Елорда – егемендік символы

Елорда – егемендік символы

1997 жылдың 20 қазанында ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев астананы Ақмолаға көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Алатаудың бөктеріндегі әсем қала Алматыда қоныстанған мемлекеттік органдар 10 қазаннан бастап Сарыарқа даласына көш түзеді. 1998 жылдың 6 мамырында сол кездегі ел президентінің Қаулысы бойынша, Ақмола атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы 10 маусымда әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Ал 2019 жылдан бері қала Нұр-Cұлтан деп аталып келеді.

Негізінде 1994 жылдың 6 шілдесінде ҚР Республикасының Жоғары Кеңесі астананы ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Сол уақыттан бастап астананы көшіру жұмыстары жүргізіле бастады. Ерке есіл жағасы алып құрылыс алаңына айналды. Құрыш қолды құрылысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында аз ғана  жылдың ішінде жас қала – астананы әлем мойындады. 24 жыл бұрын 290 мыңдай ғана тұрғыны болған шағын қала бүгінде 1 млн 200 мыңнан астам халқы бар шырайлы шаһар.

Қазақ астаналары тарихына көз салсақ, олрталықты Ақмола-Қараөткелге көшіру туралы Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласында: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» деп жазған екен. Сонымен қатар Польша ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушы, поляк революционері Адольф Янушкевич те «Ақмола, мәселен, бүкіл қазақ даласының болашақ астанасы» деп тұжырым жасағаны туралы тарихи деректер бар.

Қалай десек те қазақ елінің астанасының ауысуы тарихи шешім Елбасының еңбегі, тәуелсіздік тарихы. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тәуел­­сіздік дәуірі» кітабында: «Қа­зақ­станның жаңа астанасының жо­басы кездейсоқ пайда болған жоқ. Тәуелсіздік алған күннен бас­тап жаңа жағдай, сол жағдай ерек­шеліктерін көлденең тартқан мүл­де басқа мемлекеттік ахуал қалып­тас­ты. Қазіргі уақыттың шындығы мен бірқатар геостратегиялық фак­­торлар бізді өз геосаяси кеңіс­ті­гі­мізді қайтадан қалыптастыру про­цесіне жаңа көзқараспен қарау­ға мәжбүрледі» деп жазды. Елдің стратегиялық мүдделері де орталықты көшіру туралы идеялар пайда болған алғашқы жылдары жазылды. Таңдау 32 өлшем бойынша жасалды. Басты көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық, климат, ландшафт, сейсмикалық жағдайлар, қоршаған орта, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның болуы, әрі оны дамытудың келешегі, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және басқа да өлшемдер зерттеліп зерделенді.

Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстан астанасы 1999 жылы  ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағын иеленіп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Нұр-Сұлтан қаласы (Астана) барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Қалада астана мәртебесіне лайық түрлі халықаралық деңгейдегі шаралар ұйымдастырылып, ЕҚЫҰ саммиті, 7-ші қысқы Азиада ойындары,  әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері,  EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі және тағы да басқа іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТ ҚҰШАҒЫНДА
Тараз қаласының әкімдігі - 09.10.2024 24
ҚҰДАЙ-АУ, ҚАЙДА СОЛ ШАЛДАР?!
Бауыржан Омарұлы. Онлайн Қазақстан - 09.10.2024 67
 ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ЕҢ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.10.2024 63
КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНДА 4 ҚАЗАНДЫҚТЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.10.2024 58
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.10.2024 64
Абысын-ажындар сахнада сайысты
Кәмила САПАРХАЙЫР, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы Іле ауданы филиалының төрайымы - 25.09.2024 1002
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 842
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 883
530 өлең жолынан  тұратын кітап
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 25.09.2024 820
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 853

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 5837
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5279
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8460
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6266
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7478