Әйелдер жанды қуыршақ емес!

Әйелдер жанды қуыршақ емес!

Бұл Алаш зиялыларынан бастап ағартушы Ыбырай Алтынсарин және т.б. қазақтың атқамінер, нардай-нардай тұлғалары сол XX ғасырдың өзінде көтерген мәселе. Қазақ зиялыларының сол заманда білімге, ғылымға ұмтылып, жазып кеткен еңбектеріне үңілсек, ізденіс пен қатар терең толғамды, зілдей ойды көреміз. Зиялылардың жары көбіне өзге ұлт өкілдерінен болғаны бізге жаңалық емес. Өзімен тең дәрежеде қоғамдық-әлеуметтік жағдайды болсын еркін талқылай алатын алымды қыздар сол кезеңде болмады деуге де келмейді. Алайда «Отбасы – ошақ қасы» деп көп қыздарымыз оқуға түспей, күнделікті күйбіңге байланып қалғаны шындық. Қазіргі заманда оқу-білімге ұмтылып, өз саласының мықты маманы болып жүрген дарабоз қыздарымыз көп. Бірақ әлі күнге қазақ қоғамында әйелдің орнын қазан-ошақ деп көрсететін кертартпа азаматтар жоқ емес. Сондықтан бұл мәселені көтере отырып айтқымыз келгені – демократиялық елдердің қатарына қосылып, дамыған, адам құқығы қорғалған қоғамда өмір сүргіміз келген екен, стереотиптерден арылайық.

Мен алысқа бармай әуелі қыздарға мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин атты азаматты атап өтейін. Оның көрегендігі, оның даналығы және нақты атқарған ісі сол заманда жасаған өте үлкен қадам еді.

Сонымен қатар «Абай» журналының 1918 жылы шыққан 7-санына қарасақ «Әйелді оқыту керек» деген мақаланы көзіміз шалды. Тақырыптың өзі сол заманның адамдарының құлағына түрпідей тиген болар. «Мәдениетке аяқ басуға айналған жұрттың еркек, әйелі білімге бірдей ұмтылады. Өңкей ерлері ғана білімге ұмтылып, әйелдері жанды қуыршақ есебінде қалған ұлтты мәдениетке ұмтылған жұрт деп айтуға болмайды. Ондай ұлт қанша талпынғанмен түбірлі мәдениет жасай алмайды. Бір ұлт бір кісінің денесі сияқты, дененің жартысы әйел. Ерлері ғылымды болып, әйелі надан қалған ұлт бір жағын жын соққан денемен бірдей. Әр нәрсені білуге, үйренуге ұмтылу кісінің табиғатына біткен жан ләззаты. Өнер‐ғылым – еркек-әйелдің ортақ сыбағасы».

 

Әйел құқығы жайлы, әйел ағзасы жайлы зерттеу жазған француз жазушысы, экзистенция өкілі Симона де Бовуардың «Второй пол» атты еңбегі бар. Мифтен бастап, тарих, тәрбие және әйел ағзасына дейін ашық жазып шыққан бұл еңбегі сол жылдары қоғамда сілкініс тудырды.

Ол кітабының соңында: «Ерлер мен әйелдердің құқығы тең болатын әлемді елестету қиын емес. Өйткені дәл осы революция уәде еткен қоғамда: ерлер мен әйелдер бірдей тәлім-тәрбие, білім ала алады. Тең дәрежеде жұмыс істейді. Бірдей қағидаға бағынып, тең жалақы алады. Эротикалық жағынан еркіндік, моральдық қағидаға қайшы саналмайды. Сексуалдық қызмет үшін енді тиісті «төлемақы» төленбейді. Неке еркін қатынаста болады, жұбайлар қаласа, ажыраса алады. Әйел өз қалауымен ана болады» дейді. Қалыптасқан түсініктерге қайшы болғандықтан бұл кітап Еуропада дүрбелең туғызды. Біз адам құқығын бәрінен жоғары қоятын елдердің білімі мен тәжірибесін салыстырмалы түрде қарап, өзіміз тұрып жатқан елдің қоғамын алға тартуды көздеу керекпіз. Бұл пікірлерге бәлкім патриархалды қоғам тәрбиелген көп ер адам «әйел – ердің қабырғасынан» деп тоқтар.

Аристотель айтқан «алтын орталықты» ұстанар болсақ, сан ғасырлар бойы келе жатқан ата дәстүр мен жиналған халық ілімінен іліп аларлығы бар, жастар бәріне жирене қарар болса, оның тереңіне бойлай алмайды және осы заманғы теңдік пен адам құқығы жайлы көзқарастардың ішінде де бәрімізге өте қажет дүниелер бар. Көкірек көзіңізбен қарап, «әйел, ер» деп бірін кемсітіп, бірін көтермесеңіз, ғылым-білім жолында, өз саласында барынша еңбек етіп жүрген адамдарды бірдей көресіз. Адам еркіндігі бәрінен бағалы дүние. Себебі бәріміз адамбыз. Қазір жастардың көбі білімді, санасы тұнық. Сондықтан этикалық нормаларды сақтаған, мәдениетті, білімді жастарға үлкен үміт арттамыз. Ері де, әйелі де бәсекелестікте қалыспай, мықты маман болатын, құлашын еркін сермейтін, жынысына қарамай, биіктерді еңсеретін кезең келе жатыр.

 

Дидар ҚАЙРАТ
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 61
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796