Газ саласының дамуына не кедергі?

Газ саласының дамуына  не кедергі?

Сейсенбі күні Мәжілісте «Газ саласын дамыту перспективалары» тақырыбында Үкімет сағаты болды. Вице-спикер Балаим Кесебаеваның төрағалығымен өткен жиында коммерциялық жағынан тартымды газ нарығын қалыптастыру, газ саласын дамыту мәселелері мен тәуекелдерді айқындау және оларды шешу жолдары талқыланды. 

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов ел ішінде газ тұтыну 2017 жылдан бері жыл сайын орта есеппен 7 пайызға өскенін айтты. «Сонымен қатар газ тасымалдау инфрақұрылымының тозуы, өңірлерді газдандырудың төмен деңгейі, саланы реформалау қажеттігі және басқа да мәселелерге байланысты қазіргі газ бағасын ұстап тұру тиімсіз, шығынды  ақтамайды», – деді министр. Егер шұғыл шаралар қабылданбаса, газ экспорты 2023 жылы тоқтап, салада дағдарыс болуы мүмкін екенін айтты ұлттық оператор – «Qazaqgaz» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы      Санжар Жаркешов.

Өздеріңізге белгілі, «газ 50» ұранымен басталған қаңтар толқулары кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев газ бен жанар-жағармай бағасына шекті бағалар енгізуді тапсырған болатын. Сөйтіп, Үкімет газ бағасына 1 шілдеге дейін, яғни 180 күндік шектеу шарасын енгізді. Нәтижесінде зауыттың өзінен газдың бір литрі 16 теңгеден шартты сатылу бағасы бекітілді.

– Мұндай өте төмен баға сақтала берсе, өндірісті көбейтуге ешқандай ынталандыру болмайды. Өйткені қазіргі бағалар газды шығаруға кететін шығыннан да төмен болып отыр. Қазіргі таңда сұйытылған газдың орташа бағасы бір тоннасына 28 мың теңге. Бұл, әрине, өзіндік құнын ақтамайды. Бекітілген баға 28 мың теңге болса, өзіндік құны 60-90 мың теңгенің арасында құбылады, әр зауытта әрқалай. Сондықтан біз оны шамамен көтеруіміз керек. Келесі 180 күндікке сұйытылған газдың бағасы сәл өсуі мүмкін – 20 пайыздан артық емес. Жанармай құю стансаларындағы бағаны бүкіл құзыретті органдар бақылауына алады. Бағаны негізсіз көтеруге жол берілмейді. Ондай фактілер бойынша тиісті шаралар қолданылады», – деді Энергетика министрі Б. Ақшолақов. 

Атап айтар болсақ, Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22-орында, ал ТМД елдерінің арасында Ресей мен Түрікменстаннан кейін 3-орында. Егер табиғи газды тиімді пайдалана алсақ, әлемдік экономикада оның маңызы зор. Бірақ бағаны тежеу саясаты газ саласының дамуын тежеп отыр дейді министр. Ол осыған байланысты «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға түзетулер енгізу мәселесін көтерді. 

– Бүгінде көгілдір отынды елден шығару бойынша көлеңкелі экспорт тыйылмай отыр. Соның салдарынан тапшылық туындап, баға көтеріледі. Ал қазіргі таңда сұйытылған мұнай газының ішкі нарықтағы айналымы мен оның экспортын жедел бақылауға министрліктің құзыры жоқ. Осыған байланысты бірқатар шараларды іске асыру жоспарланған. Сұйытылған газды міндетті түрде тасымалдау жолқұжаты алынатын тауарлар тізіміне енгізу керек. Оны сататын жанар-жағармай стансаларының кассалық чектерді беру міндеті де күшейтіледі, – деді Болат Ақшолақов. Яғни Энергетика министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп Қазақстандағы сұйытылған мұнай газының айналымын бақылап, көлеңкелі экспорттың алдын алуды қамтамасыз етпек. 

Қазір ЕЭО елдері ішінде Қазақстанда газ бағасы төмен. Ресейге қарағанда екі есе, Қырғызстанмен салыстырғанда тұтыну бағасы төрт есе төмен. Бұл да ел ішіндегі баға нарығына әсер етпей қоймайды. Егер Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығына кіретін болса, соған дейін отандық табиғи газ бағасын көтеру керек. Себебі 2025 жылы Қазақстан ЕЭО-тың ортақ газ нарығына кіру мәселесі туындауы мүмкін деген болжам бар. 

– Ортақ нарыққа кірген елдер бір-бірінен газ сатып ала алады. Демек, қазіргі біздегі төменгі баға сақталса, газымыз көрші елдерге кетіп қалуы мүмкін. Бағаны көтеру арқылы мемлекет мүддесін қорғаймыз, – дейді Санжар Жаркешов. 

Ал депутат Ғалым Әміреев: 

– Біз бір нәрсені ұмытып отырмыз. Жаңаөзенде газ бағасына наразылықтан басталды бәрі. Жауапкершілікті 3-4-ақ адам артып кетті. Министрліктен бір адам жауапкершілікке тартылды дегенді мен естіген жоқпын. Біз онсыз да КТК проблемасы болғанда түсіндік. Барлық экспорттық мұнай бағыты Ресейге тәуелді. Енді газға тәуелді қылайын деп отыр. Біз неге оны мақұлдауымыз керек? – деп ашуланды.

Үкімет сағатында депутат Ғани Хамзин: 

– Өңірлердің көбінде халық сұйытылған газды тұрмыстық газ баллонына құйып пайдаланады. Оларға газдың 1 литрі 116 теңгеден сатылады. Мұны жанармай құю стансаларындағы сұйытылған газ бағасымен салыстырсақ, шамамен 2 есе қымбат. Мұндай әділетсіздік қашан жойылады? – деп, сұйытылған газ тұтынушылардың құқықтарын теңестіру жөнінде сауал қойды. 

Министр Болат Ақшолақов шынымен де жанармай ретінде сатылатын газ бен баллонға құйып сатылатын газдың бір зат екеніне тоқталып: 

–  Бұл мәселені көптен бері талқылап келе жатырмыз. Біз мұны біріздендіреміз. Яғни баға теңестіріледі. Газды баллонға құйып пайдаланушылар үшін де баға жанармай құю стансаларындағыдай болады. Демек 1 литрі 50 теңгеден 75 теңгеге дейін болуға тиіс, – деді.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9043
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9429
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646