ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ – БАРШАҒА ОРТАҚ ҰЛЫ МІНДЕТ

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ –  БАРШАҒА ОРТАҚ ҰЛЫ МІНДЕТ

Әділетті Қазақстан құру – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған ірі мақсаттарының бірі. Ел іргесінің мығым болуы, халықтың дәулетінің мол болуы, жердің асты мен үстінің иен байлығы әділеттіліктен бастау алады. Әділетті мемлекетте әділ басшы, әділдікке мойынсұнған бұқара тіршілік кешеді. Әділдік жүрген жерде жемқорлық, парақорлыққа жол жоқ. Елдің табысының артуы да, ынтымақ-бірлігінің жарасуы да әділдіктің салтанат құруына байланысты.

Президент Тоқаев халыққа Жолдауында «Біз бүгін алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап алдық. Енді мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз. Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға түспек.  Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған. Қазір оның өзектілігі арта түсті.

Халқымыз татулық пен тұрақтылыққа ерекше мән берген. Оны бәрінен биік қойған. Біз дәл осы кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуіміз керек», – деді.

Төле би бабамыздың: «Әділ төренің туысы жоқ, әділетсіздің ар-ұжданы жоқ» деген өмірлік ұстанымы – адалдықтың, адалдықтың, әділдіктің биік өлшемі. Бұл қасиеттер қазіргі жас ұрпаққа таптырмас үлгі. Төле бидің ғибратты ғұмыр жолы жастарға да, үлкендерге де рухани бастау.

«Егер сіздің алдыңызда бітпейтін дау болса, айтып қорғаңыз әділдік туралы», – дейді Төле би. Оның әрбір сөзі – тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын бұлағы. Ұятты ұмытпауға, жаман қасиеттерден аулақ болуға, еңбекқор болуға шақырады: «Жастықтың басты жауы – жалқаулық, орташасы – ұйқы, ең азы – бағынбау». Асыл іс пен асқақ мінез, парасат ал Төле би бабамыздың тапқырлығы, әділ шешімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.

Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында білім беру саласына басымдық беруі үлкен істің басы болмақ.  Білімді  ұрпақ – ел ертеңі! Тек білім ғана ұлтты жетістіктерге бастайды.  Толағай табыстарға жол ашады. 

«Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет. Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандарты қабылданады. Сондай-ақ, ұстаздардың құзырет аясы айқындалады. Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды.

Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі жөнінде пікірталас болып жатыр. Нақты айтайын: біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды  тәрбиелеуіміз қажет. Себебі бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек. Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауға тиіс. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде. Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және  еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек.

Ата-аналар мен оқушылар алған білімінің және игерген машық-дағдысының сапалы және сұранысқа ие болуы үшін белгілі бір деңгейде жауапты екенін сезінуге тиіс. Сондықтан, олармен де үнемі әріптестік қатынас орната білу керек. Осы мақсатта жеке білім беру ваучерлерін енгізу жоспарланып отыр.

Баланың білім алуына, оның ішінде сыныптан тыс оқуына  мемлекет бөлетін қаражат бірыңғай білім беру есепшоттарында жинақталады. Бір сөзбен айтқанда, мұны балалардың білім алуына инвестиция ретінде жұмсалатын алғашқы мақсатты капитал деуге болады. Бұл қадам еліміздің әрбір азаматы үшін бірдей мүмкіндік қағидатын іс жүзінде қолдануға жол ашады. Жоғары білім саласындағы реформаларды да осы бағытта жүзеге асырған жөн. Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі. Сондықтан мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайызға дейінгі аралықта болады. Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл шаралар жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы әріптестік және өзара жауапкершілік қағидатын нығайта түседі», – деді.  

Елімізде Әділетті Қазақстан құруға ынталы, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың басын біріктіру үшін «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры құрылды. Осы орайда қор өкілдері аймаққа арнайы келіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқыға салды. Қазір қоғамдық қордың Қызылорда өңірінде 230-дан аса жақтастары бар. Олар қордың манифесінде айтылған түйткілді мәселелерге үн қосып, бірлесіп жұмыс істеуге ынталы. Көшпелі кездесуде МӘМС жүйесіндегі проблемалар, маусымдық жұмысшылардың және мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғау жайы талқыланды. Қор өкілінің сөзінше, жұмыла жұмыс істегенде ғана қордаланған проблемалар өз шешімен табады. Жиында жұртшылық көтерген түйткілді тұстар қор тарапынан Үкімет назарына ұсынылмақ.

