АСТАНА МАҢЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ҮКІМЕТ НАЗАРЫНДА

АСТАНА МАҢЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ҮКІМЕТ НАЗАРЫНДА

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте салалық тұжырымдамалардың жобалары мен Астана маңындағы елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Астана маңындағы елді мекендерді әлеуметтік- экономикалық дамытудың кешенді жоспарында 2025 жылға дейін мектептер, балабақшалар, автожолдар, газ, жылу, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу, өнеркәсіпті дамыту, сондай-ақ азаматтарды спортпен және медициналық қызметтермен қамтуды арттыру және т. б. көзделгенін хабарлады. Премьер-Министр ұсынылған Кешенді жоспардың жобасын республикалық бюджет комиссиясы мақұлдағанын ескере отырып, оны қолдайтынын айтты.

Сондай-ақ кеңесте Ұлттық экономика министрі Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасымен таныстырды. Оның айтуынша, ауылдық аумақтарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды (мектептер, ауруханалар, интернет, су қоймалары және т. б.) жаңғырту, кәсіпкерлік арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру, жеке қосалқы шаруашылықтар мен кооперацияларды дамыту және т. б. шаралар іске асырылады. Тұжырымдама ауылдық аумақтарды дамыту тәсілдерінің тиімділігін арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту және ауылдық жерлерде жайлы өмір сүруге қолайлы орта құру үшін Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы мен Сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін әзірленеді. Сондай-ақ кеңесте республиканың отын-энергетика кешенін 2026 жылға дейін және электр энергетикасы саласын 2032 жылға дейін дамыту тұжырымдамаларының жобалары қаралды. Премьер-Министр ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, оларды пысықтауды тапсырды.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 20
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550