БАЛАЛАРДЫ КІТАП оқуға ҚАЛАЙ БАУЛИМЫЗ?

БАЛАЛАРДЫ КІТАП оқуға  ҚАЛАЙ БАУЛИМЫЗ?

Қазіргі қоғамда дамудың рухани негізі кітапхана болып табылады. Ұлт болашағын кітапханасыз елестету мүмкін емес. Шетел ойшылынан  «кітапхана болмаса не болар еді?» дегенде, «Өткеніміз де, келешегіміз  де болмас  еді»  деген екен. Расында, кітапхана жоқ жерде қоғамның ізгіленуі қиын. Мәдениет пен ғылымның дамуы кітапхана жұмысымен тікелей байланысты. 

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар  кітапханасы кітап және кітап оқу арқылы баланың жан-жақты рухани даму ортасын қалыптастыруды, оқырмандар үшін ақпараттар алуға толық  мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді басшылыққа ала отырып, біршама міндеттер мен бағыттарды жүзеге асырып келеді. Белгілі тұлғалардың мерейтойларына орай іс-шаралар, мүмкіндігі шектеулі балаларды көркем және танымдық оқумен қамтуға  бағытталған жиындар өткізілді. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы, «Түркістанның таңдаулы туындысы – 2024» облыстық акциясы оқырмандар арасында насихатталды. Балаларды кітап оқуға тартуға арналған кітапхана жобаларының жұмысы жалғастырылды. Еңбек тәрбиесі, кәсіптік бағдар және өлкетану бағытындағы шаралар іске асырылып, кітапхананың автоматтандыру жүйесі,  модернизациялау және компьютерлік сауаттылық жетілдірілді. Кітапхана қоры толықтырылып, сақтау жұмыстары жүргізілді. Аудандық, ауылдық  кітапханалармен бірлесіп жұмыс атқару мақсатында құрылған жобалар  жүзеге асырылды. Жалпы, жыл басынан бері атқарылып келе жатқан жұмыс жайын Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Ақмарал Құдайбергенованың өз аузынан естігенді құп көрдік. 

«Биыл алғашқы жартыжылдықта кітапхана есігін 79155 адам ашып,  жалпы 7830 оқырман ретінде тіркелді. Ал, 155196 оқырманға кітап берілген. Бүгінде кітапхананың жалпы кітап қоры 235668-ді құрайды, оның ішінде 82473, яғни 65 пайызы қазақ тілінде. Кітап қоры мемлекеттік тапсырыстан  60 дана, оның ішінде қазақ тілінде 56 дана жаңа әдебиетпен толыққан, – дейді директор. –  Кітапхана мамандары кітапхана қорына жаңа түскен әдебиеттерді насихаттау, шолу жасау, таныстыру, жарнамалау ісімен де айналысады. Кітапханада онлайн режимде өткізілетін «Пайдалы және қызықты оқуға арналған айдың ең таңдаулы кітабы» атты жоба аясында бірнеше кітап насихатталды.  

Қазір қоғамның да, оқырманның да талабы өзгерген. Сондықтан кітапхана да өз қызметін өзгерту процесін бастан кешуде. Кітапхана – әрі білім беру орны, әрі мәдениет, ақпарат тарату және талдау жасау орталығы, сондай-ақ демалыс орны болу сияқты сан-салалы қызметтерді атқаруда. Осыған сай ақпаратты технологияны енгізу және дамыту, компьютерлік  техникамен жарақтау қызметі жыл өткен сайын оң бетбұрыс тауып келеді.  Кітапхана сайтының қазақ тіліндегі нұсқасы қайта өңделіп, жасалған. Бүгінгі таңда сайт қызметін 2113 тіркелуші пайдалана алады. Кітапхана қорындағы өлкетану тақырыбына арналған балалар әдебиеттері 2013 жылдан бастап  сандық форматқа көшіріліп, қазіргі таңда 1614 кітап өңделген. Бұған дейін  2022 жылы сандық форматқа көшірілген кітаптар көрсеткіші мүлдем болмаған, ал 2023 жылы 52 кітап, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде 53 кітап көшірілді. 

Аугустин Биррелдің: «Бүгінгі күннің нағыз университеттері – бай кітапханалары» деген сөзі бар. Шынында, кітапхана – адамдарды өмір бойы тәрбиелейтін бірегей университет. Мектеп болсын, университет болсын – белгілі уақыт шеңберінде ғана білім беретін, уақыт жағынан мүмкіндігі шектеулі орындар. Ал, кітапхана уақыт шектеуінсіз өмір бойы оқырманға,  жалпы адамзат баласына қызмет көрсетеді. Бұл жұмыстың  ерекшелігі көп, өзіне тән қызығы да, қиындығы  да  бар.  Соның   бірі   –   ақпараттық-библиографиялық қызмет. Әлеуметтік желілер бүгінгі таңда адам өмірінде ерекше рөл атқарады. Кітапхана библиографы Айнұр Өтепова осы орайда «Кітапхана және әлеуметтік желі» тақырыбында фейсбук желісінде тікелей эфир арқылы ақпараттық-сауаттылық сабағын өткізді. Бұл шараның мақсаты Түркістан облыстық  Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының  жұмыс барысында күнделікті кітапхана қабырғасында және одан тыс болып  жатқан рухани жаңалықтармен бөлісуге арналды. Библиограф, сондай-ақ,  әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы айтып, уақытты тиімді пайдалануға шақырды. Әдістемелік қызмет көрсету, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуден бөлек кітапхана аясында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мысалы, «Барлық  қызығушылық – баспасөзде!», «Баспасөздегі ұлттық  рух», «Дара тұлға», «Әже, ертегі айтшы», «Мульти-пульти әлемі», «Бірге оқимыз, бірге ойнаймыз», «Оқитын ұлт», мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жігерлі жандар», «Түркістанның таңдаулы  туындысы» жобалары оқырман жүрегіне жол тауып, нағыз кітапсүйер қауымды қызықтырған шаралар ұйымдастырылды. Жалпы, кітапхананың ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына көшпелі кітапхана керуендері,  кітапханалық сабақтар өткізіліп, балабақша бүлдіршіндеріне кітапханалық-психологиялық қызмет жұмысы жиі ұйымдастырылады. Ал, арнайы ағылшын тілін үйрету клубы дәрістер өтеді. Түрлі мәдени іс-шараларды,  басқа да шаруаларды айтпағанда, кітапханашы жұмысы бүгінгі күнде үлкен  қоғамдық мәнге ие. Жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ  дүйім адамзатқа ізгілік дәнін егуші, оның ішінде балалармен жұмыс істейтін  кітапханашы мамандығы әрқашан да мәртебелі. Түркістан облысын рухани астанаға айналдыру мақсатындағы межелі жұмысымыз алда да жалғасын  таба бермек».

Ұлтымыздың ұлы жазушысы Әбіш Кекілбаев «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген екен. Ендеше, өркениет көшіне кітапханамен бірге ілесейік, оқырман!  

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 244
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 314
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 267
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 303

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4131
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3559
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4535
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5720