«Бабалар аманатына» адалдық

«Бабалар аманатына» адалдық

Ұстаз парызы – ел болашағын сапа- лы оқытып, терең тәрбиелеу. Бұл ретте кез келген пән мұғалімдері бірдей жауап- ты. Сондықтан да көркем еңбек пәнінің мұғалімдері шәкірттерін еңбексүйгіштік- ке, қолөнерге баули отырып, ел та- рихынан тағылым беруді жүйелі мақсат тұтады. Бұл орайда жыл сайын есігін айқара ашатын республикалық «Ғасыр толғауы» көрмесінің маңызы ерекше. Биыл да аталмыш пән мұғалімдеріне құшағын айқара ашқан көрме наурыз айының 25-жұлдызында Қазақстан Ре- спубликасы Мемлекеттік орталық мұра- жайында «Бабалар аманаты» жобасы аясында өз жұмысын бастап кетті. Көрме шаралары сәуір айының жетінші жұлды- зына дейін жалғаспақ. Өнер туындылары арқылы ұлт тарихын биік насихаттаған игі шара А. Байтұрсынұлының 150 жыл- дық мерейтойы құрметіне арналды.

Ал «Бабалар аманаты» жобасы ел аумағындағы бүкіл көркем еңбек пәні мұғалімдерінің басын қосуды, болашақта өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесімен білім негізін ұштастыруды, сондай-ақ әр қилы жанрдағы туындылардың қыр-сы- рын тарих тұңғиығына терең бойлай оты- рып, осы ұстаздардың арқасында көре- рменге жеткізуді мығым мақсат етеді. Сондықтан да бұл көрме көркем еңбек пән мұғалімдері үшін терең тәжірибе ал- масу алаңына айналып отыр.

Көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үздік деп танылған 100-ге жуық мұғалімдердің төл туындылары назарға ұсынылды. Әрбір картина тарих тылсы- мынан сыр шертіп, өзіндік сипатта құ- былып тұрды.

Игі бастамаға мәйекті мұрындық болған «Бабалар аманаты» ұлттық жо- басының құрылғанына үш жыл толады. Жобаға ҚР Суретшілер Одағы, ҚР дизай- нерлерінің Еуразиялық Одағы, Қолөнер Одағы және көркем еңбек мұғалімдері жұмылып отыр.

Жоба жетекшісі Қанағат Кодеков ел ұстаздарының шығармашылық мақ- сатта біріккенін, бұл бірліктің берекесі мол екенін баса атады. Сонымен қатар Қ.Кодеков жоба арқылы өзара тәжірибе алмасу ұстаздардың педагогикалық ше- берліктерін ұштап, халықаралық деңгей- де өнер көрсетуге лайық шәкірттер тәр- биелеулеріне негіз болып табылатынын да мақтанышпен мәлімдеді. Ұлттық құн- дылықтарды жүйелі насихаттау, тиісінше дәріптеу баршамыздың қасиетті парызы- мыз екені де көрме аясында кеңінен ай- тылды.

Жеңісбек КӨКЕНОВ, Алматы қаласы, No119 мектеп-лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 55
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 530
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 480

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9183
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8582
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11810
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9579
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10791