АСТАНА МЕРЕКЕСІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНДЫ?

АСТАНА МЕРЕКЕСІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНДЫ?

Өткен аптада қазақ елінің Астанасы өзінің 25 жылдығын тойлады. Қазақы танымға салсақ, мүшел жас.  Есілдің жағасы ән мен жырға бөленді. Халықтың көңіл күйі де ерекше болды. 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астананың 25 жылдығы. Жаңа даму бағыттары. Жаңа мүмкіндіктер» атты елорданың бауырлас қалалары форумының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Ең алдымен, жиынға қатысып отырған бауырлас қалалардың басшыларына, әлемнің бірнеше елінен арнайы келген мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, Астананың 25 жылдық қалыптасу тарихына қысқаша тоқталды. 

– Бұл – мерейлі белес. Біз ширек ғасыр бұрын астанамызды Алатаудың баурайынан Арқа төсіне көшірдік. Есілдің жағасына ел қондырып, жаңа қаланың іргесін қаладық. Бүгін осы маңызды жиынға елорданың бұрынғы әкімдері, қаламыздың құрметті тұрғындары, еңбек ардагерлері, мәдениет, ғылым, спорт қайраткерлері, ғалымдар, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер қатысып отыр. Олар Тәуелсіз Қазақстанның тірегі болған Астананың құрылысына белсене атсалысты, Кеңес заманындағы ескі шаһардың қазіргі заманға сай озық қалаға айналуына зор үлес қосты. Мен баршаңызға шынайы алғыс айтамын. Шын мәнінде, Астана қаласының салынуы тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша мәні бар оқиға болды. Өздеріңізге мәлім, елорданы көшіру оңай болған жоқ, қомақты жұмыс істелді. Бұл шешім өте күрделі кезеңде қабылданды. Ел экономикасы тоқырауда болды. Жұрт нарықтық қатынастарға толық бейімделмеген кез еді. Осындай қиын жағдайда Жоғарғы Кеңес Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша Астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Бас қаламыз ресми түрде 1997 жылы 10 желтоқсанда көшірілді. Ал осыдан 25 жыл бұрын 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Елорданың жылнамасы Тәуелсіз Қазақстанның шежіресімен тығыз астасып жатыр. Шын мәнінде, астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болды. Бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім, – деді Президент.

Осы арада өткенге сәл шегініс жасағалы отырмыз. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Ал биыл Астана қаласына 25 жыл толып отыр.  Осы уақытқа дейін еліміздің елордасы дамудың бірнеше сатысынан өтті. Бүгінде халықаралық аренада өзіндік келбеті бар, заманауи даму үрдісінен қалмай келе жатқан жас қала.

Елорданы көшіру туралы шешім қабылданған сәтте Ақмола халқының саны небәрі 290 мың адам болған. Ал 1999 жылы халық саны 326 мыңға жетті. Бүгінде қала аумағы 79,7 мың га, оның 13,4 мың га жер қоныстануға арналған. Астананы дамыту бойынша Бас жоспар жобасының бастапқы деректеріне сәйкес 2021 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша қала тұрғындарының саны  1 184,4 мың адамға жетті. Оның ішінде 6 жасқа дейінгі балалар –  279,6 мың адам,  7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 206,7 мың адам,  63 жастан асқан халық саны  75,7 мың адам болды. Ата Заңға сәйкес еліміздің әр азаматы білім алуға, денсаулығын сақтауға және жақсы өмір сүруге құқылы. Осы ретте елорда тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруда қандай жағдай жасалып жатқанын сала бойынша сараптап көрсек.

2001 жылдан бастап елордада «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы» іске қосылып, ол көп ұзамай қала мен ел экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту орталығына айналды. Елорданың жалпы аймақтық өнім көлемі 1998 жылы 60,5 миллиард теңге болды. 2000 жылдардың басында отандық және шетелдік бизнес Астана құрылысына жүздеген миллион доллар инвестиция салды.

25 жыл ішінде қаланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 13,7 трлн теңге. 

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 427,6 млрд теңге болса, өсім 20,9% болды.

Инвестициялар көбіне жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, өнеркәсіп, көлік және қоймалау, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. бағыттарға тартылды. 

Мейрам күні әдеттегідей өңірлерде мерекелік шаралар,  концерттер,  халықтық серуендер ұйымдастырылды. Түрлі спорттық сайыстар, фестивальдер өтті. Биыл да игі дәстүр өз жалғасын тапты.

Астананың 25 жылдығына арналған мерекелік шаралар 1 шілде күні басталып кеткен болатын. 

5-6 шілде – «Гүл шаһары – Астана» атты суретшілер плэнері (ЭКСПО алаңы);

6 шілде – «Думанды Астана» концерттері (қаланың шет аймақтары және тұрғын үй алаптары, уақыты – 18.00. Кіру тегін болды);

6 шілде – OPEN AIR мерекелік концерті (ЭКСПО алаңы, уақыты – 18:00);

6-8 шілде – Mereke Street фествалі (Орталық саябақ, уақыты: 10.00-22.00);

6-9 шілде – Franke цирк бағдарламасы (Астаналық цирк, уақыты – 16.00);

7 шілде – KITAP FEST республикалық кітап көрмесі (Уақыты: 11.00-19.00, кіру тегін болды);

8-9 шілде – «Дала тамақтары» фестивалі (Орталық саябақ, уақыты: 12.00-20.00, кіру тегін болды);

5-8 шілде – «Қыз-Жібек» этно-фольклорлық мюзикл (Жас көрерменнің музыкалық театры);

5-6 шілде – «Болмаған балалық шақ» драмасы (Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры);

6 шілде – Бәйге («Қазанат» ипподромы, басталуы: 10:00);

6 шілде – «Толағай алыптары» ашық қалалық турнирі.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов: «Астана әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан астаналардың қатарына кіреді. 25 жыл ішінде Астана аумағы едәуір ұлғайды, халық саны да өсті. Елордамыздың халықаралық беделі де артып келеді. Әріптестермен бірге бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен бауырлас қалалар форумына қатыстық. 

Тарихи шара елордамыздың 25 жылдығына арналды. Оған АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Израиль, Түркия, Польша, Үндістан, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Жапония, Әзербайжан, Оңтүстік Корея және басқа елдерден 1000-нан астам адам қатысады. 

Форумда өмірдің түрлі салаларында тәжірибе алмасу, сондай-ақ қалаларды дамытуға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қою жоспарлануда. Астанада барлығы 50-ден астам бауырлас қалалармен ынтымақтастыққа қол қойылған. Ал 1996 жылы Астананың алғашқы бауырлас қаласы ортағасырлық Польша елінің қаласы Гданьск болды».

14.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 113
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 166
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 36
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 116
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 112
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 166
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 215
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 219
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 206
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 216
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 220
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 216

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11323
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10258
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13503
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12457
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17465