.Рейнсдорпу...»  деп   Абылайды төбесін көкке жеткізіп жазып, одан ары Ресейден әскер сұраған хатын беріпті... (127-бет)

Қазақтардан өзін қорғау үшін әскер сұраған Абылайдың дәрменсіздігі мен шарасыздығын былай деп жуып-шайыпты: «Таким образом, Аблай, добиваясь присылки царских войск для расправы с непокорными кипчаками, стремится представить дело так, будто от этого зависит состояние русско-казахских отношений, давая при этом понять, что в противном случае он получит  эту помощь от Цинской империи» (128-бет). Жалғыз Ресейден емес, Абылай Қытайдан да талай көмек сұраған... Әскер сұрағаны – тарихи шындық... Алайда оған Қытай да, Ресей де әскери күш берген жоқ. Себебі Абылай билігі қазақ арасында мойындалмады.  Ресей қанша көмектессе де, хан етіп Орта жүзге отырғызса да, оның беделі болған жоқ.Ол қазақтардан қорғану үшін ғана әскер сұраған. Ақыр соңында Рейсендорп «Қауіпті болса, Орынборға келіп казармада тұр» деп, әскер бере алмайтындығын айтқан.

Ақыры Абылай қазақтар түбіне жететінін біліп, Орта жүзді тастап қашып, оңтүстікке кетуге мәжбүр болды. Әйтпесе оны арғындар өлтіретін еді. 1779 жылы көктемде Абылай өз төлеңгіттерімен шұғыл Түркістанға көшті. Оңтүстіктен Рейсендорпке жазған хатында (13 тамыз 1779 жыл) Абылай «...Енді менің билігімде Ұлы жүз бен Кіші жүз...» (Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ веках. А. 1964. 100-бет) деп айтыпты. Бұл, әрине, Абылайдың көп өтірігінің бірі. Басқаны алдасаң да, орысты алдау мүмкін емес. Сол кездегі Қазақ хандығының жағдайын орыстар Абылайдан әлденеше рет артық білетін. Әрине, оның оңтүстікке келгенін жалғыз қазақ емес, өзбектер және қырғыздар найзаның ұшымен қарсы алғаны тарихи шындық. Осы тарихи шындық Мойсеевтің кітабында айтылмайды...

Жергілікті халықтарды қорқыту үшін          орыстың бір солдатын көрсетіп Абылай: «Арқадан орыс әскері, шығыстан қытай әскері маған көмекке келе жатыр», – деп жария қылған. Әлгі Абылайдың жанында болған орыс солдаты туралы Мойсеев те жазған еді (132-бет). «...Аблай...  прибег к запугиванию киргизов поддержкой его действий со стороны России и Цинской империи. Так, в 1778 г. из Петропавловской крепости в кочевья Аблая бежал русский солдат Яков, принявший участие в этом походе. «И когда Аблай по некотором сражении посылал от себя к киргизам для увещевания своих теленгутов, то с ними отправлен был и означенный беглой солдат, одетой в аммуниции, с таким устращиванием, якобы он, Аблай, имеет у себя на помощь немалочисленное и сильное российское войско с оружием и доказывал тем самым солдатом». Наконец, указывая киргизским военачальникам на расположенный на китайской границе цинский отряд в 500 человек «для обыкновенной по границе стражи» Аблай уверял их «будто и то китайское войско, также в помощь ему, Аблаю, тут прислано, отчего киргизы и пришли в немалую робость...» (А ВП Р. Ф. Киргиз-кайсацкие дела. Оп. 122/1. 1779-1780. Д. 1. . Л. 245 об.)

 

Орта жүз неге Уәлиді хан етіп сайлады?

