Аграрлық саладағы жаңа жол ұсынушы ғалым, академик Тілектес Есполовтың жаңашылдығы

Аграрлық саладағы жаңа жол ұсынушы ғалым, академик Тілектес Есполовтың жаңашылдығы

Жаңа кезең бастауы қашан басталады?

Университет 221 білім беру бағдарламасын, оның ішінде бакалавриат деңгейі бойынша – 54, магистратура – 130 және PhD докторантура деңгейі бойынша – 37 бағытты жүзеге асырады. 7 факультет пен 30 кафедрада 8 мыңға жуық адам білім алуда, соның ішінде 1,2 мың магистрант пен PhD докторант білім алушылардың 15%-ын құрайды. Мемлекеттік білім беру гранттары бойынша білім алушылардың үлесі 66%-ды құрайды. 

Кадрларды даярлауды 790 ПОҚ жүзеге асырады, соның ішінде 19 ҚР ҰҒА академигі, 103 ғылым докторы және 284 ғылым кандидаты, 102 PhD докторы. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылардың үлесі штаттағы оқытушылар санының 62%-ын құрайды.

2001 жылдан бастап университет аграрлық білім беру, ғылым және өндірісті интеграциялау бойынша нақты және жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта «АгроДаму» аграрлық ғылыми-өндірістік консорциумы құрылды. Фермерлердің жоғары мектебі республиканың 9 облысы мен 88 ауданында ауыл кәсіпкерлеріне консалтингтік қызмет көрсетеді.

Аграрлық білім берудің үздіксіз жүйесін қалыптастырып: мектеп (лицей) – колледж – университет жүзеге асыратын «Агробілім» халықаралық қауымдастығы мен шағын академия құрылды. 

2010 жылдан бастап оқу орны үздік шетелдік ғылыми орталықтар мен ЖОО-ның 13 сарапшысының қолдауымен жобалық басқарудың халықаралық стандарттары негізінде ұлттық зерттеу университетіне айналу үдерісін бастады.

Осы жұмыстардың нәтижесінде 2010 жылы университетке инновациялық бағыттағы жоғары оқу орны мәртебесі берілді.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 226 қаулысына сәйкес «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына берілуі жоғары оқу орны дамуының жаңа кезеңінің бастауы болды.

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 22 тамыздағы № 659 қаулысына сәйкес «ҚазҰАУ» РМК ҚР АШМ жанындағы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-ның құрамына кірді және жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысуымен КЕАҚ болып қайта құрылды. Бұл ЖОО-ға академиялық еркіндік алуға, автономияға көшуге, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін пайдалана отырып, өзін-өзі қаржыландыру қағидаттарын іске асыруға мүмкіндік берді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында: «Қазақстанның ауыл шаруашылығының әлеуеті орасан екені көп айтылады. Бірақ агроөнеркәсіп кешені саласында қордаланған мәселелер де аз емес», –деп атап көрсетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі агробизнес саласымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасын» әзірледі. Бағдарламаның мақсаты: «Бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін, еңбек өнімділігін 2,5 есеге, экспортқа шығарылатын өнімдерді 2 есеге арттыру және халықты әлеуметтік маңызы зор отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету».

 90 жылдан астам тарихы бар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғалымдары отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында толыққанды жұмыстар атқарып келеді. Трасформациялау шеңберінде университет ұжымы аграрлық ғылым, білім және өндірістің интеграциясын, ауылшаруашылық экономикасы саласына инновациялық технологияларды трансферттеуді және енгізуді жүзеге асыруда.

 

Бүгінде ұлттық зерттеушілік деңгейдегі жоғары оқу орны жаңа жетістіктерге жетуде. Басқарма Төрағасы-Ректор лауазымын ҚР ҰҒА Вице-Президенті, академигі, аграрлық ғылымдар бөлімінің төрағасы, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есполов Тілектес Исабайұлының атқарып отырған еңбегі зор.

 

Агрохабтағы  алып  мемлекеттермен  байланыс

ЖОО-да қуатты ғылыми-білім беру инфрақұрылымы құрылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің (USDA, АҚШ) ұсынымы бойынша және INRA (Франция), INTA (Аргентина), EMBRAPA (Бразилия) жетекші ғылыми орталықтарының тәжірибесі бойынша университетте Халықаралық Агротехнологиялық хаб құрылды, оның миссиясы АӨК-дегі үздік инновациялық технологиялар мен жаңа білімдерді іздестіру, тарту және трансферттеу болып табылады. Агрохабтың құрамында: АҚШ, Нидерланды, Италия, Франция, Испания, Оңтүстік Корея, Малайзия, Қытай, Ресей, Беларусь сияқты елдермен нақты ғылыми жобалар шеңберінде ашылған 11 ғылыми-зерттеу институты, 49 зерттеу зертханасы, 18 халықаралық зерттеу орталығы жұмыс істейді. Зертханалар халықаралық агенттіктермен аккредиттелген және жоғары оқу орындары, ҒЗИ және агроқұрылымдар ғалымдарының ұжымдық пайдалануына ашық.

