Ақмола облысындағы «Қазсушар» филиалы өңірдегі су шаруашылығы нысандарын көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр

Ақмола облысындағы «Қазсушар» филиалы өңірдегі су шаруашылығы нысандарын көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр

 Ақмола облысындағы «Қазсушар» РМК филиалына қарасты нысандарда алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында жоспарлы әрі күнделікті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 Астана су қоймасына, Преображенск гидроторабына және Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суынан қорғауға арналған инженерлік құрылысжайлар кешеніне 600 тоннадан астам инертті материал жеткізілді. Кенбидайық гидроторабында көтергіш механизмдердің шынжырлары ауыстырылды. Краснобор су қоймасының еңістерін бут таспен бекіту жұмыстары жүргізілуде.

 Су шаруашылығы нысандарына және өндірістік учаскелер аумағына баратын кірме жолдар қардан тазартылып жатыр. Халықты ескерту жүйесіне сынақ жүргізілді. Су қоймаларындағы тасқын суды өткізу және жинақтауға арналған бос сыйымдылық көлемі 175 млн текше метрді құрайды.

 «Жұмыстар 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша бұрын бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Филиалға қарасты барлық су шаруашылығы нысандарында тұрақты мониторинг жүргізіліп, жедел әрекет етуді қамтамасыз ету үшін жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жұмыстары белсенді түрде атқарылуда», – деді Ақмола облысындағы «Қазсушар» РМК филиалының директоры Ербол Әскербеков.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

03.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23702
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23357
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40051
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36826
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41020