Аудан әкімі округ тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі округ тұрғындарымен кездесті
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесу өткізу туралы» Жарлығында «барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» делінген.
Жарлықты басшылыққа ала отырып, Байқадам ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткіздім.
Округте атқарылып жатқан жұмыстар мен жүзеге асатын жобаларды баяндап, шілде айында округ тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелерге тоқталдым.
✅Екі ай бұрынғы кездесуде тұрғындар тарапынан 28 мәселе көтерілсе, бүгінгі таңда оның 22-і шешілді, көше, аула, ғимарат, мекеме тазалықтарына қатысты тармақтар тұрақты түрде жалғасып, шешімін тауып тұрады. Бұл бойынша ауыл әкімі мен жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырма берілген. Сонымен бірге, аудандық мұражай ғимаратын үлкейту, жол, су тарту мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Кездесу барысында жеке қабылдау өткізіп, хаттамалық тапсырма бердім.
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі
21.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5022
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5186
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20141
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18786
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22243