Елнұр Бейсенбаев: "Сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады"

Елнұр Бейсенбаев: "Сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады"

 «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты. Ол іс-шара барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Атқарушы хатшы қазіргі таңда партия өз сайлауалды бағдарламасын әзірлеп жатқанын жеткізді.

«Бұл жұмысқа Мәжілістің экс-депутаттары, партия жанынан құрылған кеңестердің мүшелері, білікті саясаттанушылар, экономистер тартылды. Ал сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады. Партияның Жарғысына сәйкес, бағдарламалық құжаттарды қабылдау Съездің құзырында. Жер-жердегі партияластардың талқылауынан және  сарапшылардың талдауынан өткен сайлауалды бағдарлама алдағы Съезде қабылданады», - деді Е.Бейсенбаев.

Өз кезегінде, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаеваның айтуынша, Сайлау туралы заңға сәйкес, партияның қоғамдық қабылдаулары халыққа көмек беру, кеңес беру жұмысын тоқтатты. Бұл кезеңде партия азаматтардан тек ұсыныс-тілектер жинап, сараптаумен айналысады.

«Азаматтардың талап-тілектері қоғамдық қабылдаулардан бөлек Call-орталықтар, партияның сайты мен электронды поштасы, еgov.kz электронды үкімет порталы, сондай-ақ, WhatsApp мессенжері арқылы қабылданады. Соңғы жеті-сегіз күнде біздің қоғамдық қабылдауларға 500-ге тарта ұсыныс-тілек келіп түсті. Олар партияның сайлауалды бағдарламасын әзірлеу кезінде ескеріледі», - деді Ә.Садырбаева.

Сонымен қатар, Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс сайлауына ұсынылатын партиялық тізім қандай принциптер бойынша жасақталатынын атап өтті. Оның айтуынша, үміткерлерді таңдаудағы басты принцип: ашықтық, әділдік және жаңару.

«Бүкіл процесс ашық өтеді. Біз барлық ұсынысқа ашықпыз, іріктеу процнсі әділ өтеді.  Ең белсенді, білімді, білікті азаматтар осы тізімге енуі керек. Оған қоса, әр түрлі жас өкілдері, жастар, әйелдер, түрлі мамандық иелері болуы тиіс. Өкілеттілік дегеніміз осы. Бұған қоса, партия тізімдерінде жаңа есімдеркөп болады», - деді Атқарушы хатшы.

Бүгінде жер-жерде сайлау штабтары құрылып, партия белсенділері мен еріктілері алдағы үгіт жұмысына қызу дайындықты бастап кетті.

«Біз ашық та тартысты бәсекеге дайынбыз. Бағытымыз – Әділетті Қазақстан, мақсатымыз – мемлекеттің тұтастығы, Тәуелсіздіктің баянды болуы», - деп түйіндеді Е.Бейсенбаев.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінде «AMANAT»-тың 243 қоғамдық қабылдау орталығы жұмыс істейді. Былтыр бұл орталықтарға 134 мың адам мұң-мұқтажын, арыз-шағымын айтып келген. Олардың 90%-ының мәселесі оң шешілсе, қалған 10%-ның арыз-шағымы қаралып жатыр. Бұдан өзге, былтыр 984 ауылдық елдімекенде 744 көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 7,4 мың өтінім келіп түсті. Олардың үштен бірі дереу шешілсе, 60%-ы бойынша мәселені заң аясында шешу жолдары түсіндірілді, ал қалған 9%-ы қазіргі таңда орындалу үстінде.

Суретті түсірген Әли Ғалым

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
28.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541