Осындай инфрақұрылымды құру университет ғалымдарына 100-ге жуық зерттеу, енгізу және халықаралық жобаларды орындауға және олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге зор мүмкіндік берді.

2019 жылы: өсімдіктерді микроклоналды көбейту зертханасы, сүт бойынша референттік зертхана, Ситуациялық орталық құрылды.

Ситуациялық орталықты қосымша жарақтандыру барлық мүдделі құрылымдарды тарта отырып, GIS технологиялары, машиналық талдау және үлкен деректер талдамасы көмегімен ауыл шаруашылығының жай-күйі, ақпаратты өңдеу және визуалдау туралы барлық деректерді шоғырландыруға мүмкіндік берді. Заманауи компьютерлік жабдықтармен жабдықталған бұл орталықта студенттерді қашықтықтан оқыту, Халықаралық жазғы және қысқы мектептер, конференциялар, жас ғалымдардың форумдары, ТМД елдерінің жетекші аграрлық ЖОО ректорлары Кеңесінің отырыстары, Қазақстанның ауыл кәсіпкерлеріне арналған онлайн-консалтинг тұрақты жүргізіледі.

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасын меңгерген агроинженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау сапасын арттыру үшін Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығы құрылды, ол 75 бірлік трактормен, комбайнмен және басқа да ауыл шаруашылығы техникасымен толықтырылды.

Аталған орталықтың ашылуы «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығында 10 түрлі дақыл бойынша демонстрациялық алаң, мал шаруашылығы бойынша көрсеткішті ферма құруға мүмкіндік берді.

Университет базасында 11 мамандық бойынша ИИДМБ үшін кадрлар даярлау жүргізілген 10 ЖОО-ның біріне айналды. Осы бағдарлама шеңберінде: «Тамақ өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін және топырақтың, судың және шикізаттың экологиялық сапасын талдау», «Тамақ өнімдерінің технологиясы», «Жасыл биотехнология және жасушалық инженерия», «Табиғи ресурстарды басқару және агро-экожүйелерді тұрақты дамыту» сияқты 4 зертхана құрылды.

Университет ғалымдарының ғылыми-зерттеулері Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге – экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ 2022 жылға қарай еңбек өнімділігі деңгейін 2,5 есеге арттыруға бағытталған.

2010 жылы құрылған Қазақстан-Жапон инновациялық орталығында жануарларды генотиптеу, биоматериалға метагеномдық талдау, электрондық-микроскопиялық және басқа да зерттеулер жүргізіледі.

Тамақ өнімдерінің технологиясы мен сапасын зерттеу инновациялық орталығында өсімдік және жануар тектес шикізаттарды қайта өңдеу бойынша тамақ өнімдерін шығарудың қолданыстағы технологиялары жетілдірілуде және жаңа технологиялары әзірленуде. 

Тұрақты егіншілікті зерттеу орталығында ғалымдар Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығымен бірлесіп жердің жай-күйіне мониторинг, ауыл шаруашылығы дақылдарының әлеуетті шығымдылығын бағалау және т. б. жүргізеді.

Университеттің халықаралық вакцинология ғылыми-зерттеу орталығында Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығымен бірлесе отырып, шетелдік серіктестер – Огайо штатының Университеті (АҚШ) және Vaxine биотехнологиялық компаниясының (Австралия) қолдауымен COVID-19 қарсы 2 вакцина жасалды: NARUVAX-C19 және NARUVAX-C19/Nano. Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне COVID-19 қарсы вакциналық үміткерлер ретінде енгізілген. Сондай-ақ, Орталық өсімдік тозаңына маусымдық аллергияға қарсы вакцинаны, сондай-ақ коронавирусқа қарсы түбітті аңдарды емдеуге арналған NARUVAX-C19 субъбірлікті вакцинасын жасауда.

2018 жылы АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылшаруашылық зерттеулер қызметімен (USDA), Мичиган мемлекеттік университетімен, Корнель университетімен меморандумдарға қол қойылды. АДБ қолдауымен USDA және Мичиган штатының университетімен Ақмола облысының жайылымдық аумақтарын бағалау бойынша бірлескен жоба орындалуда. NASA-мен және жаһандық өзгеру және жерді бақылау орталығымен «Қазақстан мен Моңғолиядағы тамақ өнімдерінің, энергия мен судың өзара тәуелді динамикасы» тақырыбында жоба жүзеге асырылуда.

