Ел экономикасының ертеңі қандай болмақ?

   Ел экономикасының ертеңі қандай болмақ?

    Кез келген елдің бақуаттығы оның экономикасының қаншалықты өркендегендігі деңгейімен өлшенетіндігі мәлім. Осы тұрғыдан алсақ, қалың жұртшылықты: «Жаңа 2023 жылы Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?»,— деген сауалдың жауабы алаңдатары даусыз. Бұл мәселе отандық сарапшылар назарынани да тыс қалмапты. Мәселен, осы тақырып туралы ойын ортаға салған «Ұлағат Консалтинг групп» директоры, экономист Марат Қайырленов: «Өте қолайлы жағдайларға қарамастан, мысалы, 2022 жылы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан жоғары болды немесе 2021 жылғы деңгейден 43 пайыз жоғары еді, олигархтардың қысымын және ірі және орта бизнес үшін рейдерлік тәуекелдерді жеңілдеткен қаңтар оқиғасы, сондай-ақ ресейлік дағдарыс (Ресей Федерациясынан 1,5 мың жаһандық компания кеткен-ді), ЖІӨ өсу қарқыны (қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш) ақпан-маусым айларындағы 5-8 пайыз өсуден кейін қазан айында 20 пайызға дейін күрт төмендеді. Инфляцияның күрт өсуін ескере отырып, халықтың өмір сүру деңгейі айтарлықтай төмендейді, бұл әлеуметтік тәуекелдер деңгейін арттырады. 2023 жылы да қиын болады деп ойлаймын. Ағымдағы тенденцияларға сүйене отырып, 2022 жылы мұнай бағасы төмендейді, сондай-ақ мемлекеттік шығындарды (Екібастұз бойынша, тб.) ескере отырып, ЖІӨ-нің 19-дан 16 прайызға дейін немесе шамамен 6 млрд долларға қысқаруы жоспарлануда. Жағдай негізінен екі фактормен – Ресей-Украина майданындағы жағдаймен және қазақ экономикасының нақты деолигархизациялану жылдамдығы мен құрылған монополияларды жою бойынша нәтижелермен анықталатын болады»,— десе, қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов: «2022 экономика үшін орташа жыл болды. Бастысы — КТК құбыры мәселесі дер едім. Бірақ ол мәселе жыл соңында шешілді. Сонымен бірге, активтерді қайтару жылын көрдік. Заңсыз шығарылған дүниенің бір бөлігі елге қайтты. Ресей арқылы транзит жасамау үшін логистикалық контракттар қайта қаралды. Осы үш бағытпен айналыстық. Енді біз үшін 2023 жыл тамақ пен судың жылы болуы тиіс. Азық-түлік импортына деген тәуелділікті қалай болғанда да азайтуымыз керек. Ең дұрысы, өзіміз тұтынатын азық-түліктің 80 пайызын өзіміз өндіруіміз тиіс. 2023 жылы инфрақұрылымды жаңарту, ескі-құсқының бәрін жөндеу қажет. 2023 жыл оңай болмайды. Бірақ, реформалар дұрыс және дер кезінде жасалса, ол экономикаға өз әсерін тигізуі мүмкін»,— деген уәжін алға тартады. Қалай десек те, «Үмітсіз шайтан»,— дегендейін, Жақсылықтан күдер үзбелік те, ағайын.

Ермек Сахариев
04.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 91
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 611
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 729
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 640
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 650

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8785
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8185
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11413
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9167
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10398