Бір әулеттің тағдыры

Бір әулеттің тағдыры

Мансурдың мектепке баруына бір жыл бар еді. Әкесімен екеуі Ташкентте Чимган тауында орналасқан обсерваторияға барды. Бұл жерде бұларды ақсары профессор әйел күтіп алды. Орта жастан асқан ғалым, сымбатты, айтқан әр сөзі қорғасындай салмақты. Бірақ сөздері орысша. 

«Мансурдың өмірі жайлы жұлдыздар не дейді екен?» деп әкесі әлгі астролог профессордан сұрады. Профессор оған «Ваш вопрос имеет религиозный оттенок. Вы не бойтесь. Вы же первый секретарь» деді. Әкесі «Нет, не боюсь, я атеист, но все же, что говорят звездый?» деді. Содан профессор есікті іштен кілттеді де, баланың қашан туғанын: жыл, айын, күнін, сағатына, минутына дейін сұрады. Үлкен дөңгелек алаңның бетінде галактиканың барлық жұлдыздары көрініп тұрған. Диаметрі төрт-бес метрдей, сағаттың циферблаты сияқты дөңгелек стол тұрды. Барлық жұлдыз макеттеп салынған. Ортасында минут стрелкасы сияқты столдың шетіне дейін жететін уақыт көрсеткіші болды. Ұзын сағаттың бетіндегі бірдеңені апарып қай жұлдыздарға түсетінін анықтады. «Балаңыз дарынды болады. Қандай іспен айналысса да, алдында жұлдыздар  жарқырап тұр. Бірақта қамқоршы жұлдызы жоқ. Бір қамқоршы кетіп, екінші қамқоршы келіп үлгермегенде туылған. Өмірі өте ауыр болады. Мына жарқыраған жұлдыздардың бір-екеуі болмай-ақ, қамқоршы жұлдызы болғанда, өмірі жеңілдеу болар еді» деп айтты. Әкесі «если изменить дату  рождения на три дня позже» дегенде, «Нет, звезды не обманешь, они берут под свое покровительство всех детей, рожденных при них» деді. 

Мансурдың інісі туралы «екі қамқоршы жұлдызы бар. Өмірде бұл балаңызға барлық нәрсе оңай келе береді. Қыздарыңыздың барлығы тұрмысқа шығады, үлкен отбасы, балалары болып, ұзақ өмір сүреді» деді. Сосын тағы бір айтқаны, «келесі жылы тағы бір ұлыңыз туылады. Ол балаңыз сізге ескерткіш қою үшін келеді. Ескерткіш қойғасын бұл дүниеден кетеді. Мені кешіріңіз, жұлдыздар солай деп тұр», - деді. 

Сол кезден көп жылдар өтті. Балалары жоғары білім ордаларын бітіріп, жұмыс істеп жүр. Қожалық құрған ұл-қыздары бар. 

1982 жылы Мансурдың әкесі қайтыс болды. Әкесінің зиратына қоюға Италиядан алдырған Габро деген қара мәрмәрге жазуын, суретін бастырды. Сол құлпытасты зиратқа апарып қоятын кезде екі інісі де келмеді. Жұмыс орындарынан жібермеген. Мансур педучилищеде директордың орынбасары болып жұмыс істейтін досына барып көмек сұрады. Студенттер жоқ екен, демалыс күні. Мұғалімдер жеңіл көліктерімен барып көмектесті. Құлпытас қойылды. Әкесінің асы да берілді. 

Мансурдың есіндегі баяғы астролог кемпірдің айтқаны дұрыс шықпады деп ойлады. Сол кезден тағы он жыл өткесін Мансур Алматыға қоныс аударды. Кіші інісі Ташкенттегі үлкен, архитектурасы ерекше бірнеше нысанды инженер ретінде салдырып іске қостырды. 1996 жылы әкесінің соңғы жұмыс істеген жеріне, Тахиаташ қаласына, қалалық атқару комитетінің басшысына, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтесін ағаға барып, әкесінің атқарған еңбектерінің, алған ордендерінің тізімін, Юлдаш Ахунбабаевтан соғыс кезінде алған Алғыс хатын тапсырып, қалалық атқару комитетінің қаулысымен қаладағы ең үлкен Максим Горький атындағы көшеге Мансурдың әкесінің аты қойылды.   Митинг болды. Сол көшеде Мансурдың әкесінің аты осы күні де тұр. 

1997 жылы інісі Мұхтар Алматыға қоныс аударды. Қазақстан Министрлер кеңесіне бұрынғы жұмыс орнынан жазылған ұсыныс хатты Ташкент қаласындағы үлкен нысандарды құрған тәжірибелі инженер ретінде, сол кездегі премьер Қажыгелдинге көрсетті. Премьер Мұхтарға «Сені Астананың құрылысына басшы деп бекітемін, бірақ бір шартым бар. «Астанаға барып екі-үш ай тұрып көр. Жұмыс істесең де болады. Сосын маған кел. Сол жерде жұмыс істеуге  ықыласың болса» деді. 

Ол ағасы Мансурға «бірге барып прораб болып жұмыс істеп көрейік. Ол жердің жағдайы қалай екен деп күтіп жүрді. Мансур жұмыстарын реттеп жүргенде   інісінің жүрегі тоқтап, өмірден озды. Нәтижесінде жұлдыздардың көрсеткені келді... Дегенмен, жұлдыздардың айтқаны келгенмен, тарих тоқтамады. Артында қалған ұл-қыздары өмірді жалғастырды.   

Марат ҚОБЛАНОВ

08.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 287
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 283
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 297

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13358
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13334
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28448
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27132
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30634