Әкім тұрғындармен жүздесті

Әкім тұрғындармен жүздесті

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елді мекендердің тұрғындарымен кездесуде қандай мәселелер көтерілгенін жазды. 

«Интернациональный», «Күйгенжар», «Мичурино» елді мекендерінің тұрғындарымен кездестім. Елді мекендерде негізгі мәселелер инженерлік желілер, әлеуметтік нысандар, жолдар салу, жарықтандыру жүргізу ісіне және т.б. қатысты. Сол сияқты тұрғындар сумен жабдықтау, электр энергиясы, автобустарды іске қосу бойынша сұрақтар қойды.

Сонымен жазда қосымша ауызсу станциясын (ССС-3) іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл бүкіл қала бойынша су мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қалаға жылумен, электрмен жабдықтауда қосымша күш беретін тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері нысандарының бірқатарының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар биыл 11 мектеп (14-і салынып жатыр), 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер тапсырамыз, сондай-ақ қалаға 400-500 автобус жеткіземіз, екі жыл ішінде инвесторлар есебінен 40-қа жуық балабақша салынады және т.б. Кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер шешіледі. Біз оларды кезең-кезеңімен іске асырамыз», – деп жазды Астана қаласы әкімі.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
18.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 84
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 82
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 88
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 84

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25164
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24683
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42108
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37966
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42438