Абылайдың абыройсыз өлімі

Жалпы Абылай өмір бойы Қытай мен Ресейден әскер сұрап жалынып өткен. Оның бұл қылығын ешқандай тарихшы жасыра алмады. Қазыбек бидің туысқаны Ботақанды өлтіргені үшін арғындардан қашып, оңтүстікке бара жатып, Ресейден Түркістанға орнығу үшін әскер сұрайды. Дәл осы оқиғаны Мойсеев: «...Основным вопросом в его взаимоотношениях с царскими властями вплоть до отъезда в 1779 г. в Туркестан был вопрос о присылке ему оружия и войск и о приезде его для получения знаков ханского достоинства в одну из сибирских крепостей. Настаивая на присылке ему военного отряда, Аблай гарантировал солдатам сохранение жизни и имущества, возмещения всех понесенных убытков и т. д. Но все это было напрасно. Тогда прибывшему к нему капитану Г. Лилингрейну Аблай откровенно заявил, что он поехал бы в Оренбург или другой город при условии «ест ли бы даны были просимыя им войска…

...Аблай настойчиво добивался от царской администрации и цинского правительства военной помощи, так как война с киргизами была непопулярна в казахском народе. Большинство султанов, биев и батыров не поддержали воинственные планы Аблая...» (129-бет. Көрсетілген шығ.)

Абылайдың жергілікті халықты алдап, қорқытуы ұзаққа барған жоқ. Өзбектермен қақтығыста жаралы болып, көп ұзамай қайтыс болғаны туралы Міржақып Дулатов жазған нақты дерек бар (Абылай хан. А. «Жазушы» баспасы. 1993 ж. 385-бет). Алайда Абылайды мақтаушылар оның  абыройсыз өлімі туралы ештеңе айтпайды.

1780 жылы 16 маусымда Ресейден барған Бекчурин Ташкент аймағында қоныстанған жеріне барып, Абылайды соңғы рет көрген екен. Меңдияр Бекчуриннің  жазғанына қарағанда, оның жағдайы мәз емес болған. 

«...расположился в шестидневной езде от города Ташкении... 

Аблай ныне пребывание имеет в показанном  же урочище,  при коем находится и войска не более двух сот человек, да и то большею частью из пленных трухменцов, калмык и протчих пленных народов и на том месте производит хлебопашество...» (АВПР.  Там же;  Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ веках. А. 1964. 102-стр) .

Осы цитатаны пайдалана отырып, Мойсеев «Абылай бұл жерде қырғыздарды бағындыру үшін cұрап отыр» деп жазыпты (... для покорения под свое владение диких киргизов, в горах кочующих...132-бет). Не деген масқара! Абылай ол жерде орысша айтқанда «на птичьи правах» жүріп жатса да, оны Мойсеев мақтап мадақтай береді. Тағы бір тарихшы Нұрлан Атығаев көрсетілген цитатадағы «на том месте производит хлебопашество...» деген сөйлемді пайдаланып, Абылай қазақтарға егіншілікті үйретіп  жатыр деп Республикалық газеттің бірінде жариялады.  Осындай сорақылық тек біздің елде ғана болады.

Абылайды жақтаушылар оның өлімі туралы ештеңе жазбайтынын жоғарыда айтқанбыз. Сондықтан Мойсеев: «Осенью 1780 г. Аблай тяжело заболел и вскоре скончался. Точную дату смерти Аблая установить пока не удалось. Скончался он осенью 1780 г. под Ташкентом» деп жазыпты.     

Әрине осынша мақтап, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтеріп отырған адамның абыройсыз өлімі туралы шындықты жазу қисынға келмейді. Егер Орта жүз халқы хан деп мойындаса, мұндай жағдай болмас еді. Жарайды, ол Орта жүзден кетіп қалды. Абылайдың титімдей абыройы болса, Ұлы жүз қазақтары өзбектерден кек алар еді. Ондай болған жоқ.   Мысалы, Әбілхайырды 1748 жылы Барақ сұлтан мен Сырымбет батыр өлтіргенде, оның балалары олардың өзін өлтіріп қана қоймай, барлық тұқымымен қосып қырып жіберді. Осыны істеген Әбілхайырдың балаларын халық қолдады. Егер халық қолдамаса, олар ештеңе істей алмас еді. Себебі Әбілхайыр халықтың сүйіктісі болды. Оны хан етіп сайлаған рубасылар еді (1709).  

Абылайды хан етіп бекіткен – Ресей өкіметі, халық сайлаған жоқ. Халық алдында оның жексұрын болғаны соншалық – оның өлімін жоқтап өлімі үшін кек алатын  бір адам болмады.

Осы жерде тағы бір ащы шындықты айта кетейік. 

