А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының селекционерлері «Таймас» деген атпен отандық жаңа бидай сортын жасап шығарды. Бидайдың жаңа сұрыпы жақын арада Қазақстанның барлық диқандарының игілігіне берілетін болады.
Жаңа астық тұқымы қысқа сабақты, құрғақшылыққа өте төзімді және ол қазіргі таңда әлемнің барша дихандарын, селекционерлерін тығырыққа тіреп отырған бидай жапырақшаларының тотығуы тәрізді ауыруға ерекше төзімді.
«Таймас сортына сұраныс қазірдің өзінде өте жоғары. Бірақ біз фермерлерге жеткілікті көлемде тұқым ұсына алмаймыз. Ол жаңа сорт болғандықтан қазір біз оны көбейтуді қолға алып жатырмыз, екі жылдан кейін тауарлық тұқымдарды толықтай ұсына аламыз», - деді А.Бараев атындағы Астық шаруашылығының Жұмсақ жаздық бидай селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Татьяна Шелаева.
Қазақстанда өсіруге ең қолайлы сорттарды жасау жұмыстары жалғасуда А.И.Бараев атындағы АШҒӨО зертханасында әлемнің 60-тан астам елден 5000 бидай сорттарының сынамалары іріктелді. Түпнұсқа тұқымдардың бір бөлігі Қазақстандық сұрыптар. Бұл жиналып алынған бидай сұрыптарының барлығы құрғақшылыққа төзімділігімен және жоғары дәнділігімен, өнімділігімен ерекшеленген.
Біздің ғалымдарымыз жан-жақтан әкелінген тұқымдардың ең алдымен генетикасын зерттейді. Содан кейін будандастыру жұмыстарын жүргізеді. Осылайша перспективалық көрсеткіштері бар үлгілерді таңдап алды. Нәтижесінде, қазір сол 5000 үлгінің 50-і ғана іріктеліп алынған. Ал соңғы сынақтан тіпті олардың бірнешеуі ғана іріктеліп алынып отыр. Олар жаңа сорттарға айналады деген сөз.
Қазір А. И. Бараева атындағы АШҒӨО-нда селекциянда ерекше сорттар бар. Атап айтсақ, «Шортандинская 95» және «Шортандинская 2012» өте жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бүгінгі күні бұл сорттар Қазақстан алқаптарының 1,3 миллион гектар жеріне егілді.
Қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанымен де, Қазақстан Республикасында отандық тұқымдар әлі де тапшы.
«Майлы дақылдарының да, бұршақ дақылдарының да тұқымдарына сұраныс өте жоғары. Біздің таңдауымызда күнбағыстың бес сорты бар. Бірақ мәселе еліміздегі тұқым жүйесінің ақсауы болып отыр. Яғни, сортты жасап, оны тауарлық партияларды өндіруге серіктес шаруашылықтарға беруіміз керек. Ал бізде олардың саны аз – күнбағыс бұл бір ғана мысал. Сайып келгенде осы бір күрделі жұмыспен ешкім айналысқысы келмейді», - дейді бұршақ, дәнді дақылдар, майлы және дәнді дақылдар селекциясы бөлімінің басшысы Ирина Ошергина.