Сейдалы Дүйсебайұлы, Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық қызметкері:

«Елдің 2022 жылғы қоғамдық-саяси өміріндегі алуан түрлі оқиғалар мемлекет дамуының жаңа бағыт, жаңа арнаға қарай бет түзуіне себеп болды. Мемлекет басшысы 2022 жылы 16 наурыз күні «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Биыл осы Жолдауға 2  жыл толып отыр. 

Жолдауда тың әрі ірі экономикалық және саяси реформалар іске асатыны айтылған болатын. Атап айтқанда, Президенттік өкілеттілігін қысқарту, өкілді билік тармағын қайта құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партиялық жүйені дамыту, құқық қорғау институттарын күшейту, БАҚ-тың бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту, әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру сынды тың бастамалар көтерілді. 

Бүгінде еліміз жаңа саяси кезеңнің алдында тұр. Бұл бағыттағы маңызды қадам Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы болмақ. Әділетті Қазақстанға жаңа сайлау жүйесі міндетті түрде қажет және бұл өте орынды. Өйткені ол тікелей ел болашағы мен сындарлы саяси шешімдердің қабылдануына әсер ететін факторға айналды. Мұны Президент өз Жолдауында айтып, сайлаудың мақсаты мен міндетін, бұған қоса өткізу уақыты мен жүйесін айқындап берген еді. Мемлекет басшысы елде аралас сайлау жүйесін енгізуді құп көріп, пропорционалды және мажоритарлық сайлау жүйесін бірге қолдануды ұсынды.

Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістерге байланысты ел Президенті өзінің өкілеттігін атқару кезінде партияға мүшелігін тоқтатты. Бұдан былай Президентке 7 жылға және бір рет қана сайлануға құқық берілді. Суперпрезиденттік жүйеден арылып, Парламенттің құзыреті нығая түспек. 

Бұдан өзге, саяси партияларды тіркеу жеңілдеді. Мәселен, бұған дейін партияны тіркеу шегі 20 мың адам болса, қазір 5 мың адамға азайды. Сондай-ақ, биылдан бастап Мәжіліске депутаттар 70 пайыз партиялық тізіммен енсе, 30 пайыз мажоритарлық тәсілмен сайланып жатыр. Ал мәслихатқа депутаттар 50 пайыз партиялық тізіммен, 50 пайыз мажоритарлық жолмен енгелі отыр. Ал аудан-қала мәслихаттарына 100 пайыз мажоритарлық тәсілмен сайлауға түсуде. Бұл да сайлау жүйесіндегі елеулі өзгеріс деп білемін. Жаңа қадамға толы тың саяси әрі экономикалық реформалар әлі де алдағы уақытта жүзеге аса бермек».

«Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыру аса маңызды. Жаңа сайлау науқанының мерзімдерін және оның ретін елге ашық жариялау шешім қабылдау кезіндегі ашықтық қағидатына сай келеді. Осы қадамның бәрі біздің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты формуламызды біртіндеп нақты мән-мазмұнмен байыта түседі.  

Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз.

Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді. Қол қусырып отыратындар мен қасақана кедергі жасайтындарға орын жоқ!» – деп,  Мемлекет басшысы алдағы Қазақстанның әділетті дамуына жол сілтеді. Демек бағыт айқын, мақсат ашық, арман асқақ!  

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Тараздың төл мерекесі тұңғыш рет қалай тойланды?
Москау НОҚРАБЕКОВ, қоғам қайраткері, z-taraz.kz - 11.10.2024 104
ЖЕДЕЛ КЕРІ БАЙЛАНЫС ТЕТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 11.10.2024 101
АҚТӨБЕДЕ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ТАҒЫ БІР МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - 11.10.2024 95
СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 84
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 981
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1020
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 995

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 5985
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5428
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8612
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6419
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7627