Біз білмейтін Шығыстағы шайқас

Біз білмейтін Шығыстағы шайқас

     Әрбір ісіне ұқыпты қарайтын сырбаз азамат ағамыз туралы хикаят жазылғанына қуанып қалдым. Осы хикаятқа пікір жазып беруді өтінгенде қарсы келе алмадым. Оқыдым. Жәй оқымадым, ерекше сезіммен қарап, хикаяттағы оқиғаларға сүңгіп кеттім. Қанша білдім дегенмен жақын досыңның да жеке өмірін өзі тәптіштеп айтпаса терең біле бермейсің ғой. Жазушы көркем очерктік стильмен Бөкеңнің балалық шағына үңіліпті. Бөкеңнің өнерге деген талантын білмейді екенмін. Кітапты көп оқитын бала бұл шағындағы рухани құндылыққа деген құмарлығы Бөкеңді өз құралпыластарынан бөлекше, ерекше өсуге бейімдеген. Оған өршіл, намысшылдық қасиеттерді қосыңыз. Балалық  шағын ұрлаған тағдыр тауқыметі. Бөкең тар жол-тайғақ кешуде шыңдала бастайды. Электрлік заң мен философияны игеру. Сол кезде-ақ «ұлтшыл» деген атақты алу да тегін емес.

    Хикаяттың шырқау тұсы әрине, Өскемендегі шовинистер, сепаратистердің қазақ халқының Тәуелсіздік алар алдындағы 90- жылдардағы талмау шағына сұрапыл шабуыл жасауы. Сол шақтардағы Оралдағы казактардың бас көтеруін жақсы білетінбіз. Ал Шығыстағы сұр жыландардың бас көтеріп, «қой терісін жамылған қасқырлардың» ұйымын құрып, өздерінше автономияның жеке шаңырағын көтеруге өршелене ұмтылуы тек Шығысымызға ғана емес, мемлекетімізге де зор қауіп еді. Міне, автор шеберлігінің сынға түсетіні осы кез. Авторды құтқарған нәрсе кейіпкерін және осы оқиғаны бүге-шүгесіне дейін жақсы біледі екен. Нақтылап айтсақ, Ертістің оң жағалауына Орыс ұлттық автономиясын құру жаулардың басты мақсаты болыпты. Ол жаулар, олардың басшылары осал емес, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаттары, тағы да басқа мықтылар. 

    Міне, осындай қиын-қыстау кезде елді бастайтын, қорғай алатын көшбасшылар ауадай қажет еді. Солардың бірі де бірегейі де Болат Дүйсенбіні осы ұлы шайқастың қас батыры болуына тағдыр талай бұйырыпты. Иә, ұлы шайқас басталып кетті! Автор нақты деректермен өріп отырып, осы шайқасты оқырманға қарапайым тілмен жеткізе білген. Қарсы жақ шынында да өте қуатты да зұлым, азулы топ болды. Облыстың басшысынан бастап, депутаттар, елге танымал тұлғалар өзерінің мақсаттарына жететіндіктеріне толық сеніп, қазақтың Шығысын иемденуге бар күш-қайратын салды. Олар ештеңеден де аянған жоқ. Бірақ Бөкең, Жеңіс сынды баһадүрлер олар күтпеген жерден қарсы шығып бұлтартпас қимылдар, әдіс-айлалар жасады. Мысалға, бірыңғай ұлтшылдықпен жеңіске жете алмайтынын ұққан Бөкең бастаған топ интернационалдық ұранды пайдаланып, басқа ұлт өкілдерінің күшін пайдалануды құп көрді. Олар бұл жолда қателеспеген еді. Сол кездердегі беделі жоғары «Қазақ тілі», «Невада-Семей» және немістердің «Возрождение» ұйымдарын көмекке шақырды. Жарты жылда әр этностың мәдени-ұлттық орталықтары құрылды. Әрине бұл қозғалыс ұйымның, Бөкеңнің жанкешті ерліктерін қысқа пікірімізде айтып жеткізу мүмкін емес. Қорқаулардың сасық пиғылын, ниетін жүзеге асырмай апанында талқандау нағыз қас батырдың ісі екенін мойындайсың. Жазушы, хикаяттың авторы Бақытөмір Шалғынбай діттеген ой үдесінен шеберлікпен шыға білген. Халқы үшін жанын шүберекке түйген Болат Дүйсенбі ағамыздың мен мүлдем басқа қырларын таныдым. Оның бұл шайқаста ғана емес, осы қозғалысқа байланысты шешендерге жабылған жаланы да данышпандықпен шеше білген ерлік істерін тебіренбей оқу мүмкін емес. 

    Жалпы хикаяттың тарихи тұрғыдан да, ерлік шежіресін байыту жөнінде де мақсатына толық жеткенін сүйсіне айтуымыз керек. Бізге көпшілікке белгісіз тарихи оқиғаны баяндап, жеткізудің өзі зор жеңіс. Автор жаңа, тың оқиғаға түрең салған. Сол шайқастың қаһармандарын да елге таныту жазушының зор сауапты игі ісі. Бұл шығарма өмірінің ұзақ болатындығына кәміл сенімдімін.

 

Ертай Айғалиұлы
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9165
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11791
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9559
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10771