 

Орта жүз халқы   Абылайды «ит қосып қуып жіберсе де», оның баласы  Уәлиді хан етіп сайлады. Ресей басшылары Әбілмәмбеттің баласы Әбілфейізді хан қылу үшін көп еңбек сіңірген еді, алайда одан ештеңе шықпады. Уәли қазақ халқының құрметті адамы болды. Сондықтан Абылайға бағынбаған Орта жүз халқы Уәлиді 38 жыл хан етіп ұстады. Неткен керемет?! Сондықтан Ресей өкіметі Уәли хан туралы бірдеңе жазса, жамандап қана жазды. Себебі ол әкесі Абылай сияқты Ресейді емес, өз халқын жақтаған патриот, ұлтшыл адам еді. 

 

Абылай туралы мыңдаған адам жазған болса, Уәли туралы екі адам (Марғұлан мен Өтениязов) ғана жазыпты.

Біздің тарих ғылымының шерменделігі, дәрменсіздігі, яғни бейшаралығы осы емес пе?..

Абылай туралы жазбаларға осылай өте қысқаша шолу жасадық... Аталған Мойсеевтің кітабында екі тарихи шындықты берген жері бар. Біз оған сол үшін алғыс айтқанбыз. Біріншісі – Қалмақ ханы Себан Раптанның Чарыш есімді батыр баласы болмағаны. Левшин Шоқанның атымен дайындаған мақалада Абылай оны жекпе-жекте өлтірді деген болатын. Қазақтар соны іліп алып, неше түрлі аңыз шығарды. Абылай бойы аласа, әлжуаз адам болған, яғни оның жекпе-жекке шығуы мүмкін емес. Бұған Шоқанның  жазғандары дәлел.

Екіншісі – Абылайдың Орта жүз ханы бола тұрып, Ресейден қазақтарды жазалау үшін әскер сұрап жазған хаты. Жалпы Мойсеев (1948-2007) – талантты ғалым, тарихшы. Біз онымен бір институтта біраз жыл бірге істедік. Әттең, ол Абылай туралы зерттеуінде өкіметтің құрығынан шыға алмады! Ол – Жоңғар тарихының белгілі зерттеушісі. «Жоңғарлардан қазақ еліне қазіргі ойлағандай үлкен қауіп төнген жоқ» деп бір мақаласында жазды. Әрине, барлық қауіп пен қастандық Ресей тарапынан болды. Мен оны сол үшін  ерекше сыйладым. 1993 жылы ол Барнаулға кетіп қалды және сонда қайтыс болды.

 

Назарбаев Абылайды неге «пір» тұтты?

Шерхан ағаның реніші

Көп ұзамай Кеңес үкіметі ыдырады. Енді Қазақстан басшылары Абылайға жанашыр бола бастады. 1993 жылы «Абылай хан» деген жинақты Сәрсенбі Дәуітов құрастырды да, жарыққа 30 мың тиражбен шығарды. Біз осы жинаққа Абылайдың 1745 жылғы Ұлы жүзді Ресей құрамына кіргізу керек деп  және әскер сұрап жазған хатын апарып берген едік. Оны кіргізбепті.

Міржақып Дулатұлы | Әдебиет порталыАталған жинақта біз ерекше көңіл бөлген мақала Міржақып Дулатовтікі болды. Ол алғаш рет 1912 жылы «Айқап» журналының 6-санында Азамат Алашұлының атымен басылған екен.   Алаштың біртуар азаматы мақаласының басында Абылайды мақтаған Арыстан ақынның бір шумақ өлеңінен соң: «Бұл күнге дейін қазақ жұртында Абылайдың анық аты-жөнін білуші кем...» (381-бет) деп, ары қарай есіткендерін жазыпты. Жалпы біздің айтатынымыз,  осы уақытқа дейін айтылып жүрген Абылай – Қазақ мемлекетін құрған Жәнібек ханның ұрпағы емес. Өзінің айтуы бойынша, ол – Уәли сұлтанның  баласы. Әрине, бұл деректің рас болуы екіталай. Дәл солай болған күннің өзінде Уәли сұлтан Жәнібек ханның ұрпағы болмаса да, Шыңғыс ханның ұрпағы екені рас (МИКХ, 1969 ).

