Бәріне көмек қажет

Бәріне көмек   қажет

 

Біз қамыққан жандарға қолдау беру үшін, өз жай-күйін анық түйсінуі үшін, ары қарай жігерін жинап, өмірге құлшынысын арттыру үшін үнемі адамның психологиясы мен физиологиясы жайлы мақалалар беріп тұруды жөн көрдік. Егер көңілі үнемі жабырқау, денсаулығы әлсіз жақыныңыз болса, барынша көмектесуге тырысыңыз. Қолдау көрсету арқылы қолдау алыңыз.

Қазіргі қарыштаған, қымғуыт қабаттасқан заманда психологиялық көмек бәрімізге керек. Әрбір адамның психикалық жарақаты бар. Қоғаммен байланысып, өзі айналысатын қызметпен, сүйікті ісімен айналысып, адам өзін алдарқата отырып, ішкі дүниесін толықтырғысы келеді. Меніңше келер ғасырларда адамзат бір-бірімен тілдесу, бірін-бірі қолдау сияқты дүниелерге үйреніп, адам жанына сүйеу болатын ғылымды мектептерге, қоғамға толық енгізетін секілді. Бүгінгі әңгіме отбасы мен қарбалас қызметтің арасында жүріп мезі болған, қалжыраған, қамыққан жандарға арналады. Денсаулықтарыңыз мықты болсын, өмірлеріңізді қадірлеңіздер.

 

Сіз үнемі шаршай берудің ауру екенін білесіз бе?

1950 жылдардың ортасында Англияның солтүстігінде белгісіз ауру пайда болды. Алдымен ересек адам ауырып, кейін әлсіздік мектеп оқушыларында да пайда болды. Көп ұзамай ауру британдық шағын қалаға жаппай тарады. Осылай сол кезеңдерде «бұл жаңа инфекция» деген пікір туды. Алғашында бұл ауру – Исландық ауру, Акурейра ауруы, эпидемиялық нейромиастения, кейіннен поствирустық астения синдромы деп аталды. Тек 1967 жылы американдық зерттеуші Р.Кендлер «астеникалық синдром» ұғымын енгізді. Симптомдары: үнемі шаршау, температура, депрессия. Бұл ауру еш себепсіз адамның өмірге деген қызығушылығын жоғалтады. Жақсылап ұйықтап, тынығу да, көңіл көтеру де, тіпті дәрі де дәрменсіз. Жұмыстан соң шаршау денсаулыққа пайдалы, істеген жұмысыңа дән риза болып демаласың. Ал егер шаршау бірнеше айға созылса ше? Ауруды қоздыратын вирус – герпеса. Жер шарының 90% адамының бойында бұл вирус бар. Бірақ неге астеникалық синдромға бәрі шалдықпайды?

 

Иммундық жүйе

Адамның иммундық жүйесі жақсы болса, пайда болған вирус оянған кезде толығымен бақылауда ұстап, оны жеңеді. Форгацит иммундық жасушаларымен ағзаны қорғап қалады. Иммуносупрессия – вируспен күресетін форгациттердің жеткіліксіз болуы, яғни, ағза қорғанысының әлсіреуі. Бұл синдромдағы адам вируспен күресте сөзсіз жеңіледі.

 

Стресс

Стресс кезінде бүйрек үсті безінде адреналин мен кортизол бөлінеді де, қан айналымына түскен соң, ағза жұмысына үлкен өзгерістер әкеледі:

- жүрек соғысы жиілейді

- қан қысымы жоғарылайды

- мидың жұмысы қарқынды болады

- ми стресс себебін біліп, тез арада құтылуға тырысады.

Бұл аз уақытта өте шығатын хәл – эустресс деп аталады.

Ал стресстің зақым келтіретін тағы бір түрі – ұзақ уақыт бойы жүйкенің түршігуі (ашулану). Нәтижесінде ағза қатты шаршайды. Буындардың ауруы, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, тәбеттің жоғалуы. Одан кейін гастрит, асқазан жарасы, инфаркт, инсульт және соңы өлімге апарады. Дұрыс тамақтанып, жақсы ұйықтап, жеңіл жаттығулар жасау – үнемі шаршау кезінде көмектеседі. Алайда күйзелісті жеңбесеңіз шаршауыңыз басылмайды. Күлімдеңіз, жүйкеңізді тоздырмаңыз, қайғырмаңыз. Не де болса, қабірде жатудан жақсырақ болар?

Дидар ҚАЙРАТ
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 63
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 62
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 170
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 170
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 313
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 313
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 534
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 484

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796