Алматыда Бірінші Баку Түркология Құрылтайының 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтуде

Алматыда Бірінші Баку Түркология Құрылтайының 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтуде

2026 жылғы 21 мамырда Қазақстанның мәдени және ғылыми орталықтарының бірі – Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Бірінші Баку Түркология Құрылтайының мұрасы және XXI ғасырдағы Түркі әлемі» атты Халықаралық түркологиялық конференция өз жұмысын бастады.

Конференция Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Түркі академиясы, ТҮРКСОЙ, Түрік лингвистикалық қоғамы, Баку мемлекеттік университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бірлескен бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Аталған іс-шара 2025 жылғы 7 қазанда Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Мемлекет басшылары кеңесінің XII Саммиті аясында берілген Бірінші Баку Түркология Құрылтайының 100 жылдығын атап өту жөніндегі тапсырмаға сәйкес өткізілуде.

Ауқымды ғылыми-мәдени платформаның басты стратегиялық маңызы – түркология ғылымының іргелі тарихи жетістіктерін қазіргі жаһандық және цифрлық сын-қатерлер аясында қайта пайымдау, сондай-ақ түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми ықпалдастықтың институционалдық тетіктерін нығайту болып табылады.

Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатымен ашылды. Мемлекет басшысының үндеуін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқып берді.

Іс-шараның ашылу салтанатында құрметті қонақ ретінде сөз сөйлеген Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова 1926 жылы дәл Баку қаласында өткен Бірінші Түркология Құрылтайдың ортақ тіл, тарих, мәдениет және рухани мұраны жаңа ғылыми деңгейге көтеруде, сондай-ақ заманауи түркі интеграциясының берік негізін қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Қор Президенті түркі мемлекеттерінің халықаралық ұйымдарының ортақ рухани мақсаттар жолындағы күш-жігерін біріктіруі және мазмұнды ғылыми-мәдени жобаларды жүзеге асыруы – Түркі әлемінің мызғымас бірлігі мен ғылыми жаңғыруының айқын көрінісі екенін ерекше айтты.

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түрік лингвистикалық қоғамының төрағасы Осман Мерт, Баку мемлекеттік университетінің ректоры Эльчин Бабаев және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев өз сөздерінде 1926 жылы Баку қаласында өткен Бірінші Түркология Құрылтайының тарихи маңызын ерекше атап өтті.

Конференцияның ашылу рәсіміне Түркі әлемінің халықаралық ұйымдарының басшылары, белгілі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

22.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25288
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24787
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42218
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38073
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42557