Экономикалық өсім, климаттың өзгеруі – Орталық Азияның маңызды мәселесі

Экономикалық өсім, климаттың өзгеруі –  Орталық Азияның  маңызды мәселесі

8 қараша күні Астанада Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-министрлік конференциясы болып өтті. Қазақстанның төрағалығымен өткен бұл жиналыстың мақсаты – Орталық Азия өңірінің интеграцияланған және орнықты дамуын қалыптастыруда Бағдарламаға қатысушы елдер мен халықаралық қаржы институттары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту болды.

 

Қазақстан инвестиция тартуда алда келеді

 

Конференцияға Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакава, ОАӨЭЫ институтының директоры Кабир Джуразода, Еуропалық комиссияның Таяу Шығыс, Азия және Тынық мұхиты бойынша директоры Петерис Устубс, Халықаралық валюта қорының, Дүниежүзілік банктің, Ислам даму банкінің және басқа да қаржы ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан үкіметтік делегациялары қатысты.

Бұл конференцияның негізгі күн тәртібінде мемлекеттердің экономикалық және қаржылық тұрақтылық, инфрақұрылымды дамыту, сауда, энергетика, су ресурстары, декарбонизация және басқа да салалардағы өзара іс-қимылы талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің арнайы тапсырмасымен конференцияға қатысқан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов аталмыш Бағдарламаның Орталық Азия өңірі үшін өзектілігін атап өтті. 20 жылдан астам уақыт ішінде өңірге шамамен $51 млрд инвестиция салынса, оның $9 миллиардтан астамы Қазақстандағы жобаларға бағытталған.

Осыған дейінгі айтылған сенімді деректерге жүгінсек, тұтас Орталық Азия аймағына шетелдерден келетін инвестицияның 70 пайызға жуығы Қазақстанға салынады екен. Бұл, әрине, жақсы көрсеткіш. Осы жерде әлемдік деңгейде, соның ішінде Азияның дамыған экономикалық аймақтарының назары ОА мен Кавказ өңіріне инвестиция салуға ауа бастағандығын айта кету керек. 

Соңғы жылдары Орталық Азия елдері тарапынан тартылған шетелдік инвестицияның деңгейі артып келеді дегенді мақтанышпен айтып жүрміз. Дегенмен негізгісі инвестициялық бағыттар бұрынғысынша энергетика мен ресурстарды дамыту, ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету саласы және жоғары технологиялық салалардың төңірегінде жүріп жатқандығын да ұмытпаған жөн. 

Қазірше басым бағыттар «Жібек жолы экономикасы», «Бір белдеу – бір жол» стратегиясы төңірегінде дамып келе жатыр.

Бұл тақырып төңірегінде пікір білдірген сарапшылардың көбі жоғарыда айтылған саяси тұрақтылық, қауіпсіздік және құқықтық кепілдік жақтарын саралай келіп, Қазақстанды «инвесторлардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алады» деп бағалаған. Дегенмен соңғы жылдары Қытай, Ресей, Түркия елдерінен келетін инвесторлардың біразы Өзбекстанға назар аудара бастады. 

 

Азия даму банкі  Астананы қолдайды 

 

Конференцияда сөз сөйлеген Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакава ОАӨЭЫ басым бағыттары қатарында климаттың өзгеруіне қарсы күресте шешуші іс-қимылдар қабылдау, ерте ескерту жүйелерімен тұрақты инфрақұрылым құру, сондай-ақ цифрлық трансформацияны дамыту және инновациялар енгізу тұрғанын баса айтты. 

Қазіргі таңда «жасыл экономика» бойынша көшбасшы ел ретінде мойындалғандығын да айта кету керек. Бұл еліміздің экологиялық мәселелерді жылдам шешуге, қоршаған ортаны жақсартып, көміртегін көп мөлшерде шығаратын зиянды кәсіпорындарды қысқартуға бағытталған қыруар талпыныстарының нәтижесінде қол жеткізген мәртебесі деп мақтанышпен айта аламыз. Осыдан 3 жыл бұрын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда климат мәселелері бойынша Орталық Азияның Аймақтық хабын құру туралы бастама көтерген болатын.

Сөз кезегінде климаттық мәселелердің ішінде Орталық Азияда су тапшылығының жыл сайын басты проблемаға айналып келе жатқандығын айта кету керек. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл тамызда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Орталық Азияның жаңғыруы: тұрақты даму және өркендеу жолында» атты мақаласында Орталық Азия елдерін су, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ортақ тәсілдерді әзірлеуге шақырып, көптеген маңызды мәселелерді ортаға қойғаны есімізде.

Кезекті конференцияға қатысуға келген мәртебелі мейман Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакава мырза, 8 қараша күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің қабылдауында болды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қаржы институтымен өзара ықпалдастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ банктің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және ұлттық қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.

Өз кезегінде Масацугу Асакава Қазақстанның экономикалық реформалары мен орнықты даму жолындағы табысын жақсы бағалайтындығын айтты. Сонымен қатар банктің Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік саланы жетілдіру және инвестициялық ахуалды нығайту бағытындағы ірі жобаларға қатысуға дайын екенін айтты. 

 

PS: Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-министрлік конференциясына қатысушылар адами капиталды дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларға назар аударатындықтарын жеткізді. Қорытындысы бойынша ОАӨЭЫ Климат және орнықты даму жобаларын дайындау қоры туралы келісімге қол қойылды.

 

 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
13.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 26
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 565
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 680
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 593
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 603

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8740
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8140
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11369
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9122
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10353