Ескі құмыра

Ескі құмыра

Үш мыңнан аса жәдігері бар Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейі ата-бабамыз жүріп өткен талайғы тарихты жас ұрпаққа танытумен келеді. Музейдегі әрбір экспонаттың өзіндік құндылығы бар. Айталық, археология залында тұрған мына құмыра VІІ-ХІІ ғасырларға тән. Шөлтөбе өңірінен табылған қыш құмыраның биіктігі – 31 см. Ал, салмағы – 28 келі. Қолдан құйып жасалынған көшпенді халқымыздың осынау қолөнері тұрмыста ыдыс ретінде пайдаланылғаны анық. Жазда су құйып, қыста тоңазытқыш ретінде қолданылған үлкен құмыра музейге келушілерді ерекше қызықтырады.

Тері кесте

Кезінде апа-әжелеріміз өрнектеп кесте тіккенін бәріміз білеміз.  Ал, Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі мына бір кесте өте ерекше. Ерекшелігі сол, ол мал терісін өңдеп, бетіне түрлі-түсті жіптермен әрлеп тігілген. Кестенің 200 жылдық тарихы бар. Мамандардың айтуына қарағанда, кестеге сиыр малының терісі қолданылған. Оның бетінде гүлдер мен жапырақ суреті бейнеленген. Ерекше туындыны Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылған 2010 жылдары көрші Жамбыл ауданының тұрғындары сыйға тартқан. Кестенің көлеміне келсек, ұзындығы – 30, ені 30 сантиметрді құрайды. 

АЙДАНА ШОТБАСОВА, Жамбыл облысы Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 391
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 388
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 404

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13476
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13451
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28568
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27246
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30753