Экономикалық даму әл-ауқатты көтеруге басымдық бермек

Экономикалық даму әл-ауқатты  көтеруге басымдық бермек

Экономиканың дамуы қай мемлекеттің болмасын дамуының көрсеткіші. Халық тұрмысының деңгейі де экономикалық ахуалмен өлшенеді.  Қазақстан қазір экономикалық дамудың сатысына көтеріліп келе жатыр. Бұл – еліміз үшін жағымды ақпарат. 

Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әрқилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан-жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиялар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды. Яғни бір сөзбен айтқан кезде даму жоспарларын даярлап, оны іске қосу қажеттігі туындады.

Иә, бүгіндері экономикалық дамудың алдыңғы қатарына жаңа технологиялар шықты. Өндіріс машиналық кезеңнен толық автоматтандыру мен компьютерлендіруге өтіп, қарқынды өндірістік өсім басталды. Уақыт өте келе ғылым өндірістің жетекші факторы, ғылыми жетістіктер мен өнертабысы өмір тәжірибесіне шапшаң енгізіле бастады. Әлемнің экономикалық бейнесін өзгерткен ірі корпорациялардың (монополиялардың) пайда болуы бұл ғасырдың ерекшелігі болды. Өндірістің белгілі бір салаларын өз қолдарына шоғырландырып алған монополиялар өндіріс деңгейін, бағасын, еңбекақы мөлшерін қалауынша белгілейді. Бір мемлекет аумағында әрекет ету монополиялардың тақияларына тарлық ете бастағанда трансұлттық корпорациялар (ТҰК) құрылды. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес отырысында  мына мәселе көтерілді.

Жиынға Премьер-Министр, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары, Президентке есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, парламенттік фракциялардың жетекшілері, сондай-ақ Парламент палаталары, облыстық және аудандық мәслихаттар комитеттерінің төрағалары қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде саяси реформалар дамудың жаңа кезеңіне жол ашқанын және экономиканы түбегейлі жаңғыртудың берік негізін қалағанын атап өтті.

«Осында отырған әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Бұл – ең алдымен, барша Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік. Сіздердің шешімдеріңіз бен іс-әрекеттеріңіз елдің бүгіні мен болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керек. Сіздер мемлекетшіл-реформатор болуларыңыз қажет. Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысын көбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек. Экономиканы жүйелі әртараптандыру – стратегиялық міндет. Президент Үкімет пен атқарушы органдарға азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, байыпты макроэкономикалық саясат жүргізу, экономиканы монополиядан арылту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жаңғырту, азаматтардың сапалы медицина мен білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету, табысты жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ мемлекеттік басқару ісін жетілдіру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, еңбек өнімділігін арттыру тұрақты және қарқынды экономикалық өсудің кепілі болып табылады. Өнімділік көрсеткішін арттырмай, экономиканың сапалы жаңа даму деңгейіне шығу мүмкін емес. Еңбек өнімділігін арттыру үшін өндірістік үдерістерді автоматтандыру және роботтандыру жоспарлануда. Сонымен бірге, мемлекет негізгі капиталға инвестициялар тартуды көздеп отыр.

Сыртқы және ішкі параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған үш сценарийі (базалық, оптимистік және пессимистік) әзірленді.

«Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасын барреліне $85 деңгейінде және АҚШ долларының есептік бағамын 470 теңге деңгейінде пайдалану ұсынылады. Осы сценарий бойынша жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсуі 3,9%-ды құрайды, оның ішінде 2023 жылы – 4%. Оптимистік сценарий кезінде мұнайдың болжамды бағасы барреліне $110, АҚШ долларының бағамы – 440 теңге деңгейінде анықталды. Экономиканың орташа жылдық өсуі 4,2 % деңгейінде болжануда. Пессимистік сценарийде мұнай бағасы барреліне $60 және ЖІӨ-нің болжамды нақты өсуі орта есеппен 3,5%-ды құрайды», – деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі.

Инфляция барлық сценарийлерде 2023 жылы 7,5-9,5% деңгейінде, 2024 жылы – 4-5% деңгейінде, кейіннен 2025-2027 жылдары 3-4%-ға дейін төмендейді деп белгіленді.

Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем таныған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.

Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.

 

 

Нағашыбай Қабылбек
07.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6670
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6797
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21782
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20393
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23883