ЕЛАНАСЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» АЯСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

ЕЛАНАСЫ  «АУЫЛ АМАНАТЫ»  АЯСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

«Ауыл аманаты – ел аманаты» атты «АMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,  «Ардагерлер кеңесі» РҚБ, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты, «Qazaqstan dauiri» газеті, «Мөлдір бұлақ» журналының бірлескен экспедициясы Жамбыл облысында

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің Бас директоры, «Елана» қоғамдық қорының президенті Сәуле Мешітбайқызы Жамбыл облысының Меркі ауданына арнайы сапармен барды. 

Сәуле Мешітбайқызы «Ауыл аманаты − ел аманаты» экспедициясының  аясында аудандағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысты. 

Айта кетейік, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу және ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан негізгі жобалардың бірі – «Ауыл аманаты». Бұл  мемлекеттік бағдарлама ауылшаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба ел тұрғындарын агробизнеске тарту және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдауды көздейді. 

Бүгінде Меркі ауданында  «Ауыл аманаты» бағдарламасының 5 бағыты бойынша  Меркі ауданының тұрғындары  жалпы 189 жобаға несие алуға ниет білдірген. Оның ішінде,   61 жоба бойынша құжаттары толық  өткізіліп, қаржыландыру күтілуде. 

Сәуле Мешітбайқызы ауылдықтардың ахуалын арттыруға сеп болған «Ауыл аманаты» аясында өз кәсіптерін бастаған азаматтардың тыныс-тіршілігімен танысты. Осындай азаматтардың бірі – Меркі ауданы Ақарал ауылдық округінің тұрғыны Есжан Уалиев. Ол  «Ахмад Қожа» шаруа қожалығына жетекшілік етеді. Аталған шаруашылық егін шаруашылығымен шектеліп қалмай, мал шаруашылығы бағытын да қатар алып, бие сүтін өндіріп келеді. Сәуле Мешітбайқызы шаруашылық жетекшісімен тілдесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Шаруашылықтың атқарып жатқан ауқымды жұмыстарына оң бағасын беріп, «Ауыл аманаты» жобасының ауыл тұрғындарына берері мол екенін айтты. Адал еңбекті арқау етіп, адал асын тауып отырған азаматтар барда ауылымыздың, еліміздің болашағы жарқын екенін айтып, жастарды осылай адал еңбекке баулудың маңыздылығы туралы тереңнен ой өрбітті.  Сонымен қатар шаруашылық жетекшісін тыңдап, бірқатар мәселені назарына алды. Атап айтсақ, шаруашылық аталған жоба аясында 53 миллион. 730 мың теңгеге  ауылшаруашылығына қажетті техникалар сатып алған. Осы  техникаларға арналған субсидияны алу үшін қажетті құжаттарды толық өткізгенімен,  «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы тарапынан әлі ешқандай төлем жасалынбаған. Осы орайда, жауапты басшылар мен тұлғалардың осы мәселеге назар аударып, оңтайлы шешімін табуы тиіс деп санаймыз. 

Сонымен қатар осы ауылдың тағы бір тұрғыны жеке  кәсіпкер Жұлдыз Малибаева да  «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2 миллион теңге қаржы алып, өз кәсібін бастаған. «Игі» жеке кәсіпкерлігінің жұмысын жолға қойып,  ұлттық нақыштағы киім-кешектер, үйге қажетті мата бұйымдар, сондай-ақ,  мектеп формаларын тігуді мықтап қолға алған. Бүгінде кәсібін әжептәуір дамытып, табысқа шыққан жеке кәсіпкер мұнымен тоқтамайтынын айтады. Қажетті тауарларды Түркия елінен және Алматы қаласынан арнайы алдырып, сапалы өнім шығаруға басымдық беруде екен. Сәуле Мешітбайқызы жеке кәсіпкердің бастамасы бизнес көзімен қатар, ұлттық құндылықтарды насихаттауда да аса маңызды екенін айтты. Кәсіпті ұлттық құндылықтармен үйлестіріп отырған кәсіпкердің ісіне сәттілік тіледі. 

Бұдан бөлек, Сәуле Мешітбайқызы «Ауыл аманаты − ел аманаты» экспедициясының  мақсаты елі ішіндегі осындай ілкімді істерді жарыққа шығарып, көпшілікке насихаттау екенін айтып, ауыл халқының мемлекеттің қолдауларына қол жеткізуіне қолдау көрсету екенін жеткізді.  

НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы
20.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 59
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 113
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 28
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 61
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 113
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 146
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 149
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 138
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 144
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 152
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 145

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11275
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10211
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13457
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12411
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17419