Бұл сайлауға ЕҚЫҰ-ның неге көңілі толмады?

Бұл сайлауға ЕҚЫҰ-ның неге көңілі толмады?

Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы аяқталды. Маңызды саяси шараның жалпы барысын еліміздің тәуелсіз сарапшыларынан бөлек халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдері де жіті бақылауда ұстағандығын айта кеткен жөн.  

15 қараша күні дипломатиялық миссиялардың басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына әзірлену мен өткізу мәселелері жөнінде ҚР СІМ мен ОСК-ның бірлескен брифингі өткен болатын. Осы жолғы жиналыстан белгілі болғандай, бұл жолғы маңызды шараға 641 халықаралық байқаушы, оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ТМД, ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА, Түркі мемлекеттері, ТүркПА, ШЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ ұйымдары, сондай-ақ 35 шет мемлекеттен бақылаушылар Миссиясының өкілдері аккредиттелгені айтылған еді.

 

ЕҚЫҰ-ның мәлімдемесі

20 қарашадағы сайлау да сәтімен аяқталды. Тәуелсіз сарапшылар ретінде бақылау жасаған шетелдік ұйымдардың өкілдерінің көбі кезекті сайлау туралы оң бағаларын бергенін естідік. Алайда 21 қараша күні ЕҚЫҰ ДИАҚБ (демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы) өкілдері Қазақстандағы кезектен тыс өткізілген Президент сайлауы аяқтала бере «бәсекесіз өткен сайлау болды» деп баға беріпті. «https://www.osce.org» сайтында «Бақылаушылар Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлауында бәсекелестік жетіспеді және тиімді дайындалғанына қарамастан, одан әрі реформалар қажет екенін атап өтті» (Kazakhstan’s Early Presidential Election Lacked Competitiveness and, While Efficiently Prepared, Underlined Need for Further Reforms, Observers Say) атты материал жарық көрді. Біз оқырмандарға түсінікті болуы үшін аса беделді халықаралық ұйымның таратқан мәлімдемесінің жалпы мәтінін ұсына кетуді жөн көрдік.  

«ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) бақылаушылары бүгін таратқан мәлімдемесінде  Қазақстандағы 20 қарашадағы кезектен тыс президенттік сайлау бәсекесіз саяси жағдайда өтті. Ойдағыдай дайындалғанына қарамастан, сайлау тиісті заңнамаларды және оның орындалуын қамтамасыз ету жағында ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкес келтіру үшін әлі де реформалар қажеттігін атап өтті. Яғни шынайы плюрализм керек», – деп хабарлады. 

«Қазіргі Президент барлық парламенттік партиялардың бірлесіп ұсынған кандидаты болды. Іс жүзінде бәсекелестігі төмен сайлауда нағыз дода өткен жоқ. Бақылаушылардың пікірінше, азаматтардың саяси науқанға толық араласу мүмкіндіктері айтарлықтай шектелген. Сайлау әкімшілігі бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттар туралы ақпараттармен толық қамтамасыз еткеніне қарамастан, БАҚ-тар үгіт науқанын жүргізуде белсенділік танытқан жоқ. Аналитикалық материалдар мен жедел ақпараттар толыққанды жеткізілмегендіктен, сайлаушылардың шынайы таңдау жасауына кері әсер етті. Орталық сайлау комиссиясының басқаруы ойдағыдай болды. Өздерінен кейінгі комиссиялардың қызметтерін де тыңғылықты  дайындай алды. Алайда сайлау күні дауыс беру кезінде әдеттегі процедуралар сақталса да, бюллетеньдерді есептеу және қорытынды шығару процесінде маңызды кепілдіктер жиі ескерілмей, ашықтыққа нұқсан келтірді.

«Плюрализмнің болмауы осы сайлаудағы бәсекелестіктің болмауына нұқсан келтірді, ал сөз бостандығына шектеулер мен бейбіт жиналыстар өткізу мүмкіндігінің жоқтығы сыни пікірлердің кеңістігін тарылтты. Біз билікті жүргізіліп жатқан реформаларды онан ары тереңдетуге, соның ішінде сайлауға қатысты заңдар мен олардың орындалуына қатысты реформаларды жалғастыра беруге шақырамыз», – дейді ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Басшысы Уршула Гацек.

Аталған мақалада «Тәуелсіз кандидаттар президенттік сайлауға түсуіне рұқсат етілмеді және сәйкестік талаптары, соның ішінде білім деңгейі, резидентура және мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік органдардағы жұмыс өтіліне қатысты талаптар ЕҚЫҰ міндеттемелеріне және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді», – делінген.

