Әз-Наурыз Лондон төрінде

Әз-Наурыз Лондон төрінде

- Әз-НаурызҰлыбритания астанасында да кеңінен тойланды. Лондон орталығындағы UCL (ЮСиЭл) университеті алдында сахна құрылып, Орталық Азия өкілдерінің қатысуымен концерт өтті. Түркітілдес халықтар ұлттық өнері мен бай мәдениетін британиялықтар алдында паш етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық Азия елдерінің көктем фестивалі жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл күні Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және басқа да мемлекеттердің өнерпаздары сахнаға шығып, жырдан шашу шашады, мың бұрала би билейді. Далада өзбек ағайындар палау пісіріп, саудасын қыздырады.

Университет ғимаратының ішінде де ұлттық тағамдардан ауыз тиюге болады. Хафт Мива - ауған халқының дәмі. Ішіне жеті түрлі кептірілген жеміс пен жаңғақ қосылады. Біз білетін Наурыз көжеден айырмашылығы - бұл ыстық сорпа емес, салқын тәтті сусын.

«Біздің мәдениетімізде жеті қасиетті сан. Cондықтан Хафт Миваға біз жеті түрлі дәм қосамыз. Бұл асты таңертең дайын болған уақытта ішсеңіз өте жұмсақ, дәмді әрі нәрлі болады», дейді Лондон тұрғыны Нюша Нодус.

Ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдары да осында. Естелікке кәдесыйлар сатып алуға болады. Қазақстандық дизайнерлердің тақиялары мен әшекей бұйымдары келушілердің көңілінен шыққандай. Кезекте тұрғандардың қатары көп.

photo
«Жергілікті халық, әсіресе ағылшындар Қазақстан туралы біле бермейді. Үнемі Ауғанстанмен шатастырады. Оларға мәдениетімізде ерекшеліктер бар екенін айтамын. Туған жеріміз туралы көбірек біліп, саяхаттағандарын қалаймын», дейді Лондон тұрғыны Раушан Байспай.

Сыртта Наурызнама, шат-шадыманды ойын-сауық, той өтті. Түркітілдес халықтар ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп келе жатқан мәдени мұраларымен таныстырды. Ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетті. Қырғыздар аластау рәсімін өткізіп, жырдан шашу шашты.

«Қырғыз елінің ұлттық аспабы қомыздың сүйемелдеуімен ұлы демократ ақынымыз Тоқтағұл Сатылғановтың «Әлімхан» деген фольклорлық шығармасын орындадым. Ұйымдастырушыларға рақмет. Бұл біздің ынтымағымызды шыңдайды», дейді Лондон тұрғыны Ділқұмар Жолдошова.
photo

Қазақстандықтар да өнерден кенде емес екендіктерін танытты. Сахнаға шыққан студенттердің ешқайсысы кәсіби әнші-биші болмаса да халқымыздың ішкі жан дүниесінің байлығын ырғақты қозғалыстарымен «Қамажай» биі арқылы жеткізді. Шәмшінің риясыз сезімге толы лирикалық «Қайықта» әнін нақышына келтіріп орындады. Кішкентай өнерпаздар да қалыс қалмады. Үлкен сахнаға шығып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

photo
«Біз Наурызды көруге келдік. Эксетер қаласынан арнайы 3,5 сағат машинамен жүріп, енді осындай көріністі көру үшін келдік. Өйткені қазақпыз ғой. Наурыз мерекесі біз үшін ол кәдімгідей ұлттық құндылыққа толы, біздің ата-бабамыздан қалған, біздің рухымызды көтеретін, ең басты мерекелердің бірі болып саналады», дейді Эксетер қаласының тұрғыны, отандасымыз Самал Сабыржан.

Төрт сағатқа созылған Лондон төріндегі Наурыз мерекесі аяқталса да, халық тарағысы келмей ұзаққа дейін тұрды. Барлығының тілегі бір: Наурыз мерекесі әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, бақыт пен молшылық әкелсін.

photo
photo
ҚазАқпарат
21.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601