Джинсы киген әжелер көбейді

Джинсы  киген әжелер көбейді

Ауылдан бауырымның мектеп жасындағы қызы келіп, қыдыртып жүргенмін. Автобуста келеміз. Қызым жанымда отыр. Кезекті аялдамада бет-аузын бояған, шашы сап-сары қария кірді. Апамыз кібіртіктеп, әзер жүріп келеді. Бұтындағы джинсы ма кедергі жасап тұр ма деп ойладым. Ұят-ай, тыртитып киіп алыпты. Қызыма «әжеге орын бер, балам!» дедім. Ол таңданып жан-жағына қарады да, «қайда әже, мен оны көрмей тұрмын?!» деді. Мен бірден түсіндім. Ауыл баласы үшін әже деген кимешек немесе әппақ орамал тартқан, көйлегі көлбеңдеген, ақ шашты мейірімді адам. Ал мына кісі...

Иә, арулар, әйелдер еркектердің шалбарын тартып алғанына біраз уақыт болды. Әсіресе тәуелсіздігімізбен бірге келген мына джинсы деген пәле барлық нәзік жандылардың сүйікті киіміне айналды. Ауа жібермейтін, тар көк, қара, қызыл шалбарлардың модаға айналғаны қашан! Осындайда әсем, гүлді, қызылды-жасылды көйлек киген аруларды, әсіресе апаларды сағынасың. Иә, бұл әйел екеніңді көрсететін бір сұлулық қой. Біз өзі қайда барамыз? Әйелге тән ұлттық киімдерімізді неге кимейміз, арулар-ау? 

Раиса Үмбетбаева
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5305
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5465
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20431
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19064
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22525