Конституциямен кепілдендірілген сөз бостандығы мен ақпаратқа қолжетімділік, шектеуші құқықтық базамен және оның біркелкі жүзеге асырылмауымен шектеледі. Журналистерді қорқыту және шабуылдау секілді жағдайлар цензураға және тексерудің ойдағыдай болмауына әкелді. 

Конституция, Сайлау туралы заң және сайлауға қатысты басқа да заңнамалар бірнеше рет қайта қаралды. Соңғы реформалардың ішінде Президенттің бір мәрте ғана сайланып, жеті жылдық өкілеттік мерзімге өзгеруі ғана осы сайлаудың жаңалығы болды. ДИАҚБ-ның бұрынғы ұсынымдары назардан тыс қалды және құқықтық база халықаралық стандарттар мен ЕҚЫҰ-ның демократиялық сайлау жөніндегі міндеттемелеріне толық сәйкес келмейді. Айта кетерлігі, жақында сот төрелігі саласындағы цифрландыру бастамалары шағым беру процедурасын жеңілдетіп, мемлекеттік органдардың жауаптылығын арттырды, даулар азаматтық істер бойынша мамандандырылған әкімшілік соттарға ауыстырылды.

Алда болуы тиіс Парламент депутаттарын сайлауға байланысты бүгінгі мәлімдемеде көрсетілген мәселелерді шешуге мүмкіндік бар, соның ішінде дауыс берудің ашықтығы мен тәртіптілігін сақтау, сайлау бюллетеньдерін санау және нәтижелерді шығару процедураларына қатысты», – деді ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Басшысы Уршула Гацек.

 

ҚР СІМ-нің пікірі

Жоғарыдағы мәлімдеме таралғаннан кейін ҚР СІМ өз пікірін білдірді. «2022 жылғы президенттік сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының алдын ала нәтижелері мен тұжырымдары туралы мәлімдемесіне ҚР СІМ-нің ресми түсініктемесінде» былай делінген екен.

ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады:  28 ақпан 2019, 09:39 - жаңалықтар Tengrinews.kz

«ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың 2022 жылғы Қазақстандағы президенттік сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының алдын ала нәтижелері мен тұжырымдары туралы мәлімдемеде объективтіліктің жоқтығы байқалады және осы уақытқа дейін республикамыздың қолдауына ие болған ұйым маңызды институт ретінде ДИАҚБ тиімділігіне күмән тудырады.

Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің олардың қызметінде «адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық сақтауды қамтамасыз етуге, заң үстемдігі негізінде әрекет етуге және демократия қағидаттарын жүзеге асыруға» бағытталған қызметіне көмек көрсету мандаты бар екені мәлім (1992 ж. Хельсинки құжаты).

Мәлімдеме ЕҚЫҰ ДИАҚБ үшін дәстүрге айналған бейтарап тұжырымдардың трафаретті және біржақты қорытындыларды қамтиды және еліміздегі ішкі жағдайды толық түсінбейтінін көрсетеді. ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар тобы мен оның басшылығының қызметі Қазақстан Президентінің елімізді трансформациялауға, оны құқықтық дамыған озық қоғамға айналдыруға бағытталған реформаларына қарсы достық емес көзқарасты айқын көрсетті.

ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының дәлелсіз және фактілермен расталмаған айыптау мәлімдемесі сайлауды бақылаған барлық беделді халықаралық ұйымдардың қорытындыларына сәйкес келмейді, бұл оның біржақтылығын тағы да көрсетеді.

ЕҚЫҰ ДИАҚБ мәлімдемесінің мазмұны Қазақстан билігімен ұзақ мерзімді және сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстың жоқтығын көрсетеді және бұл міндетті түрде бізбен ескерілетін болады.

PS: Кезектен тыс өткен Президент сайлауы өз мәресіне жетті. ОСК-ның соңғы мәліметі бойынша елімізде «дауыс беруге 8 300 046 адам қатысты. 2022 жылғы 20 қарашада сайлаушылардың келуі 69,44% құрады» дейді. 

Жалпы осы реткі сайлауға бақылаушы ретінде қатынасқан халықаралық ұйымдардың өкілдері тарапынан айтылған сыни пікірлердің ішінде едәуір күшті анонс қозғағаны жоғарыдағы мәлімдеме болды. Өзге ұйымдардың көбі бөтен пікір білдірген жоқ. 22 қараша күні АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жасап, өздерінің ЕҚЫҰ бақылау миссиясының пікірлерімен келісетіндіктерін айта келе Астананы алдағы сайлауларда, соның ішінде 2023 жылға белгіленген Парламент сайлауында айтылған пікірлерді орындауға үндеген екен.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 286
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 907

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588