Әлемдік бәсекеге қабілетті ұлт болудың негізі

Әлемдік бәсекеге қабілетті ұлт болудың негізі
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» тақырыбындағы ұлттық баяндамада ХХІ ғасыр табалдырығында жетекші ұлттық білім беру жүйелері мен халықаралық ұйым өкілдерінің ұлттық білім беру жүйелерін реформалау бойынша талдау жүргізіп, алдағы уақытта жаһандық қауіп-қатерлерді шешуге қатыса алатын, жасампаздығы, эмоционалды бейімділігі мен тұрақтылығы, жауапкершілігі мен эмпатиясы бар, түрлі әлеуметтік топтардың, мәдениеттер мен ұлттардың өкілдерімен қарым-қатынас орната алатын адамдарға деген қажеттілік өсетіні сөз болады.
Жаһандану дәуіріндегі мамандарға аналитикалық ойлау мен инновацияға ашықтық, ұдайы оқуға дайын болу, мәселелерді шешуге кешенді көзқарас, сыни ойлау мен талдау, шығармашылық пен ерекше ойлау қабілеттері сияқты талаптар қойылып отыр.
«Білім беру – оқу» деген ұстанымның жаһандану кезінде «білім беру – тұлғаның қалыптасуы мен дамуы» деген ұстанымға ауысқаны да заман талабы.
Тұлғаның қалыптасуына негізделген модель адам бойындағы қабілеттер мен мүмкіндіктерді және қажеттіліктеріне қарай балабақшадан бастау алып, одан әрі мектепте, колледждерде, жоғары оқу орындарында да арнайы бағдарламалар арқылы жүзеге асатын болады.
Осы білім беру моделін жүзеге асыру үшін демографиялық өзгерістер, кадрмен қамтамасыз ету, білім сапасы, жаңа технологиялар мен цифрландыру, басқару жүйесі сияқты мәселелерді тезірек шешу қажеттілігіне баса аударылатындығы көңіл қуантады.
Баяндаманың келесі бөлімдерінде мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қатысты жүзеге асырылатын бағдарламалар мен қажетті жүйелі реформалар мәселесі көтерледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің баршаға қолжетімділігі, аталған мекемелердегі кадр сапасын жақсарту, сондай-ақ жеке тұлғаны қалыптастырудағы іс-шараларды оңтайландыру бойынша талдау жүргізіледі.
Мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектептің үйлесімділігін мазмұндағы, оқыту әдістеріндегі және жасы кіші балаларды тәрбиелеудегі сабақтастықты қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін анықтауға өзгерістер енгізіліп, оған оқыту бағдарламалары мен балаларды дамытуға арналған құралдарды алу шығыны қосылатындығы дұрыс шешім деп ойлаймын.
Мектеп білім алушылардың әлеуметтік, физикалық, моральдық, эмоциялық, интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді; балалар дүниетанымының тұтастығын, сыни ойлауын, өзіне талдау жасап, өзін-өзі бағалау қабілетін, қайтпас-қайсар мінезін, шығармашылық әлеуетін, әлеуметтік-мәдени санасын, танымдық қабілеттерін, білім алуын қамтамасыз етеді; білім алушының жасына байланысты жағымды әсер етеді, мектепте болсын, үйде және өзге де қоғамдық жерлерде болсын оқуға ынтасын арттыратын, дамуға оңтайлы орта қалыптастырады.
Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту үшін сапалы білім берумен қатар, озық тәжірибелерді тарату жұмыстарын одан әрі жандандыру қажет.
Сонымен қатар білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін (БСБҰМ) ары қарай дамыту, сырттай бақылауды жүзеге асыру жұмыстары білім сапасын арттыруға бағытталған оңды шешім деп есептеймін. Педагогикалық білім беру саласын дамытудың 4 бағыты да жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мақсатты меже болып отыр.
Жоғары оқу орындарында сапалы маман даярлау жауапкершілігін арттыру – ұлттық білім беру жүйесін дамытуға қажетті факторлардың бірі. Педагогтерді аттестаттау ережесіне жасалған оңды өзгерістер педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсартуға негіз бола алары сөзсіз.
Сондай-ақ Қазақстанда 2011 жылдан бері талқыланып келе жатқан біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесін енгізу алдағы уақытта тез зерттеліп, кезең-кезеңімен қолданысқа енгізілетіндігі де үлкен бастама болғалы тұр.
Орта білім беру мазмұнына сай білім берудің жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандарты білімге бағытталудан – адамға бағытталуға өзгереді.
Егер бұрын білім берудің мақсаты – оқушыға білім, білік, дағды жиынтығын дарыту болған болса, қазіргі оқу бағдарламасының нысаны – баланың өзі және түрлі жағдайларда мәселені дербес түрде шеше алу қабілеті болмақ.
Білім саласын жетілдіру – заман талабы. Жоғарыда көрсетілген білім саласын дамытуға негізделген бастамалар алдағы уақытта әлемдік бәсекеге қабілетті ұлт болудың негізі бола алатындығына сенім білдіре отырып, жүзеге асуына атсалысатын боламыз.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы
07.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 71
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 30
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 36
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 31
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 65
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 71
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565