Қазақстан-Нидерланд зерттеу орталығында Dutch Fruit Solutions компаниясымен бірлесіп голландиялық технология бойынша қарқынды бақ құрылды. Алма, алмұрт, қара өрік, шие, көкжидек, құлпынай, қызыл қарақат және аспарагустың 54 сорттары отырғызылды.

 

«Ақылды» жылыжай және Алматының алмасы

Халықаралық Қазақстан-Корей зерттеу орталығында оқу-шаруашылық базасында қуаттылығы 450 тонна көкөніс болатын «ақылды» жылыжай ашылды. Инвестициялар Корея Республикасының қорынан тартылды. Инновациялық жылыжайды пайдалану ҚазҰАЗУ-нің студенттері, магистранттары мен докторанттарына көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын тәжірибеде меңгеруге, ауыл кәсіпкерлері үшін «жылыжай шаруашылығының смарт-технологиялары» бойынша түрлі семинарлар, тренингтер өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жылыжайда аграрлық ғалымдар агротехникалық, ұйымдастырушылық-шаруашылық және өсімдіктерді қорғау шаралары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізе алады, сондай-ақ көкөніс дақылдарының әртүрлі сорттарының фенологиялық фазаларына мониторинг жүргізе алады.

Алматы қаласының рәмізі – «Алматы алмасын» қалпына келтіру және «Павловния» ағашын отырғызу бойынша жоба іске асырылуда. 

Қазақстанның оңтүстігінде сиыр етін өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отырған американдық Tyson Foods компаниясымен жұмыс жүргізілуде.

Нидерландтық компаниялармен бірлесіп «Асылтұқымды сүтті Smart-фермасы бар мал шаруашылығының инновациялық ғылыми-білім беру орталығы» жобасы іске асырылуда. Ғалымдар жануарлардың, атап айтқанда, ет және сүт бағытындағы ірі қара малдың, құйрықты қойлардың, жылқы, түйенің отандық тұқымдарының генетикалық әлеуетін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстанда 7 жыл ішінде жеміс ағаштарының бактериялық күйігін жұқтыру ауқымы 40 есе кеңейді. Корнель университетімен (АҚШ) бірлесіп микроклоналды көбейту зертханасында бактериялық күйікке және басқа ауруларға төзімді 3 млн данаға дейін сау көшеттер алынады.

Монпелье (Франция) университетімен бірлесіп ашылған референттік зертхана сүт және сүт өнімдерінің сапасын талдаумен айналысады, онда ауыл кәсіпкерлері өндірген өнімдерінің сапасы бойынша сертификат ала алады.

Су ресурстарын тиімді басқару мәселелерін шешу үшін Қазақстан мен Орталық Азия су шаруашылығы ғалымдарының күш-жігерін біріктіру мақсатында АДБ және Мичиган штатының университетімен (АҚШ) бірлесіп Халықаралық зерттеу орталығы 14 заманауи зерттеу зертханалары бар Су хабы ашылды. Жер және Климаттық хабтар құрылуда.

Су мәселелері бойынша ғалымдардың ғылыми-зерттеулері ұлттық қауіпсіздікті, атап айтқанда, су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. География институтының ғалымдарымен бірге алынған зерттеу нәтижелері «Қазақстанның су ресурстары: бағалау, болжау, басқару» атты ғылыми жұмысқа енді. Бұл 30 томдық Қазақстан тарихында алғаш рет жарық көрді және ТМД елдерінде теңдесі жоқ бірегей еңбек.

«Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығы базасында Агротехнопаркті дамыту бойынша жұмыс жалғасуда, онда ЖОО ғалымдары инновациялық технологияларды, техниканы Қазақстанның ауыл шаруашылығы жағдайларына бейімдеуді жүргізуде. Ғалымдар 36 дақылдың 100-ден астам түрін зерттеуде.

Ғалымдар дүниежүзілік көкөніс шаруашылығы орталығымен (WVC) ынтымақтастықта. «Көкөніс шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығында қызанақ, картоп, бұрыш, салаттың 5 бірегей сорттары өсірілді. Олардың өнімділігі аудандастырылған сорттардан 27-50%-ға жоғары. Екі жылдық көкөніс дақылдарының тұқым өсіру технологиясы әзірленді және ұсынылды, бұл тұқым өндіруге жұмсалатын шығындарды орта есеппен 25-30%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

 

Әлемнің 137 жетекші ЖОО-мен байланыс және 11 қос диплом бағдарламасы

Қазіргі уақытта университет әлемнің 137 жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтасады. Жоғары білім және ғылым бойынша 15 халықаралық қауымдастық пен ұйымның мүшесі болып табылады. Университет ТМД елдерінің жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорларының Кеңесінде, Алматы аймақтық ректорлар Кеңесінде төрағалық етеді.

