Цифрлық таңбалау баға нарығын реттей ала ма?

Цифрлық таңбалау баға  нарығын реттей ала ма?

Қазақстан 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап таңбаланбаған аяқ киім өндіруге және импорттауға тыйым салады. Тек цифрландырылған аяқ киім ғана саудаға шығарылатын болады. Ал таңбаланбаған импортталған немесе елімізде өндірілген аяқ киімдерді 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін сатуға рұқсат берілді. 

Жалпы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше бес ел 2015 жылы тауарларды міндетті цифрлық таңбалау туралы келісімге келді. 2018 жылы тауарларды таңбалау туралы келісімді ратификациялады. Содан бері бірнеше тауар бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылды. Жоба аясында елімізде тері өнімдері, 100 мыңға жуық медициналық препараттар қаптамалары және екі өлшемді Data Matrix кодымен темекі өнімдері таңбалана бастады. 

Ал 2021 жылғы қазан айынан бастап пилоттық жоба шеңберінде жүзеге асырыла бастаған сүт өнімдерін таңбалау тоқтатылды. Себебі Ауылшаруашылығы министрлігінің дерегіне сәйкес елімізде сүт өнімдерін өндірушілердің 85%-ы өнімді ішкі нарықта сатады. Яғни отандық өндірушілердің ішкі нарықта ғана саудаланатын сүт өнімдерін таңбалау салдарынан тауар құны 35 пайызға дейін өскені анықталып отыр. Мәселен  таңбалау үшін жабдық сатып алу, бағдарлама енгізу, таңбалау процесінің өзі, қосымша штаттық бірлік еңбекақысын төлеу және оператор – «Қазақтелеком» АҚ-қа өнімнің әр таңбаланған данасына ақы төлеу секілді шығындардан кейін сүт өнімдерін таңбалау тауар құнын қымбаттатады.

Бірақ мамандардың айтуынша, ЕАЭО елдерінде сүт өнімдерін таңбалау қажеттігі туралы нақты шешім шығарылып қойғандықтан ерте ме, кеш пе елімізде сүт өнімдеріне түгел таңба қойылады. Халықаралық стандартқа сай акцизделетін (спирттік өнімдер, бекіре, қызыл балық, зергерлік бұйымдар, т.б. немесе көлеңкелі сауда тобындағы тауарлар) тауарлардың ғана таңбалануы тиіс деген талап ЕАЭО елдерінде жүрмейтін секілді. Үкіметтің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысына сәйкес, тоқыма өніміне, су мен сусындарға, дәрілік заттарға таңбалауды енгізу мерзімдері белгіленген. Кезекте басқа да өнімдер бар.

– Қазір әр мемлекет осы бағытта жұмыс жүргізуде. Әсіресе, Ресейдің қарқыны жоғары. Олар 2024 жылға дейін таңбалауға жататын тауарлардың тізілімін жариялады, – дейді «Қазақтелеком» АҚ Цифрлы экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.

Негізінен тауарларды міндетті таңбалау мәселесі төңірегінде сарапшылар пікірі екіге жарылып, бір тобы таңбалау көлеңкелі бизнес пен сапасыз тауарлар нарығын шектеуге мүмкіндік береді десе, екінші топ шағын және орта бизнеске кері әсерін тигізеді, тауар қымбаттайды дейді. 

Естеріңізде болса, ҚР Президенті            Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 19 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында тауарларды міндетті таңбалауды енгізуді кейінге қалдыруды және бұл мәселені анағұрлым мұқият зерделеуді ұсынған болатын. Бірақ Үкімет тауарларды міндетті таңбалау жалғастыра берген болатын. Алайда 2021 жылдың қазанынан бастап Үкімет ішкі нарыққа шығатын өнімдерді таңбалау негізсіз деп танып, тек ЕАЭО нарығына экспорттаушы компаниялар ғана өз өнімін таңбалайтын болады деген шешімге тоқтады. Яғни Үкімет халықаралық практикада қолданылатындай, көлеңкелі, заңсыз тауарлармен күресу тетігі ретінде акцизделетін тауарлар тобы ғана міндетті таңбалауға жататынын мойындады. 

Қазір белгілі болғандай, таңбалау туралы келісім бес мемлекетке ортақ болғанымен, әр ел таңбалауға жататын тауарларды өздері анықтайды. Дегенмен таңбалау мәселесінде шешімін табуға тиіс олқылықтар әлі де бар. Жақында Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияға таңбалауға жататын тауарлар тізбесін кеңейтуді тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізу керек екенін айтты. 

– «Ақ жол» фракциясы Үкіметтің назарын міндетті таңбалауды енгізу тұтыну тауарлары мен тамақ өнімдерінің қымбаттауына алып келетініне, бизнес үшін есептілікте елеулі проблемалар туғызатынына аударған болатын. Шенеуніктер бізді бұл болмайды деп сендірген, бірақ өткен жылы пилоттық жоба таңбалаудың енгізілуі сүт өнімдерінің 35%-ға қымбаттауына алып келгенін көрсетті. Соның нәтижесінде олар одан бас тартты», деді депутат. Оның айтуынша, «Ақ жол» ҚДП фракциясы: 1. Ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияға таңбалауға жататын тауарлар тізбесін кеңейтуді тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізуді; 2. Тауарларды таңбалауды енгізу тұтыну нарығындағы бағаның өсуімен қатар жүретін жерде одан бас тартуды; 3. Таңбалау операторының функцияларын мемлекетке беруді және тауарларды таңбалаудан қаражаттың ел бюджетіне түсуін қамтамасыз етуді сұрайды. 

– Салық жекеменшік компанияға кетіп жатыр. Өйткені тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы болып 49 пайыз жекеменшік құрылымдарға тиесілі «Қазақтелеком» АҚ айқындалған. Бұл жерде Мемлекет басшысы төлемдерге қатысты мәселесінің басын ашып, олардың жеке тұлғаларға емес, мемлекетке түсуін қамтамасыз етуді тапсырған кәдеге жарату алымымен және РОП-пен еріксіз салыстыруға тура келеді, – деді Дания Еспаева.

PS: Тауарды таңбалау – Қазақстандағы цифрлық экономиканы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Цифрлы таңбалау – әлем елдерінде бұрыннан қолға алынған жүйе. АҚШ, ЕО елдері, Бразилия, Қытай сияқты мемлекеттердің тәжірибесі таңбалауды енгізудің тиімді жағы көп екенін көрсеткен. Айталық, Еуропалық одақ елдерінде цифрлық қадағалау жүйесі 5 жыл ішінде контрабандалық өнім айналымын 30%-ға төмендеткен. Америка Құрама Штаттарында дәрі-дәрмектерді таңбалау өнімді қайтарып алу процесін 3 күннен 10 секундқа дейін жылдамдатуға мүмкіндік берген. Бірақ ЕАЭО елдері үшін, әсіресе Қазақстан жағдайында тауарды таңбалау жеке бас мүддесін күйіттеп кетпеуі тиіс.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 62
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 392
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 355
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 972

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9049
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8446
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11674
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9437
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10654