Алаш сөзі – рух көзі

Алаш сөзі –  рух көзі

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзекті мәселелердің бірі болған. Қазір де солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Жаңа Қазақстанның белесінде өзінің 30 жылдық тарихын артқа тастап, құр сөзден нақты іске көшіп, Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу болуы тиіс. Сондықтан да болар, мемлекет тарапынан патриоттықты дамыту бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді бағдарламалар жасалып жатқаны. Алаш зиялылары насихатталып, мерейтойлары республикалық, халықаралық деңгейде тойлануы қазақ жастарын патриоттық тәрбиеге үйретеді. Ахмет Байтұрсынұлы жайлы «Ұлт ұстазы», Міржақып Дұлатұлы жайлы «Оян, Қазақ!», «Қаныш» сияқты ұлы тұлғалар жайлы кинотуындылар жарық көріп жатыр. Жазушы Мұхтар Әуезов «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» деп айтқан екен. Қоғамның өзегіне түскен құртты емдейтін де, жазатын да жігіттер. Ұл өсіріп, қыз баққан әрбір әке балаларына кітап оқып, газет-журнал қарап, үлгі көрсете алса, сол үйдің балалары кітапсүйер оқырманның тарапынан табылар еді. Бала ошақ басынан көргенін істейді. Сондықтан әке мен ана – бала үшін тәрбие мектебі. Уақыт жылжыған сайын Алаш тұлғаларының өнегесі, тағылымы жастарға үлгі болып, патриоттық сезімді бере бастады. Алаш сөзі тәрбие, рух көзіне айналды. Абай атамыз «Болмасаң да ұқсап бақ» деп айтқан. Бүгінгі күнде Алаш ерлерінен үлгі алып, өнегесін жаңғырту үшін барлық мүмкіндік жасалған. Жаңа қазақ қоғамы білімді, әділ, ұлтына, еліне жүрегімен қызмет қыларлық азаматтарға зәру. Егер бүгінгі қазақ жігіті иманды болса, қоғам да иманды болады. Бүгінгі қазақ азаматы мінезді, парасатты болса, ұрпағы да ізетті, текті болады. Тек тұлға ғана өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті. Сол себепті патриотизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын аса маңызды рухани игілік ретінде түсініледі. Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін  көрсетеді, өйткені оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.

РАУАН АЛМАСҰЛЫ
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 144
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8840
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448