БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ КІМГЕ ЖАҚПАЙ ТҰР?

БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ КІМГЕ ЖАҚПАЙ ТҰР?

8 ақпан күні Астана қаласында  Парламент қарауына ұсынылуы жоспарланған масс-медиа туралы заң жобасы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз конференциясының спикерлері құрамында: 

Диана Окремова, «Құқықтық медиаорталық» ҚҚ  жетекшісі Гүлмира Біржанова, «Media Qoldau» заң қызметі өкілі  Қалима Тәжіқұл, журналист, медиатренер болды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанында құрамына 60-тан астам медиа сала өкілдері, сарапшылар мен журналистер кірген жұмыс тобының мүшелері бірнеше ай бойы БАҚ туралы заң жобасының мәтінін талқылағаны белгілі. Түбегейлі жаңа, озық заң жасау туралы мәлімдемеге қарамастан, министрлік «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» екі ескі құжатты араластыруды ұсынған-тын. Дегенмен жұмыс тобы мүшелері заңның заман талабына сай болуы және медиа саланың дамуына ықпал ететіндей ұсыныстар әзірлеуге күш салды. Алайда ашық құқықтық актілер порталында ведомствоаралық комиссия мүшелері мақұлдап, Парламентке жолданған тағы бір заң жобасы пайда болыпты. «Апам да аң-таң, мен де аң-таңның» кебі баяғы. Аталған заң жобасының бұл нұсқасы жұмыс тобымен келісілмеген.

Журналистерді жиналуға мәжбүр еткен бұл жаңа заң жобасы жұмыс тобында жиі талқыланған ең даулы тармақтарды өзгеріссіз қалдырған: барлық интернет-ресурсты заңда қарастыру, құқық қорғау органдарының «ерекше жағдайларда» шектен тыс өкілеттігі, БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыру жүйесінде өзгерістердің жоқтығы, журналистерді алалайтын  баспасөз картасы, аталған картаны беру мен қайтарып алу шарттары.

Жаңа заң жобасының мәтіні журналистер құқын қорғамайды, керісінше халықаралық стандарттарға қайшы келеді және Қазақстандағы медиа саланың дамуын тежейді, БАҚ саласына  мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Әңгіме осы төңіректе өрбіді. Арнайы жасақталған заң жобасын бұлайша тартқылау - министрлікке не үшін керек болғаны әзірге түсініксіз.  Түсінікті болу үшін айта кетейік, ашық «НҚА» порталында «Масс-медиа туралы» ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасы талқыланды.

Құжаттағы БАҚ өкілдері үшін жағымды тұстың бірі – журналистер жолдаған жауапқа мемлекеттік органдардың жауап беру мерзімін қысқарту көзделген. Қолданыстағы нормада ол 7 күн болса, ұсынылған құжатта 5 күн деп көрсетілген.

Сондай-ақ әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы ақпарат тарататын ресурстарды БАҚ ретінде тіркеудің тәртіптері жаңаруы мүмкін.

Бұдан бөлек, мемлекеттің ақпарат саясатын гранттар арқылы қаржыландыру ұсынылған. Қолданыстағы Заң 1999 жылы әзірленген және онда бекітілген бірқатар анықтамалар өзектілігін жоғалтты. Ұсынылып отырған жаңалықтар енгізілген құқықтық қатынастардың қандай да бір түрлерін реттеу нысанасын толық көлемде көрсетуге мүмкіндік беретін «мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы», «мемлекеттік ақпараттық саясат», «масс-медиа», «грант», «субсидия», «корреспонденттік пункт», «Журналистердің құқықтары туралы Ұлттық баяндама» сияқты жаңа ұғымдарды енгізуді талап етеді», – деп жазылған заң жобасының тұжырымдамасында.

Сонымен қатар:

- интернет желісінің жаппай дамуымен журналистер жариялаған ақпарат іс жүзінде шектеусіз мерзімге сақтау;

- журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру жөніндегі норманы ішінара қылмыссыздандыру;

- пандемия және төтенше жағдай режимін енгізу кезеңінде журналистер дәрігерлермен, полицейлермен және құтқарушылармен тең дәрежеде өздерінің кәсіби борышын өтеу барысында журналистер қызметін ерекше жағдайларда құқықтық реттеу;

- журналистердің құқығын сақтауды мониторингілеу мен талдаудың заңнамалық тетіктерін бекіту;

- журналист миссиясын тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін жеңілдіктер мен кепілдіктерді қорғаудың және ұсынудың пәрменді тетіктерімен қамтамасыз ету ұсынылады. Ендігі жағдай мынау. 

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
10.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 212
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 208
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 713
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 836
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 750

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8907
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8301
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11529
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9285
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10513