Балалар жылы қорытындыланды

Балалар жылы қорытындыланды

Қазақстан өскелең ұрпақтың білім алуына жайлы жағдай жасап, қамқорлық көрсетуде. Бұл –  мемлекеттің болашағына жасаған инвестициясы. Президент 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай, Астана қаласында Чехия, Хорватия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдердің халықаралық сарапшыларының қатысуымен «Қазақстандағы балалар жылы: балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, түйінді сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» конференциясы өтті. Аталмыш іс-шараға  БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), Парламент, үкіметтік емес ұйымдар, бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, педагогтер, ата-аналар және балалар өкілдері қатысты.

«Еліміздегі халықтың үштен бір бөлігі – балалар. Балалар жылы ішінде білім беру ұйымдарында балалардың тамақтануын жақсарту бойынша шаралар қабылданды. Тамақтану сапасын күшейту, құнын реттеу, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізуде біршама өзгерістер енгізілді. Апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою үшін Президент тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы әзірленді. Бағдарламаға сәйкес қалалар мен ауылдарда 800 мыңнан астам жаңа оқушы орындарына 401 мектеп салынады», – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, министр барлық білім беру ұйымдарында камералар орнатылып, білім беру объектілерін қорғауды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілгендігін, турникеттер мен дабыл түймелері орнатылғандығын атап өтті. Микаэла Фриберг-Стори: «Балаларға салынатын инвестициялар – болашаққа салынатын инвестициялар. Қазақстан осы бағытта нәтижелі іс-шаралар қабылдап келеді. Оқу-ағарту министрі айтқандай, Балалар жылы ішінде жүргізілген жұмыс кейінгі жылдары да жалғасатын болады. Біз ынтымақтастыққа дайынбыз», – деді БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі.

Балалар жылы мектеп автобустарының автобус паркі алғаш рет 515 жаңа автокөлікпен жаңартылды. Сондай-ақ, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасы алғаш рет кешенді түрде жетілдіріліп, көркем әдебиет қоры мемлекеттік тілдегі басылымдармен толықтырылды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тіркеуді автоматтандыруды көздейтін ПМПК модулі әзірленді. Бір ПМПК ашу нормативтері 60 мыңнан 50 мың балаға азайтылды.

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілі: «ЮНИСЕФ Қазақстанда ұзақ уақыт бойы ұлттық және жергілікті деңгейде балалардың әл-ауқатының мониторингі жүйесін құруға қолдау көрсетіп келеді. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Балалардың әл-ауқатының индексін жұмыс құралы, мәселелік сұрақтарды көрсететін компастың бір түрі ретінде пайдаланады деп үміттенеміз. Ол объективті көрсеткіштер негізінде балалардың мүддесі үшін шешім қабылдауға көмектеседі», – деді Артур ван Дизен.

Балжан АЛЖАНОВА
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 622
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 740
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 652
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 661

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410