Әдебиетке жол беру – үнсіздікті сөйлету.
Тыйылған ойға тыныс, тұншыққан сезімге кеңдік ашу.
Бұл – тәртіптің емес, шындықтың пайдасына жасалған қадам.
Әдебиетке жол берілген жерде:
– адам өзін жасыра алмайды;
– заман өтірікпен ұзақ өмір сүре алмайды;
– тіл қорған емес, айнаға айналады.
Әдебиетке жол бермеу –
қоғамды тыныштандыру емес;
оның жүрегін ұйықтату.
Сондықтан, әдебиетке жол беру –
еркіндікке ұран емес;
арға мүмкіндік беру.
Ар тұншықпасын;
тарихта «Менің есімім» емес – ұлттық әдебиеттің үні қалсын!
Атқан таң, келген жыл –
уақыттың тоғысынан ұлттық әдебиетке сәлем!
***
Пырақ мініп келдің бе,
Алтын айдар, күміс жал?
Бөтен бүгін ел мүлде;
Көп ортайған ырыс-хал.
Аманатын бабамның –
Ал қолымнан дүлдүлім.
Шақтым жалғыз саған мұң;
Құнын білер кім мұның?
Шабысын-ай, жарықтық –
Ұлттың үні өлмесін.
Адам пенде табыттық;
Жоққа көңіл бөлмесін.
Әдебиетке жол беру –
Шын қоғамның парызы.
Атақ-даңққа қол беру –
Сатқындықтың бар ізі.
Ақ парақпен кебіндеп,
Әдебиет тұр, өз жанын.
Келер заман не білмек;
Кімдер ішті сөз қанын.
Одақ мынау, қаңқамыз –
Жазушылар сүйенбек.
Аптап болды аңқаңыз;
Үнсіз, тілсіз, күйем деп.
Жасын түскен тал бар-ды;
Мұқағали қалдырған.
Асау намыс, ардан-ды;
Солай ұрпақ балдырған.
01.01.26 ж.















