Кәсіпкерлер құқын қорғау – іскерлікке жол ашады

Кәсіпкерлер құқын қорғау – іскерлікке жол ашады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте кәсіпкерлерді заңсыз алым-салықтан қорғау мәселесіне тоқталған болатын. «Заңсыз алым-салықтан әбден қажыған инвесторлар мен кәсіпкерлер үнемі шағым айтуға мәжбүр. Әсіресе, мұндай ахуал кеден және құрылыс саласында белең алған. Біз бұған мүлдем жол бермеуіміз керек», деп іскерлікке кедергі келтіретін белден басқан әрекеттерге тыйым салуды тапсырған еді.

Халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпалы зор кәсіпкерлікке кең өріс ашу жолындағы кедергілермен күресуге назар аударған Мемлекет басшысы «Азаматтар мен кәсіпкерлерге пайдасы тиетін нақты өзгеріс жасауға тиіспіз. Сондықтан, менің тапсырмам бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы әзірленді. Жалпы, тұжырымдамада сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған ауқымды шаралар қарастырылған», деді. Міндеттелген тапсырма Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облысымыздағы департаментінде жүйелі түрде қолға алынған.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Болат Жылқыбаев жеке қабылдау өткізіп тұрады. Сондай қабылдаудың біріне келген жеке кәсіпкер Г.Көпбаева 2021 жылдан бастап «Quyrdaq burger» автолавкасын электр қуатына қоса алмай жүргенін айтқан. Аталған мәселенің себеп-салдарын анықтау мақсатында «Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық шартын және тұтынушы мен электржелілік тұтынушы арасындағы теңгерімдік тиесілік пен пайдалану жауапкершілігін ажырату туралы актісін облыстық полиция департаментінің техникалық жабдықтау басқармасы мен «Тараз қалалық электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапты мамандарының қатысуымен зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сүйемелдеуімен облыстық полиция департаменті балансындағы ТП-342 «В» электр трансформаторына электр энергиясына қосу туралы «Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық шартына және тұтынушы мен электржелілік тұтынушы арасындағы теңгерімдік тиесілік пен пайдалану жауапкершілігін ажырату туралы актісіне қол қою арқылы мәселе оң шешімін тапты.

Тағы бір кәсіпкер облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жергілікті атқарушы органдардың жер телімінің нысаналы мақсатын балық шаруашылығына ауыстыруына кедергі келтіргендігі туралы уәжін айтқан.

– Кәсіпкердің өтінішін қарау барысында облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының берген жауабына сәйкес, оның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым алқабында балық шаруашылығын жүргізуі еліміздің заңдарына қайшы еместігі, оған қоса Шу-Талас бассейндік инспекциясы жер телімі мақсатын балық шаруашылығын жүргізуге ауыстыруға келісім бергендігі белгілі болды. Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту себептерін егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан әкімдік өкілдерімен және «Дорожник» саяжайының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында тұрғындардың кәсіпкердің балық шаруашылығын жүргізуіне су басып кетуі мүмкін деген күмәнмен қарсылық білдіргендері анықталды. Дегенмен, кәсіпкер мен тұрғындар арасында келіссөз жүргізіліп, олардың көпшілігімен жердің нысаналы мақсатын ауыстыруға қарсы еместігі туралы келісімге келдік. Осылайша, кәсіпкердің өтініші оң шешімін тапты, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаментінің превенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров.

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында: «Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады. Балық шаруашылығына да ерекше мән берген жөн. Қосымша құн қалыптастырудың өзегі саналатын ірі жобалар маңызды рөл атқаруға тиіс. Вертикальді кооперация аясында жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдаланған абзал. Жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабтарын құруға жұмылдыру керек», деген болатын. Жолдау жүктеген осындай нақты тапсырмалар ел ішінде жүзеге асырылса, халықтың игілігіне жарайтыны анық. Ендеше, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен оң шешімін тапқан кәсіпкерлер ісінің де өңірде жұмыс көздерінің ашылып, экономиканың өркендеуіне үлесі мол болады деген ойдамыз.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА
09.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 107
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 108
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 215
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 434
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 398

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9091
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8489
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11717
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9482
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10697