Міржақып атамыз Тәуекел ханның Бұхара, Самарқандқа жасаған жорығын Абылаймен шатастырыпты. Ташкент өңірінде өзбектер Абылайды төлеңгіттерімен қосып жазалағанда: «...Қайран Орта жүз бен Кіші жүздің батырлары қасымда болса, бұл қорлықты көрмес едім» деп бармағын шайнаған екен».  Одан ары қарай сол күні Абылайдың қайтыс болғанын айтыпты... Біздің бұл жерде байқағанымыз – Қазақ интеллигенциясының ішінде Абылай туралы жақсы жазып қалдырған жалғыз осы Міржақып атамыз ғана. Жалпы, қазақ интеллигенциясының үлкен бөлігі 1904 жылы Шоқанның атымен «Абылай» деген мақаладан соң, қазақтың әйгілі ғалымына  суық қарай бастаған. Оны сол мақаласы үшін көп шонжардың бірі деп ойлап қалған. Әттең, олар Шоқанның өзге зерттеулерінде  Абылай туралы басқаша жазғанын білмей кетті. 

Аталған жинақ шыққан жылы «Егеменді Қазақстан» газетіне Тарих институтының директоры М.Қ.Қозыбаевтың «Абылай» деген мақаласы жарық көрді. Ол кісіге тапсырыс жоғарыдан, әрине, Ресейден емес, Қазақстан басшыларынан берілген сияқты. Әйтпесе ол – өмір бойы компартия тарихымен айналысқан адам ретінде өздігінен кіріспес еді. Әрине, бұл мақала Абылай туралы даурықпа жазбалардан айырмашылығы болмады. Ол кезде газеттің бас редакторы Шерхан ағаға басқа бір жұмыспен барып қалғанымда маған: «Абылай туралы мақалаңды енді берсең, номерге келесі аптада саламыз», – деді. Біраз отырып әңгімелестік... «Қазір мақаланы бермей тұра тұрайын. Қозыбаев – менің директорым, менің мақалам оған өте ауыр тиюі мүмкін ...Бұрын инфаркт алған адам еді...» –  дедім. Шер-аға қатты ренжіп, маған қатты айтты. Көп ұзамай Елбасының кітабында Абылай туралы «Қазақ елін ажалдан құтқарған және қазақ елін біріктірген Абылай» деген сияқты ұрандатқан лебіздер жазылды...

Қазақстан ұлттық энциклопедиясына Абылай туралы неше түрлі өтірік жазылған жазбалар көбейді. 90 биді бастап барып, Төле би Абылайды Жоңғар тұтқынынан босатты. Абылайдың 40 ұлы, 30 қызы бар т.б. энциклопедия түгілі газет-журналға басуға болмайтын ақпарат жазылып, көлемді мақалалар басылып шықты. Бір  қызығы, солардың бірінің авторы деп  Жанұзақ Қасымбаевтың аты қойылыпты. Әрине, ондай келеңсіз мақаланы ол ағамыз беруі мүмкін емес.

Бұрын оның артында Ресей болса, егемендік алғалы Қазақстан басшылары қамқорлық жасап отыр. Республиканың баспасөзі Абылайды мақтап жазған мақала болса, ірікпей басады. Ал шындық жазылған мақала болса, жолатпайды.

Демек Қазақстан басшылары әлі күнге дейін Ш.Ш.Уәлиханов мұраларына оң көзбен қарайтыны – адам сенгісіз жағдай. Алайда шындық осы.

 

Шоқан шындығы және нағыз шоқантанушылар неге шеттетілді?

Әбілхайыр сатқын емес

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов — Уикипедия2010 жылы 6 том болып Ш.Уәлихановтың еңбектері қазақ тілінде басылып шықты. Осы басылымға бұрынғы шоқантанушы мамандардың ешқайсысы қатыстырылған жоқ. Сондықтан кемшілігі асып жетіледі. Үкімет бұл басылымға көп қаржы бөлді, ақша жүрген жерде адалдық пен патриоттық бола бермейтіні бұрыннан белгілі. Жоғарыда айтылған Абылай туралы мақалаға жазылған түсініктемеде: «Қолжазба толығымен сақталған. УШЖ мәтіндері бойынша басылып отыр,  1961, 426-430-б. (4.443-бет)» делінген. Оның қолжазбасы болмағанын біз жақсы білеміз.

