АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ
Еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алып жатқан су тасқыны баршаны алаңдатып отыр. Осы орайда бүгін өңіріміздегі басты су жүйелерінің бірі – Талас өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарымен таныстым.
Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл аудандарының бірқатар елді мекендері өзен жағалауына жақын орналасқаны белгілі. Ондағы тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда болуы тиіс.
Бұған дейін өзеннің 28 шақырымға жуық жағалау бойынша нығайту жұмыстары атқарылған. Дегенмен аралау барысында бірқатар аумақтарда жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы анықталды. Ол бойынша жауапты тұлғаларға тиісті шаралар қабылдауды тапсырдым.
Жалпы, су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында, ағымдағы жылғы бекітілген су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарына сәйкес, барлығы 1790 шақырым канал, 1833 шақырым арық, 437 шақырым дренаж жүйесі, 946 су өткізгіш құрылыстар тазартылып, елді мекендердің айналасына үйінді төсеу жүргізілді.
Бүгінде су басуы мүмкін 42 елді мекеннің 34-нен қауіп жойылып, 2 елді мекеннің қауіпі төмендетілді, су басуға бейім 6 елді мекен бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.
Ірі су қоймалары пайдалану ережелеріне сәйкес жұмыс істеуде. Облыстың барлық су қоймаларында тасқын сулар мен еріген суларды қабылдауға арналған қосымша көлемдер қарастырылды.
28.03.2024 жылғы жағдай бойынша су қоймаларының толу деңгейі: Тасөткел-90%, Теріс-Ащыбұлақ-85%, Ынталы-88%, Ақкөл-20%, Қарақоңыз-99%, Бүркітті- 29%, Қақпатас-58%, Чоң-Қақпа (Киров)-77%.
Бұл шараларға қарамастан, қауіп-қатер жоқ деп қарап отыруға болмайды. Ауа-райының кез келген жағдайына дайын болуға тиіспіз. Сондықтан облыстың аумақтық азаматтық қорғау жүйесі жоғары дайындық режиміне келтірілді. Тәулік бойы кезекшіліктер, таулы аймақтардағы су қорларын әуеден бақылау шаралары ұйымдастырылуда.
Су тасқыны жағдайының күрделенуіне жедел ден қою мақсатында 1 459 адам, 364 бірлік техника, 135 су айдау құралы, 19 жүзу құралдарынан тұратын күштер мен құралдар топтамасы қалыптастырылды.
 
 
 
 
 
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
30.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 178
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 173
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 683
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 803
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 717

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8873
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8268
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11496
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9252
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10479