Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
«Социалистік Қазақстан» , «Мәдениет және тұрмыс» , «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарады.
Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
Негізгі жыр жинақтары : “Мавр”, “Дариға-жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”. Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды. Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, атты тағы басқа да поэма-толғаулары бар.