Сонда олар қолжазбаны тапқан болып академик Марғұлан және Көмековтер басқарған шоқантанушылардан асып кетіп, оза шауып отыр.

«Қолжазба толығымен сақталған» деп, көптеген шоқантанушы ғалымдарды өтірікші етіп көрсетіп отыр. Оның қолжазбасы еш уақытта болған жоқ. Болуы мүмкін емес, әрине, Шоқан жазған болса, сақталған болар еді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Шығыстану институтында 8 том болып   Ш.Уәлихановтың еңбектері өте аз тиражбен жарық көрді. Басқарған – Меруерт Абусеитова. Әрине, бұған Қазақстан басшылары көп қаражат бөлді. Сондықтан осы басылымға да шоқантанушы мамандар қатыстырылмады. Оның кемшілігі туралы басқа мақаламызда тоқталғанбыз... 

Сол «Абылай» атты Шоқанның атымен орыстар жариялаған мақала 1947 жылдан бастап әлденеше рет жарық көріп, қазақтарды әбден шатастырды. Екі рет қазақ тілінде (1949 және 2010 жылдары),  үш рет орыс тілінде жарық көрді. 1947 жылы және 1961  Ш.Уәлихановтың 1-томында (426-430 беттер), 1985 жылы мерейтойға арналған 5 томдықтың 4-томында (111-116 беттер).

Ресей басшылары бір мақаламен барлық қазақты оп-оңай ақымақ қылып қойып, мәз болып жүр. Сондай-ақ Әбілхайырдың 1731 жылғы хатының орысша аудармасымен ғасырлар бойы тек қазақ емес, барлық түркі халықтарын ақымақ етіп қойды. 1999 жыл Әбілхайырдың тарихи хаты дұрыс аударылып, соның ішінде бодандық сұраған бір сөз болмай, талай жазғыштардың сағын сындырды. Алайда осы күнге дейін мектеп және университеттердің оқулықтары бұрынғыдай Әбілхайырды сатқын кейпінде көрсетеді. Бұл қандай ұғым беретіні түсінікті. Қазақстан басшылары да халқымыздың төл тарихын білмей, орысқа жалтақтауын тоқтатпасын деп көксейтінін білдіреді.

Жалпы елімізде тарих ғылымында Шоқан еңбектерін дұрыс пайдаланып жатқан жоқ. Тіпті оның кейбір аса құнды мақалалары пайдаланбақ түгілі аяқ асты болып жатқанына бір дәлел айта кетейік.  Баяғы 1995-98 жылдарда Ресейдің «Империал» Банкі «Қазақстан» телеарнасында Темірлан туралы бір тарихи эпизодты 4 жыл бойы көрсетіп тұрды. Сол жарнамадағы оқиға Темірландікі емес, қазақ ханы Есімдікі еді. Оны Шоқан тасқа басқандай етіп жазып кеткен. Осыны көрсетіп, сол кездегі Тарих институты директоры, академик М.Қозыбаевқа жалынып «Мәскеуге қарсы реплика жазыңыз» деп өтіндік. Бізге уәде бергенмен, ол кісі Мәскеуге ештеңе жазбады.  Мұндай Шоқан жазып кеткен материалдардың құндылары Қазақстанда аяқ асты болып жатқаны ащы шындық. 

Қолдан жасалған батырға алданып, біздің бейшара халық қанша жүретіні белгісіз. Жоғарыда қысқаша шолу жасағанымыздай, орыстар бір мақаламен барлық қазақты ақымақ етіп отыр. Сонда біздің егемендігімізден не пайда? Ақиқат тарихымызды өз ұрпағымыздан жасырып, Ресейдің экспанциялық саясатына қызмет етіп, олардың «Спецслужбасынан» нәпақа көріп жүрген сұрқиялар да аз емес... 

 

 

Самат ӨТЕНИЯЗОВ, Мадрид және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ.к.
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 352
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6457
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8166
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6537
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6673