Тәжірибеге бағытталған мамандарды даярлауды күшейту үшін тәжірибенің барлық түрлері 7 айға дейін ұлғайтылды. Агробизнесті стратегиялық зерттеу орталығы құрылды, онда студенттер екінші курстан бастап бизнес-жоспарлар әзірлейді. 

Университетте АҚШ, Еуропа, Тынық мұхит аймағы елдерінің жетекші серіктес жоғары оқу орындарымен 11 қос диплом бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мысалы, Варшава жаратылыстану ғылымдары университетімен (Польша) «IT-технологияларды пайдалана отырып, су ресурстарын басқару» қос дипломды магистрлік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Университет өзінің инновациялық дамуында аграрлық мамандықтар бойынша QS әлемдік рейтингінде № 1 жоғары оқу орны болып табылатын Вагенинген (Нидерланд) зерттеу университетінің тәжірибесін басшылыққа алады.

2019 жылғы қарашада ҚР Премьер-министрі А.Ұ.Мамин бастаған Қазақстанның Үкіметтік делегациясының Нидерланд Корольдігіне сапары кезінде біздің жоғары оқу орындары арасында «Ветеринариялық-тамақ қауіпсіздігі және технологиясы» және «Өсімдіктер туралы ғылым мен технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды бірлесіп даярлау туралы келісімге қол қойылды.

Университетте Вагенинген университетімен жұмыс бойынша институт құрылды, онда пилоттық режимде «Өсімдіктер туралы ғылым және технологиялар», «Ветеринариялық-тамақ қауіпсіздігі және технологиялар» екі білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді даярлау басталды. 

Әр бағдарламаға 50 студенттен қабылдау жоспарлануда, олар елден шықпай-ақ сапалы білім алады. Мұндай бағдарламаларды енгізу әлемдік деңгейдегі, халықаралық аренада бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға және алынған тәжірибені еліміздің жоғары оқу орындарына таратуға мүмкіндік береді.

Жыл сайын өткізілетін қорытынды Халықаралық Агротехнологиялық Саммит тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңына айналды, оның жұмысына әлемнің жетекші елдерінің көрнекті ғалымдары, сарапшылары қатысады. 

2020 жылғы 3-4 желтоқсанда «Экономиканың жаһандануы жағдайында АӨК инновациялық дамуы» V Халықаралық Агротехнологиялық саммиті өтті. Саммиттің жұмысына онлайн режимінде Америка, Еуропа және Азия-Тынық мұхиты аймағының 55 елінен 258 спикер қатысты. Саммит жұмысына барлығы 3000-ға жуық адам қатысты. 

Пленарлық және панелдік сессияларда ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі комитеттерінің төрағалары, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Қазақстандағы шетелдік елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері, 15 халықаралық қауымдастық, 50 қоғамдық ұйым, жақын және алыс шетелдердің 180-нен астам жетекші университеттерінің, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарының ректорлары мен басшылары, халықаралық сарапшылар, көрнекті ғалымдар, ауыл кәсіпкерлері, түлектер, студенттер, магистранттар, докторанттар сөз алып, өз пікірлерін білдірді.

Сыр өңірі – ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы, бүгін ауыл шаруашылығы дамыған, табиғи ресурстарға бай облыстардың бірі. Өңір экономикасының негізгі басым бағыттарының бірі саналатын ауыл шаруашылығы саласын дамыту жағдайында нақты бағдарламаларды қолға алып, Сыр бойының жарқын келешегін қамтамасыз ету жолында Қызылорда облысы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті көп жылдар қоян-қолтық бірігіп республикамыздың аграрлық саласының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Соның бір көрінісі – университетімізде осы аймақтан 2021-2022 оқу жылында 105 талапкер оқуға түсті және 400-дей түлектер білімдерін шыңдауда. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға көтеріліп келеді.

Бүгінде мерейлі 70 жасқа толып отырған Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА Вице-Президенті, академигі, аграрлық ғылымдар бөлімінің төрағасы, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есполов Тілектес Исабайұлына қызметіне табыс, зор денсаулық тілейміз!

                    

Нұрлан АБДИЛЬДИН, ҚазҰАУ «ІТ технологиялар, автоматтандыру және АӨК механизациялау» факультетінің деканы, Насрадин АМАНОВ, Білімгерлер контингентін қалыптастыру департаменті директорының орынбасары
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 40
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 93
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 96
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 40
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 205
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 209
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 422
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 385

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9079
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8477
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11705
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9469
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10686